Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил перевозки пассажиров и багажа автомобильным транспортом в столице

Қаулы · № 1061 · қабылданған 08.11.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35668/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
Об утверждении Правил перевозки пассажиров и багажа автомобильным транспортом в столице Күшін жойған Қаулы ·№ 1061 ·08.11.2007
25.01.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил перевозки пассажиров и багажа автомобильным транспортом в столице

Күшін жойған Қаулы ·№ 1061 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил перевозки пассажиров и багажа автомобильным транспортом в столице
Атауы (қаз.)
Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1061
Қабылданған күні
08.11.2007
Көрсетілген редакция
25.01.2024 35668_684381.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001061_
ЭКБ идентификаторы
35668
Редакция идентификаторы
35668_684381
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:51

0 Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2007 жы­л­ғы 8 қа­ра­ша­да­ғы
N 1061 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының астанасында жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2 2. Ереже Қазақстан Республикасы астанасының аумағында қолданылады.

3 3. Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) астананың көлік органы – астана аумағында көлік саласындағы реттеуді жүзеге асыруға астана әкімі уәкілеттік берген жергілікті атқарушы орган;

2 2) маршрут – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру процесінде айқындалған, белгіленген бастапқы, аралық және соңғы пункттер мен қозғалыс кестелерінің арасында жүретін жол;

3 3) маршруттың схемасы – аялдама пункттері, олардың арасындағы арақашықтық, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетіле отырып, бағытты графикалық түрде шартты бейнелеу;

4

4) борт журналы – жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралының рейс алдында техникалық қарап-тексеруден әрі жүргізушінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өткені туралы белгілер қойылатын, автокөлік құралында болатын нөмірленген және тігілген журнал;

5 5) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу арқылы жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат (бұдан әрі – билет);

6 6) жол полициясы – астанада жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы арнайы функцияларды жүзеге асыратын аумақтық ішкі істер органы;

7 7) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункті (аялдама пункті) – осы Ереженің талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған орын;

8

8) багаж – Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде буып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі;

9 9) қозғалыс кестесі – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтер қамтылған кесте.

4 4. Ұйымдастыру сипатына қарай жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты, тұрақты емес және таксимен тасымалдау болып бөлінеді.

5 5. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауды астананың көлік органы бекіткен бағыттар бойынша автобустар мен шағын автобустар жүзеге асырады.

Қалалық бағыттарда жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдары (автобустар немесе шағын автобустар) күні бұрын белгіленеді.

6 6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырған кезде тасымалдаушы автокөлік құралына жол парағын ресімдеп, жүргiзушiнің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден, сондай-ақ автокөлік құралының техникалық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметтерді енгізеді.

6-1

6-1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автокөлік құралдарын тасымалдауды ұйымдастырушыға автокөлік құралының қазіргі тұрған жері туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде беретін спутниктік навигация аппаратурасымен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

7 7. Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау лицензиарға берілген лицензияға қосымшада көрсетілген автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жолаушылар тасымалы жүзеге асырылатын автобустардың, шағын автобустардың жылжымалы құрамының бірлігі өзгерген жағдайда лицензияға қосымша қайта ресімделуге тиіс.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

8 8. Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау біржолғы сипаты бар тасымалдау, тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен тасымалдау болып бөлінеді.

9 9. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық тексеруден өткен автокөлік құралдары жіберіледі.

10 10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаған кезде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін және кемінде екі жолаушы есігі бар автобустар мен шағын автобустар пайдаланылады.

11 11. Астананың тұрақты қалалық бағыттарында қызмет көрсету мерзімі 14 жылдан аспайтын автобустар пайдаланылады.

12 12. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарының салонында мыналарды:

1 1) тасымалдаушының толық атауын;

2 2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының, сондай-ақ жол полициясының байланыс телефондарының нөмірлерін;

3 3) маршрут схемасының көшірмесі мен қозғалыс кестесін;

4 4) маршрут бойынша жол жүруге және багажды алып жүруге белгіленген тарифті;

5 5) ақы төлемей жол жүргені және/немесе багажды алып жүргені үшін белгіленген айыппұлдың мөлшерін;

6 6) жолаушылардың құқықтары мен міндеттерін;

7 7) тыйымдар туралы ақпарат бар және арнайы орындар белгіленген пиктограммаларды қамтитын ақпараттық табло орналастырылады.

Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары аялдамаларды жариялайтын автоматтандырылған дауыс зорайтқыш құрылғымен жабдықталады.

13 13. Жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдаланылатын автобустардың алдыңғы және артқы жақтарында бағыт нөмірі көрсетіле отырып, белгіленген үлгідегі трафареттер орнатылады.

Бағыттың нөмірі ашық сары түсті аяда қара түспен (қаріптің биіктігі кемінде 120 мм) жазылуы тиіс. Жедел тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда трафаретте бағыт нөмірінің астында қызыл түсті (қаріптің биіктігі кемінде 60 мм) "Жедел" деген жазу болуы тиіс.

