Қолданыстағы ред. 28.09.2007 (Редакция 35591_312626.kaz)

Сарыағаш ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасын бекіту туралы от 28.09.2007 г. № 2-4-9 (Сарыағаш ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасын бекіту туралы)

0

Сарыағаш ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағы 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 3,311 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Сарыағаш ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасы бекітілсін.

2

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн соң қолданысқа енгізіледі.

3

2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 2-4-9
Сарыағаш аудандық мәслихаттың
шешімімен бекітілген
Сарыағаш ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасы

1

1. Осы Кағида меншік түріне, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан аудан аумағында тұратын барлық иттерді және мысықтарды ұстаушы азаматтарға және заңды тұлғаларға бірдей қолданылады.

2

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің Сарыағаш аумақтық инспекциясында (бұдан ары аудандық аумақтық инспекциясы) үй жануарларына (иттер мен мысықтарға) диагностикалық тексеру және аса қаупті жұкпалы ауруларға қарсы мал дәрігерлік егу жұмыстары жыл сайын міндетті түрде жүргізіліп отырылады.

3

3. Иттер мен мысықтар көпшілік қоғамдық орындарда жетексіз, иесіз жүрсе (бұған дүкеннің, аурухананың, тұрмыс қажетін өтеу үйлерінің т.б. алдында уақытша қойылған жануарлар кірмейді) қаңғыбас жануарлар деп есептелініп, олар арнайы ит аулау бригадасы аркылы ауланады.

1. 1-тарау. Иттерді және мысықтарды ұстаудың тәртібі

1-тарау. Иттерді және мысықтарды ұстаудың тәртібі

4

4. Медициналық мал дәрігерлік талаптарға қарама-қайшылық болмаған жағдайларда иттерді және мысықтарды тұрғын үйлерде, пәтерлерде ұстауға болады. Бұл жағдайда зоологиялык және дәрігерлік санитариялык талаптар сакталынып, олардың қоршаған ортаны былғауына жол берілмейді.

5

5. Мас адамдарға, 14 жасқа толмаған жас өспірімдерге иттерді жалпы көпшілік колданылатын жерлерге алып баруға рұқсат етілмейді.

6

6. Қоғамдық орындарда, көпшілік пайдаланылатын жерлерде, үйдің алдында, үйге кіре берістерде, баспалдақтарда, спорт және балалар алаңдарында, гүлзарларда, саябақтарда ит ұстауға жол берілмейді.

7

7. Иттер мен мысық егелері ит пен мысықты асырау кезінде олардың биологиялық өсіп жетіліміне, ерекшіліктеріне қарап, саналы түрде оларды караусыз қалдырмай, ауырған жағдайда дер кезінде мал дәрігеріне көрсетуі кажет.

8

8. Ит пен мысықтың тұрған жерін таза ұстауға және оларды тұрақты түрде қыдыртып (моцион) отыруға тиіс.

9

9. Аудандық аумақтық инспекциясы инспекторларының талабымен егелері ит пен мысықты мал дәрігерлік байқаудан және диогностикалық тексерулерден өткізіп, қауіпті аурулардың алдын-алу мақсатында профилактикалық емдеуден өткізіп отыруға қажет.

10

10. Иттер мен мысықтар адамдардың денсаулығына қауіп келтірмеуі үшін, әрі қаупсіздік шараларын жүргізу мақсатында, иттерді байлап қоюға немесе арнайы жерде қамап ұстауға, иттерді ұстап тұрған жерлерде ескерту белгілерін қоюға, қыдырту кезінде итті жетекке ұстап, тұмылдырық кигізуге міндетті әрі моцион уақытысында ит егелері иттің былғаған жерлерін тазалап, күрекше арқылы қалтаға салып, арнайы жерге тастауға тиіс.

11

11. Иттерді және мысықтарды асырауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оны басқа азаматтарға беруі немесе мал дәрігерлік мекемесіне өткізуі қажет.

12

12. Асырап отырған иттері және мысықтары өліп қалса немесе жоғалып кетсе егесі тез арада аудандық аумақтық инспекциясына хабарлауға қажет.

13

13. Адамдарды немесе үй жануарларды тістеп, кауіп алған жағдайда ит пен мысықтың егесі тез арада медициналық мекемеге хабарлап, ит пен мысықты арнайы мал дәрігерлік бақылаудан өткізіп, карантин жүргізу үшін аудандық аумақтық инспекциясына келуі тиіс.

14

14. Иттер мен мысықтарды изоляторда оқшаулап ұстап отыруга кеткен жалпы шығын олардың есебінен өндіріледі.

15

15. Ит пен мысық өлген жағдайда олардың егелері аудандық аумақтық инспекциясы немесе мал дәрігерлік қызмет мекемесіне хабарлаулары керек. Оларды арнайы жерге апарып көмуге шығын үй егелерінін есебінен жүргізіледі. Өлген ит пен мысықтың денелерін егелеріне өз бетінше тастауға немесе көмуіне тиым салынады.

16

16. Иттер мен мысықтар егелерінің меншігі болып табылады және ол меншік ретінде заңмен қорғалады.

17

17. Осы Қағиданың талаптары орындалмаған жағдайда барлық заңды және жеке тұлғалар қолданыстағы Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 311 бабына сәйкес әкімшілік
жауаптылыққа тартылады.