Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О проведении подготовительных мероприятий по учету плательщиков местных налогов

Өзге акт · № 01-19 · қабылданған 29.01.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3553/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О проведении подготовительных мероприятий по учету плательщиков местных налогов Күшін жойған 29.01.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О проведении подготовительных мероприятий по учету плательщиков местных налогов

Күшін жойған Өзге акт № 01-19 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении подготовительных мероприятий по учету плательщиков местных налогов
Атауы (қаз.)
Жергілікті салық төлемшілерін есепке алу бойынша дайындық шараларын жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01-19
Қабылданған күні
29.01.1999
Көрсетілген редакция
29.01.1999 3553_248159.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99C000069_
ЭКБ идентификаторы
3553
Редакция идентификаторы
3553_248159
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:21
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жергілікті салық төлемшілерін есепке алу бойынша дайындық шараларын жүргізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылджы - Ақтөбе облысы әкімінің 12.12.2001 № 347 өкімімен.

1

Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N2235 жарлығына сәйкес жергілікті салық төлемшілерінің есебін сапалы жургізу, 1999 жылы бюджетке салықты мерзімінде және толық түсіру мақсатында жергілікті салық төлемшілерінің есебін жүргізу жөніндегі дайындық шаралар жоспары қосымшаға
сәйкес бекітілсін.

2 Облыс әкімінің 29 қаңтардағы 1999 ж

№ 01-19 өкіміне қосымша
Жергілікті салық телемшілерін есепке алу бойынша 1999 жылға дайындық шараларын жүргізу жоспары
Реттік саны
Шаралар аты
Орындалу
мерзімі
Атқарушылары
1.
Салық комитеттері қызметкерлерін мүлік, жер, көлік салыктарын есептеу және олардың есебін жургізуге, бұл жұмыстың әдіс, тәсілдерін үйрену, заң актілерін зерделеуге дайындау жөнінде семинарлар, кеңестер,
арнаулы сабақтар өткізу
1.02.99
Облыс бойынша салық
комитеті, қала, аудандар
бойынша салық комитеттері
2.
Облыс салық комитеттерін нұсқаулық құжаттар, қатаң есептері бланкалар, басқа да қажетті материалдармен қамтамасыз ету
1.03.99
Облыс бойынша салық
комитеті
3.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
кәсіпорындар басшылары мен тұрғындарға
салық есебін жүргізу, мүлік, жер, көлік салыктарының төлену реті және мерзімдері туралы, салық жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік жөніндегі Ережені жеткізу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу
үнемі
Облыс бойынша салық
комитеті, қала, аудандар
бойынша салық
комитеттері
4.
Жеке автокөліктері бар тұлғаларды бұқаралық
ақпарат кұралдары арқылы салық мөлшері, төлеу тәртібі жайлы хабардар ету, сондай-ақ салық төлемдерін қабылдаушы қаржы-несие мекемелеріне салыктың мөлшерін есептеу және төлеу мерзімдерін таблицалар түрінде жеткізіп отыру
1.02.99
Облыс бойынша салық
комитеті, қала, аудандар
бойынша салык
комитеттері
5.
Салық инспекторларының жұмыс атқаратын салық учаскелерінде аталған салық түрлерін есептеу жөніндегі жұмыстарына бақылау - тексерістер жүргізіп отыру
1.04.99
Облыс бойынша салық
комитеті, қала,аудандар
бойынша салық
комитеттері
6.
Салық салу бойынша облыстың 2-3 аудандық, қалалық салық комитеттерінде дайындық шаралардың жүру барысын тексеру
1.04.99
Облыс бойынша салық комитеті
7.
Жергілікті салықтарды есептеу жөнінде дайындык шараларының орындалу барысы жайлы облыстық салық комитетінің басшылығының қарауына ұсыну
15.05.99
Облыс бойынша салык
комитеті
8.
Салық есептеу және жинау бойынша жасалған
жұмыстар қорытындысын облыс бойынша салық комитетінің басшылығында қарау
25.06.99
25.10.99
Облыс бойынша салық
комитеті
9.
Салық комитеттері, Ішкі істер басқармасының жол полициясы, "Қозғалмайтын мүлік жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсіпорыны және жер қатынастары жөніндегі комитетімен бірлескен кеңес өткізу
1.03.99
Облыс бойынша салық
комитеті, қала, аудандық
салық комитеттері, жол
полициясы, "Қозғалмайтын
мүлік жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсіпорыны, жер қатынастары жөніндегі комитеті
10.
Салық комитеттеріне:
1) жол полициясы органдары – жеке пайдалануға, сенімді басқару, шаруашылық жүргізу немесе жедел баскаруға құқылы мемлекеттік есепте тұратын көліктері бар, олардың пайдалану уақыты және техникалық бақылаудан өту кестесі көрсетілген жеке тұлғалар тізімін
1.04.99
Жол полициясы органдары
2) әлеуметтік камсыздандыру мекемелері мен
әскери комиссариатгары - салық жеңілдіктерін беру үшін мәліметтерді
1.04.99
Еңбек және халықты
әлеуметтік жағынан
қорғау басқармасы және
әскери комиссариаттар
3) сәулет, жер ресурстарын басқару жөніндегі ұйымдар - үй салу, жеке шаруашылықты жүргізу, бау-бақша салу, тағы да басқа мақсаттарға бөлінген және қайта тіркелінген жер учаскелері туралы мәліметтерді
1.04.99
Түрғын үй құрылысы,
сәулет және аумақтарда
құрылыс салу басқармасы,
жер ресурстарын басқару
жөніндегі комитет
4) "Козғалмайтын мүлік жөніндегі орталығы"
мемлекеттік кәсіпорыны -жеке тұлғалардың үйлерінің бағасы туралы мәліметтерді
1.04.99
"Қозғалмайтын мүлік
жөніндегі орталығы"
мемлекеттік кәсіпорыны
5) бау-бақша серіктестіктері мен гараж кооперативтері - бөлінген жер учаскелері бар мүшелерінің тізімін, нақтылы жер көлемінің мөлшерін, жер учаскесінің нөмірін,тұрақты мекен жайы көрсетілген мәліметтерді
1.04.99
Бау-бақша серіктестіктері
мен гараж кооперативтері
6) жеке меншік пәтер иелері кооперативтері – өз карамағындағы учаскелеріндегі меншігінде пәтерлері бар тұрғын - үй-иелері жөнінде мәліметтерді
1.04.99
Жеке меншік пәтер иелері кооперативтері
7) қалалық, аудандық, селолық әкімшіліктері – жаңадан берілген жер учаскелері жайлы мәліметтерді беріп туруға міндеттеу.
1.04.99
Қалалық, аудандық селолық әкімшіліктер