Жаңажол ауылдық округінің «Қараоба» нүктесінде қой малдарынан брадзот ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы
Аудан көлемінде қой малдарынан братзот ауруының шығуына байланысты шектеу алу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас ветеринариялық инспекторының 2007 жыл 24 қазандағы ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының 2002 жыл 10 шілдедегі №339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сүйене отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жаңажол ауылдық округінің «Қараоба» нүктесінде қой малдарынан брадзот ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы от 28.10.2007 г. № 286 (Жаңажол ауылдық округінің «Қараоба» нүктесінде қой малдарынан брадзот ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы)
1. Жаңажол ауылдық округіне қарасты «Қараоба» нүктесінде қой малының братзот ауру шығуына байланысты, ауру ошағы деп танылғандықтан шектеу белгіленсін.
2. Ауру ошағы табылған «Қараоба» нүктесіне шектес жатқан елді-мекендерге аурудың таралмауының алдын-алу шараларын жүзеге асыру Жаңажол ауылдық округінің әкіміне /Т.Габдушев/ және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясына /Н.И.Құтхожин келісім бойынша/ тапсырылсын.
3. «Қараоба» нүктесінен мал өнімдерін шығаруға және басқа жерден әкелуге тиым салынсын.
4. Казталов аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы /Т. Хайдаров келісім бойынша/ және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің «Казталов ауданының Жалпақтал аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны /Е.Рабаев келісім-бойынша/ ауырған малдармен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, тиісті шараларын алсын.
5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Садбековке жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Құтхожин Нүредден Ихсанұлы /келісім бойынша/
КЕЛІСІЛДІ
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің Казталов ауданының Жалпақтал аудандық ауруханасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорның директоры Рабаев Есенгельді Байзоллаұлы /келісім бойынша/
КЕЛІСІЛДІ
Казталов аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Хайдаров Талғат Қалиханұлы /келісім бойынша/