Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О реорганизации отдела по координации языковой политики при акиме области

Өзге акт · № 74 · қабылданған 11.04.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3558/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О реорганизации отдела по координации языковой политики при акиме области Күшін жойған 11.04.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О реорганизации отдела по координации языковой политики при акиме области

Күшін жойған Өзге акт № 74 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации отдела по координации языковой политики при акиме области
Атауы (қаз.)
Облыс әкімі жанындағы тіл саясатын үйлестіру бөлімін қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
74
Қабылданған күні
11.04.1999
Көрсетілген редакция
11.04.1999 3558_253537.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99S000087_
ЭКБ идентификаторы
3558
Редакция идентификаторы
3558_253537
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:14
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыс әкімі жанындағы тіл саясатын үйлестіру бөлімін қайта ұйымдастыру туралы

📌 Ескерту.
Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 29.07.2000 № 17 шешімімен
Солтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңды орындауды, тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және мемлекеттік тілді колдану аясын кеңейту бағытында көзделген жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Облыс әкімі жанындағы тіл саясатын үйлестіру бөлімі облыстық мемлекеттік тілді енгізу комитеті болып қайта ұйымдастырылсын және кызметкерлер саны облыстың басқару органдарының жалпы санын кысқарту есебінен екі штаттық бірлікке арттырылсын.

2. «Облыстық мемлекеттік тілді енгізу комитеті» мемлекеттік мекемесінің Ережесі 1-ші қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Облыстық мемлекеттік тілді енгізу комитетінің құрылымы және штаттық кестесі 2-ші қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. Облыстық қаржы басқармасы (Сутулов Ф.Ф.) облыстық мемлекеттік тілді енгізу комитетіне оның штаттық кестесін ескере отырып қосымша қаржы бөлсін.

5. Облыс әкімінің 1997 ж. 19-шы тамызындағы № 179 «Облыстық тіл саясатын үйлестіру бөлімі туралы» шешімі өз күшін жойды деп есептелсін.

6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.П.Никандровқа жүктелсін.

7 Облыс әкімінің

1999 ж. 12 сәуір № 74
шешіміне 1-ші қосымша
«ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЕНГІЗУ КОМИТЕТІ» Мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ КАҒИДАЛАР

1.1. «Облыстық мемлекеттік тілді енгізу комитеті», бұдан әрі «Мекеме» деп аталады, жедел басқару құқында дараланған мүлігі бар және өзінің міндеттемелері бойынша сол мүлігімен жауап беретін, өз атынан мүлік сатып алуға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқы мен жауапкершілігін жүзеге асыруға, сот алдында талапкер және жауапкер болуға құқы бар, өзіндік есеп шоты, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және мемлекеттік тілде өзінің атауы суреттелген мөрі, мөртабандары бар, Қазақстан Республикасы банкілерінде есеп-шот аша алатын заңды тұлға болып табылады.

1.2. Облыс әкімі, бұдан әрі «Құрылтайшы» деп аталады, «Мекеменің» жедел басқаруына берілген мүліктің иесі болып табылады.

1.3. «Мекеме» мүлік иесінің есебінен қаржыландырылады және заң актілерімен бекітілген аумақта, өз қызметінің мақсатына, мүлік иесінің тапсырмаларына және мүліктің тағайындалуына сәйкес сол мүлікті иелену, қолдану мен басқару кұқын жүзеге асырады.

1.4. «Мекеме» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Құрылтайшының қаулылары мен нормативтік актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

1.5. «Мекеме» облыс әкімінің 1999 ж._______ _________ № ____ шешімнің негізінде қайта тіркелген және Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңдары мен осы Ереженің негізінде қызмет етеді.

1.6. «Мекеме» инд. 642030 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл каласы, Ленин көшесі, 58-ші үйде орналаскан.

2. «МЕКЕМЕНІҢ» МАКСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. «Мекеменің» негізгі мақсаты Солтүстік Қазақстан облысында біртұтас тіл саясатын жүргізуді қамтамасыз ету, облыстык мекемелер мен ведомстволардың, аудандық және қалалық әкімшіліктердің, барлық меншік (түрлеріндегі ұйымдар мен мекемелердің «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы, тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік және аймактык бағдарламаларын, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық өмірдің экономикалық, коғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени салаларында қолдануын қамтамасыз ету бағытында жүргізіп отырған жұмыстарын үйлестіру, ономастикалық және терминологиялық жұмыска басшылық ету болып табылады.

