Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсету
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңыньң 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес және 2007 жылғы 8 қазандағы Алматы облысының Әкімдігінің № 193 қаулысын орындау мақсатында аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсету от 24.10.2007 г. № 324 (Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсету)
0
1
1. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме (С. Қорғанбаев) халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына ұн және нан өнімдерінің бағасы өсуіне байланысты 2007 жылдың 1 қазаны мен 31 желтоқсаны аралығында бip адамға ай сайын 600 (алты жүз) теңге көлеміндегі әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
2
2. «Ақсу аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Шырғайбаева) әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қаматамасыз етсін.
3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Қ. Кәрбозинге жүктелсін.
4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.