14

14. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық бағыттардағы автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын автобустар салонының оң жағында жолаушы есіктерінің бірінің жанында бағыттың нөмірі мен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша сипаттамасы (бағыт өтетін аралық және соңғы аялдамалардың, қоғамдық маңызы бар орындардың) бар трафарет орнатылуы тиіс.

15 15. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық бағыттардағы автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын автобустардың алдыңғы жағында, жанында және артқы жақтарында белгіленген нысандағы гараждық нөмірлері қойылады.

16

16. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдау кемінде екі есігі бар автобустармен жүзеге асырылуы тиіс. Бұдан басқа, бұл автобустардың алдында және артында "Балаларды тасымалдау" деген айырым белгілері мен сары түсті жарқырауық шамдар орнатылады. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға жасы кемінде жиырма бестегі, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жүргізушіге рұқсат етіледі.

17

17. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар салонының алдыңғы бөлігінде мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделеді. Осы орындардың тұсында олардың пайдаланылу мақсатын көрсететін ақпараттық тақташа орнатылады.

18 2-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу, жабу және өзгерту тәртібі

18. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының салондарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салынады.
2-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу, жабу және өзгерту тәртібі

19 19. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тасымалдау тұрақты қалалық бағыттарын ашу, жабу және өзгерту мәселелері бойынша мүдделі жеке және заңды тұлғалар астананың көлік органына тиісті ұсыныстарын жібереді.

20 20. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тасымалдау тұрақты бағыттарын ашу жөніндегі мәселелерді шешу үшін мүдделі жеке және заңды тұлғалар бағыт схемасы мен ол бойынша қозғалыс кестесін әзірлейді және оларды астананың көлік органына жібереді.

21 21. Жолаушыларды және жүкті тұрақты тасымалдау, егер:

1 1) автомобиль жолдарының өткізу қабілеті белгілі бір бағыттар бойынша автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік берсе;

2 2) автомобиль жолдарының жай-күйі және оларды жайластыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келсе, ұйымдастырылуы мүмкін.

22 22. Жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдаудың бағыттық желісін қалыптастырған кезде мынадай қағидаттардың орындалуы қамтамасыз етіледі:

әрбір бағыт бойынша халықтың тасымалдауға қажеттілігін қанағаттандыру;
белгіленген нормалар бойынша автобустар сыйымдылығын ұтымды пайдалану;
жүру жолында жолаушыларға қажетті жағдайлар жасау;
жолдардың өткізу қабілетін, аялдама пункттерін және инфрақұрылымның басқа да объектілерін сақтау;
автобустарды пайдалану нормативтері мен ережесін, жол қозғалысының қауіпсіздігі талаптарын сақтау;
сапардағы жолаушылардың уақыт шығынын барынша азайту;
барлық түйіндес бағыттар бойынша автобустар қозғалысының кезеңділігі;
жүргізушілердің еңбек режимі мен демалысын сақтау.

23 23. Жолаушылардың және жүктің тұрақты автомобиль тасымалдарының бағыттарын ұйымдастыру мен есепке алуды жоспарлау мақсатында астананың көлік органы жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары бағыттарының тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

24 24. Тізілімдерде бағыттардың мынадай негізгі сипаттамалары:

жүрудің бастапқы және соңғы пункттері бойынша бағыттардың нөмірі және атауы;
тікелей және кері қайту бағыттарындағы бағыттағы аралық пункттер саны және атауы;
тікелей және кері қайту бағыттарындағы бағыт ұзақтығы;
тікелей және кері қайту бағыттарындағы бағыттағы қозғалыстың орташа пайдалану жылдамдығы;
бағытқа қызмет көрсету кезеңі: жыл бойы, қосымша (белгілі бір күндерде және тәулік кезеңдерінде қолданылатын (қалалық бағыттарда демалыс, мерекелік күндер немесе "қауырт" сағаттар), маусымдық (алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қолданылатын (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары жұмыс істеген кезде, жолаушылар ағыны көбейген кезеңде);
бағыттар бойынша қозғалыс кестесі;
жолаушылар ағыны және жолаушылар айналымы;
жолаушыларға және жалпы отыруға арналған орындар бойынша бағыттағы автобустардың, шағын автобустардың сыныбы және паспорттық сыйымдылығы (жинақтау алаңшасының сыйымдылығын ескере отырып);
резервтік жылжымалы құрамды ескере отырып, бағытта қызмет көрсету үшін қажетті автобустардың, шағын автобустардың саны;
тасымалдаушы туралы мәліметтер (атауы, мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты, тасымалдауды ұйымдастыратын жауапты басшының және тұлғаның телефоны) және оған берілген рұқсат ету құжаттарының қолданылу кезеңі қамтылады.

