Қолданыстағы ред. 24.09.2007 (Редакция 35547_301164.kaz)

Кентау қаласы Байылдыр елді мекенінде бруцеллез ауруының пайда болуына шектеу қою туралы от 24.09.2007 г. № 296 (Кентау қаласы Байылдыр елді мекенінде бруцеллез ауруының пайда болуына шектеу қою туралы)

0

Кентау қаласы Байылдыр елді мекенінде бруцеллез ауруының пайда болуына шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 3аңының 10-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына және бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Ж.Чокановтың 2007 жылғы 05 қыркүйектегі № 2-5/345 ұсынысына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Кентау қаласы Байылдыр елді мекенінде адамдар мен малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты эпидемиялык, эпизоотиялық зерттеу мен сараптаудың нәтижесіне сай, Кентау қаласы Байылдыр елді мекенінде бруцеллез ауруынан толығымен сауықтырылғанша шектеу қойылсын.

2

2. Кентау қаласы Байылдыр елді мекенінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кентау қалалық аумақтық инспекциясының бастығы С.Бекбосыновқа (келісімі бойынша) сауықтыру іс-шараларын жасап, олардың атқарылуына бақылау жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланганнан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

4

4. Осы қаулының орындалуын қадағалау қала әкімінің орынбасары Б.Рысбаевқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министірлігі
Кентау қалалық аумақтық
инспекциясының бастығы С.Бекбосынов