Об утверждении Правил проведения жеребьевки о включении наименований политических партий в избирательный бюллетень
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения жеребьевки о включении наименований политических партий в избирательный бюллетень
- Атауы (қаз.)
- Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15/214
- Қабылданған күні
- 12.07.1999
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2015 AI3541_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V990000844_
- ЭКБ идентификаторы
- 3541
- Редакция идентификаторы
- AI3541_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:02
0 Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
📌 Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 23.12.2015 № 45/78 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің ұсынылған Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
3 Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесі
Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының 1999 жылғы
13 шілдедегі N 15/214 қаулысымен
бекітілген
Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесі
1. Саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атаулары жеребе арқылы анықталған ретпен енгізіледі.
2. Жеребе тарту Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Орталық сайлау комиссиясы) отырысында өткізіледі.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 23.12.2015 № 45/78 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.