О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны в связи с удорожанием цен на продукты питания
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны в связи с удорожанием цен на продукты питания
- Атауы (қаз.)
- Азық-түлікке бағалардың қымбаттануына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15/4-IV
- Қабылданған күні
- 17.10.2007
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2010 AI35598_10.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07A000476_
- ЭКБ идентификаторы
- 35598
- Редакция идентификаторы
- AI35598_10
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:58
0 Азық-түлікке бағалардың қымбаттануына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның 8-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса берілген азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы бекітілсін.
2 Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ҚАҒИДАСЫ
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Астана қаласы мәслихатының
2007 жылғы 17 қазандағы
N 15/4-IV шешімімен
бекітілген
Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ҚАҒИДАСЫ
1
1. Осы Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекке қосымша шаралар көрсету мақсатында әзірленді.
2 2. Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек) Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтардың мына санаттарына:
1 1) алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2009.09.18 N 250/38-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2 2) жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
3 3) 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушы отбасылар санынан, 18 жасқа дейінгі балаларға;
4 4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ұсынылады.
2-1 2-1. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген бірнеше санатқа жататын тұлғаларға Әлеуметтік көмек тек бір негіздеме бойынша төленеді.
3 3. Әлеуметтік көмектің қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
4
4. Әлеуметтік көмек "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Әкімгер) әкiмгер болып табылатын "Жергiлiктi өкiлетті органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бюджеттік бағдарламасына сәйкес және қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде ұсынылады.
5
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының Астана қаласының қалалық филиалы ай сайын Қағиданың 2-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар туралы мәліметтерді Әкімгерге ұсынады (электрондық және қағаздық жеткізушілерде).