Об организации и проведении обязательного страхования от чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера в Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и проведении обязательного страхования от чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера в Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысында табиғи және техногендік түрдегі төтенше жағдайларынан міндетті сақтандыруды өткізу мен ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 85
- Қабылданған күні
- 24.05.1999
- Көрсетілген редакция
- 24.05.1999 3543_259262.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99C000132_
- ЭКБ идентификаторы
- 3543
- Редакция идентификаторы
- 3543_259262
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:08
0 Ақтөбе облысында табиғи және техногендік түрдегі төтенше жағдайларынан міндетті сақтандыруды өткізу мен ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты – Ақтөбе облыстық әкімінің 07.06.2005 № 4-5/1648 хаты.
Табиғи және техногендік апаттардың туу қауіптілік мүмкіндігі аумақтар мен облыс тұрғындарын төтенше жағдайлардан қорғауын ерекше талап етеді. Өткен 1998 жылы Ақтөбе облысында 983 шұғыл оқиға болды, материалдық зиян 50,3 миллион теңге құрады, 764 адам азапқа ұшырады, 173 адам қаза тапты.
"Табиғи және техногендік түрдегі төтенше жағдайлар туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Заңды күші бар "Сақтандыру туралы" сәйкес, сонымен қатар мекемелерге, кәсіпорындарға және жеке азаматтарға мүлік пен жылжымайтын мүліктің шығындарын кепілдік төлеу мақсатында Ақтөбе облысының Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы (Крутько С. В.) сақтандыру,
компанияларымен бірлесе отырып "Табиғи және техногендік түрдегі төтенше
жағдайлар туралы" Заңының 18 бабына сәйкес жұмыс бабы табиғи және техногендік түрдегі төтенше жағдайларына байланысты облыс аумағындағы мекемелер мен кәсіпорындар үшін міндетті сақтандыру ұжымдастырып өткізсін.
2. Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдері, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағалары төтенше жағдайлар пайда болу мүмкіншілігі бар кәсіпорын басшыларының өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша олардың қаржы және материалдық ресурстардың қалыптасуы, шұғыл жағдайларда іс-қимыл жасау, төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс күштері мен құрамдарын құру және дайындықты ұстау үшін жеке жауапкершілігін ерекше атап, жеткілікті шара алуларын талап етсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау Ақтөбе облысы Әкімінің бірінші
орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.