Ақбұлақ селолық округінің Шілекті жайлауы аумағынан шектеуді алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Шілекті жайлауында ірі қара малдарының арасында құтыру ауруының тоқтағанына байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақбұлақ селолық округінің Шілекті жайлауы аумағынан шектеуді алу туралы от 05.10.2007 г. № 163 (Ақбұлақ селолық округінің Шілекті жайлауы аумағынан шектеуді алу туралы)
1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі 147 «Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округі бойынша ірі қара малы арасында құтыру ауруы тіркелуіне байланысты Шілекті жайлауы аумағына шектеу салу туралы» қаулысымен Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Шілекті жайлауына ірі қара-малы арасында құтыру ауруының тіркелуіне байланысты салынған шектеу алынсын.
2. Ақбұлақ селолық округінің әкіміне (Уржанов), Шыңғырлау аумақтық инспекциясымен (Досказиев), Шыңгырлау аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен (Сабиров), Шыңғырлау аудандық аумақтық медициналық бірлестігімен (Қалмен) бірлесе отырып, осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.А.Манкеевке жүктелсін.