Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил охраны и содержания памятников истории и культуры

Қаулы · № 1044 · қабылданған 06.11.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35612/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил охраны и содержания памятников истории и культуры Күшін жойған Қаулы ·№ 1044 ·06.11.2007
15.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил охраны и содержания памятников истории и культуры

Күшін жойған Қаулы ·№ 1044 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил охраны и содержания памятников истории и культуры
Атауы (қаз.)
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1044
Қабылданған күні
06.11.2007
Көрсетілген редакция
15.04.2015 AI35612_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001044_
ЭКБ идентификаторы
35612
Редакция идентификаторы
AI35612_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:51

0 Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы

"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесі бекітілсін.

2

2. "Әлемдік және республикалық маңызы бар объектілерге жатқызылған тарих пен мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау және ұстау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі N 673 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 278-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесі 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
N 1044 қаулысымен
бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесі 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесі (бұдан әрі - Ереже)"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі - ескерткіштер) қорғау мен күтіп-ұстау тәртібін айқындайды.

2 2. Ескерткіштерді қорғау және күтіп-ұстау тәртібі

2 2. Ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушылар олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде мынадай шаралар қабылдауы тиіс:

1 1) зақымданудан және (немесе) жоюдан, тағылық актілерінен, жалған дәріптеуден, өңін айналдырудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғау;

2 2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар ету;

3

3) халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткіштерде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган), жергілікті маңызы бар ескерткіштерде - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу;

4 4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгіленетін тәртіппен және шекте ескерткішке ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткізуді қамтамасыз ету.

3 3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), жергілікті атқарушы органдары ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушыларға осы құжатты ресімдеу сәтіндегі ескерткіштердің жай-күйі және оларды күтіп-ұстау шарттары тіркелетін қорғау міндеттемесін береді.

4 4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары әрбір ескерткішке ескерткіш туралы негізгі деректер және ескерткіштің мемлекеттің қорғауында екендігіне нұсқама қамтылған қорғау тақтасын орнатады.

5 5. Ескерткіштерді бұзылудан немесе жойылудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары белгіленеді.

6 6. Меншік иелері мен пайдаланушылар ескерткіштерді халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес күтіп ұстайды.

Қолданыстағы