2.2. «Мекеменің» міндеттері:

- Қазакстан Республикасының тіл туралы заңдар жиынтығының Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орындалуына басшылық жасау;
- өз кұзырындағы сұрақтар бойынша Қазакстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- өз кұзырындағы сұрақтар бойынша облыс әкімінің іс-қимыл жоспарының жобасын жасауға, тілдерді қолдану мен дамытудың аймақтық бағдарламасын қаржыландыру бойынша облыс бюджетінің жобасын жасауға қатысу;
- «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың аймақтық бағдарламасын орындау мәселесі бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасау;
- жүргізіліп отырған тіл саясатының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға байланысты кешенді шараларды ұсыну және оларды жүзеге асыру;
- «Мекеменің» құзырына жататын мәселелер бойынша ақпаратты-сараптамалық материалдар мен құжаттар әзірлеу;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындарға, әр деңгейдегі атқарушы билік органдарына, білім және мәдениет мекемелеріне, әртүрлі халыққа қызмет ету салаларына, құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді енгізуде, әртүрлі жастағы адамдар тобына мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыруда нақтылы көмек көрсету;
- аудармашы кадрларды, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізетін мамандарды, қазақ тілінің мамандарын іріктеу, даярлау, тұрақтандыру мәселелері бойынша білім беру және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, ұйымдармен, кәсіпорындармен бірігіп іс-қимыл жасау,
- мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға деректемелер мен көрнекі ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның талаптарына сәйкес рәсімдеуде нақтылы көмек көрсету;
- облыстағы ономастикалык және терминологиялык жұмысты үйлестіру, облыс әкімі жанындағы ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
- Ресей Федерациясының шекаралас облыстарында тұратын казақ диаспорасымен қазак тілі мен мәдениетін сақтау мен дамыту мәселелері бойынша байланыс жасау;
- өз жұмысында жариялылықты қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тілді мемлекетті басқару ісіне, әлеуметтік және халыққа қызмет ету салаларына енгізу барысы туралы халықты ұдайы хабардар етіп отыру, бұқара арасында мемлекеттік тілді насихаттау;

2.3. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін «Мекеменің»:

- өз құзырындағы сұрақтар бойынша облыстық мекемелер мен ведомстволардан, жергілікті атқарушы билік органдарынан, ұйымдар мен кәсіпорындардан Тіл туралы заңның орындалу барысы бойынша жартыжылдық (немесе басқа мерзімдік) есептер, акпарлар, анықтамалар мен баска да құжаттар сұратып алуға;
- облыстық, аудандық мекемелерде, ведомстволарда, барлық меншік түрлеріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарда «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның, тілдерді қолдану мен дамытудың аймақтық бағдарламасының орындалу барысын тексеруге;
- мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында басқа мемлекеттік мекемелермен бірігіп іс-қимыл жасауға;
- қажет болған жағдайда тіл саясатына байланысты сұрақтар бойынша басқа мекемелермен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен, немесе олардың келісімімен, шешімдер, қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулықтар шығаруға құқылы

3. МҮЛКІ ЖӘНЕ ҚОРЛАРЫ

3.1. Мүлікті жедел басқару құқы мүлік иесінін есебінен қаржыланатын «Мекеменің» иесінен алған мүлікті, заңдық актілермен белгіленген аумақта, өзінің мақсаттарына, мүліктің тағайындалуына сәйкес қолдануына, иеленуіне, басқаруына байланысты заттық құқығы болып табылады;

3.2. «Мекеменің» мүлкін оның негізгі қоры мен айналымдағы қаржысы және бағасы арнайы баланста көрсетілген құндылықтар құрайды.

3.3. «Мекеменің» мүлкі:

- иенін берген мүлкінен
- заң тиым салмайтын баска негіздердің есебінен құралады.

3.4. «Мекеменің» қызметін қамтамасыз ету үшін Құрылтайшы облыстык бюджеттен каржы бөледі.

3.5. «Мекеменің» Құрылтайшының рұксатынсыз банк кредиттерін -пайдалануға құқы жоқ.

3.6. Жедел баскарудағы мүліктің иесі болып саналатын Құрылтайшы, зандық актілерге сәйкес, «Мекеменің» қызметінің негізін, мақсаты мен мазмұнын анықтайды және оның зандық тағдырын шешуге күқылы.

3.7. Құрылтайшы «Мекемеге» берілген мүліктің тиімді пайдалануы мен сақталуына бақылау жүргізеді.

3.8. «Мекеменің» өзіне бекітілген немесе смета бойынша бөлінген қаржыға сатып алынған мүлікті иемденуге немесе басқа мүдделерге пайдалануға кұкы жоқ.

3.9. Еңбекақы корын, еңбекақы төлеудің формаларын, жалакының тарифтік кестесін Құрылтайшы бекітеді.

4. БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ

4.1. «Мекемені» орнына Құрылтайшы тағайындап және босататын бастық (төраға) басқарады. Төраға «Мекеменің» ағымдағы жұмысына басшылық етеді және қолданып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерді іріктейді, қабылдайды, еңбек ұжымымен еңбек шартын жасайды, шаруашылық қызметті атқаруға сенімхат береді, барлық категориядағы жұмыскерлердің қызметтік нұсқаулықтарын, жұмыс күнінің тәртібін және қызметкерлердің міндеттерін белгілейді.
«Мекеменің» бастығы басқа мемлекеттік және меншіктік кәсіпорындармен, мекемелермен қарым-қатынасты үйлестіреді және заңдармен белгіленген тәртіп пен аумақта басқа да қызметті жүзеге асырады.

4.3. «Мекеменің» бастығы облыс әкімінің алдында «Мекеменің» құзырындағы сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарының, заңдық актілердің орындалуына тікелей жауапты.

4.4. «Мекеменің» қызметіне байланысты ең маңызды сұрақтарды талқылау үшін «Мекеме» жанынан оның бастығынан, облыстық мекемелердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын алқа құрылады.

Алқа мүшелерінің құрамын «Мекеме» басшысы бекітеді. Алқаның шешімдері «Мекеме» бастығының қолы койылған қаулы түрінде шығарылады.

5. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА МЕН ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ, «МЕКЕМЕНІІҢ» ӘКІМШІЛІГІ МЕН ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНЫҢ КАРЫМ-КАТЫНАСЫ

5.1. «Мекеме» Құрылтайшымен біртұтас құрылым болып табылады және өзіңің қызметін Құрылтайшы белгілеген аумақта ұйымдастырады.

5.2. «Мекеменің» әкімшілігі қолданып жүрген заңдарға сәйкес шарт жасауға, келісім бойынша қызметкерлерді жұмыска тартуға кұқы бар. Олармен қарым-қатынас еңбек заңдылығына сәйкес реттеледі.

5.3. Жұмыс кестесін еңбек зандылықтарының негізінде «Мекеменің» бастығы белгілейді.

6. ЖАУАПКЕРШІЛІК

6.1. «Мекеменің» жедел басқаруындағы мүлікке өндіріп алуға талап заңға сәйкес, жалпы ретте жүргізіледі.

6.2. «Мекеме» өзінің міндеттемелері бойынша қарамағындағы каржысымен жауап береді. «Мекеменің» каржысы жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті мүлік иесі атқарады.

6.3. Мүлік иелігінің кұкы басқа тұлғаға көшкен жағдайда, «Мекеме» өзіне тиесілі мүлікті жедел басқару кұқын сақтап қалады.

7. «МЕКЕМЕНІҢ» ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

7.1. «Мекеме» қайта құру (біріктіру, бөлу, қосу, бөліп шығару, өзгерту) Құрылтайшының әлде оның өкілетті органының шешімімен немесе, заң актілерінде көрсетілген жағдайда, сот шешімімен жүзеге асады.

7.2. «Мекемені» таратуға мүлік иесінің шешімі немесе тіркелуі заңсыз деп табылуына, жарғыда көрсетілген мақсаттарға қайшы қызмет істеуіне, қажетті лицензиясыз қызмет істеуіне, немесе заңды бірнеше рет әлде өрескел бұзуына байланысты қабылдаған сот шешімі негіз бола алады.

7.3. Өндірісті қайта құру немесе жою тәртібі азаматтық заңмен реттеледі.

8. ЕРЕЖЕНІҢ ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНУІ

8.1. Осы Ереже Құрылтайшының шешімімен бекітілуі тиіс және әділет органдарында Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап өз күшіне енеді.

8.2. Құрылтайшының немесе оның өкілетті органының шешімімен Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілу мүмкін және олар Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заң күшіне енеді.

Облыстық мемлекеттік тілді енгізу комитетінің бастығы

48 Облыс әкімінің

1999 жылғы 12 сәуірдегі № 74
шешіміне 2-ші қосымша
Облыстық мемлекеттік тілді енгізу комитетінің құрылымы мен штаттық кестесі
Бастық (комитет төрағасы) -1
Білім, мәдениет және халыққа қызмет ету салаларындағы мемлекеттік тіл мәселелері бойынша бас маман -1
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша бас маман - 2
Терминология және ономастика мәселелері бойынша бас маман - 1
Бұқаралық ақпарат құралдарымен және Ресей Федерациясының шекаралас областарындағы диаспорасымен байланыс мәселелері бойынша жетекші маман - 1
Барлығы: - 6