Об утверждении Правил выдачи охранных обязательств на памятники истории и культуры
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выдачи охранных обязательств на памятники истории и культуры
- Атауы (қаз.)
- Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1045
- Қабылданған күні
- 06.11.2007
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2015 AI35613_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070001045_
- ЭКБ идентификаторы
- 35613
- Редакция идентификаторы
- AI35613_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:51
0 Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесін бекіту туралы
"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі 1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
N 1045 қаулысымен
бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және ескерткіштердің меншік иелеріне немесе пайдаланушыларға тарих және мәдениет ескерткіштеріне (бұдан әрі - ескерткіштер) қорғау міндеттемелерін беру тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу сәтіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат;
2 2) меншік иесі - өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, тарих және мәдениет ескерткішіне қатысты иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3 3) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы - Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.
2 2. Қорғау міндеттемелерін ресімдеу және беру тәртібі
3 3. Ескерткіштің меншік иесі немесе пайдаланушы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарын (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) ескерткішке меншік (пайдалану) құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар етуге міндетті.
4 4. Жергілікті атқарушы органдар хабар алған сәттен бастап не тарихи-мәдени мұра объектісіне ескерткіш мәртебесін берген сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қорғау міндеттемесін ресімдейді.
5 5. Қорғау міндеттемесінде:
оны ресімдеу сәтіндегі ескерткіштің жай-күйі;
меншік иелерінің немесе пайдаланушылардың ескерткішті күтіп-ұстау шарттары тіркеледі.
Қорғау міндеттемесін ресімдеу сәтіндегі ескерткіштің жай-күйін тіркеу үшін жергілікті атқарушы органдар меншік иелерімен немесе пайдаланушылармен бірлесіп, ескерткішке техникалық байқау жүргізеді, оның деректері қорғау міндеттемесіне енгізіледі.