25 25. Ашылатын, сондай-ақ қолданыстағы астананың жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау бағыттары автомобиль жолы инфрақұрылымының техникалық жай-күйі мен ұстау деңгейі тасымалдау қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында тексерілуі тиіс.

Бағыттарды тексеруді құрамын астананың көлік органы бекітетін комиссия өткізеді.

26 26. Әрбір тексеру мен қозғалыс кестелерін келісудің нәтижелері қолданыстағы және болжамды жолаушылар ағынын ескере отырып, қозғалыстың белгілі бір кестелері бойынша бағыттарды ашу мүмкіндігі, одан әрі пайдаланудың немесе жабудың орындылығы туралы қорытындысы берілетін актімен ресімделеді.

27 27. Тексерудің актілері бағыттарды ашу, өзгерту немесе пайдалануды жалғастыру, тасымалдардың қауіпсіздігін арттыру, анықталған кемшіліктердің жойылуын бақылауды ұйымдастыру жөнінде шаралар қолдану мәселесін шешу үшін астананың көлік органына тапсырылады.

28 3-тарау. Автобустар қозғалысына диспетчерлік жетекшілік

28. Астананың көлік органы аялдау пункттерін орнатуды, ауыстыруды және ұстауды іске асырады.
Көлік жүйелерінің алуан түрлері үшін ғимараттарда және құрылыстарда құрамдастырылған аялдау пункттерін ұйымдастыруға жол беріледі.
3-тарау. Автобустар қозғалысына диспетчерлік жетекшілік

29 29. Елді мекендерді астанамен қосатын тұрақты халықаралық, қалааралық облысаралық, қалааралық облысішілік, қала маңындағы маршруттарға диспетчерлік жетекшілікті автовокзалдың немесе автостанцияның диспетчерлік қызметі ғана жүзеге асырады.

30 30. Астанада автовокзалдың, автостанциялардың және тасымалдаушылардың диспетчерлік қызметтері мынадай функцияларды:

1 1) бағыттағы, соның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа да жағдайларға байланысты қозғалыстың ерекшеліктері туралы жүргізушілерге нұсқау беруді;

2 2) жүргізушілерде нақты бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған қажетті құжаттарының (куәлігінің немесе рұқсатының, техникалық білім минимумы оқу курсынан өткені туралы анықтамасының, бағыттар схемасының, жол қағазының) болуын бақылауды;

3 3) кондукторда бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған қажетті құжаттарының (техникалық білім минимумы курсынан өткені туралы анықтамасының, біржолғы билеттердің) болуын бақылауды;

4 4) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

31

32 4-тарау. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және оларды өткізу тәртібі

33

33. Бағыттарға қызмет көрсету құқығына конкурста (бұдан әрі - конкурс) жеңген тасымалдаушылар, олардың және астананың көлік органы арасында жасалатын жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру шарттарының негізінде жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырады.

34

34. Конкурсқа меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде автобустарға, шағын автобустарға иелік етуші, осы Ереженің талаптарына сәйкес тасымалдауды ұйымдастыруға және автобустарға, шағын автобустарға заңнама талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етуге қабілетті, меншік нысанына қарамастан кез келген жеке немесе заңды тұлға қатыса алады.

35

35. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттары тасымалдаушылардың арасында конкурс негізінде бөлінеді. Конкурсқа жекелеген бағыт та, бірнеше бағыт та бір лотпен шығарылуы мүмкін. Лоттарды қалыптастыру кезінде олардың маңыздылығы мен рентабельділігі ескеріледі. Лотқа рентабельділерімен қатар, рентабельді еместері де, бірақ бір лотқа екеуден аспайтын бағыттар енгізілуі мүмкін.

36 36. Астананың көлік органы конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

37

37. Нақты бағытқа (лот бағыттарына) қызмет көрсету құқығына конкурстың жеңімпазы болып, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді және осы бағытта (лот бағыттарында) тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, көлік талаптарына сәйкес келетін әрі тасымалдаудың неғұрлым жақсы жағдайларын ұсынған және тиісті бағалау шкаласы (қосымша) бойынша есептелген баллдардың неғұрлым көп санын алған қатысушы танылады.

38 38. Астана әкімдігі жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттары бойынша конкурсқа қатысушылар ұсынған тарифтен төменірек әрі тиісті жолаушыларды және жүкті тасымалдаудың тарифтерін есептеу әдістемесіне сәйкес анықталған тарифтер белгілеуі мүмкін.

Астана әкімдігі белгілеген тарифтер осы тармақта көрсетілген тасымалдардың шығындарын жаппаған жағдайда, астана әкімдігі тасымалдаушыға белгіленген тариф пен тасымалдаудың нақты шығындарының арасындағы айырманы жергілікті бюджет қаражатының есебінен өтейді.

39

39. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттары бойынша жол жүру тарифтері өзгерген жағдайда, астана әкімдігі аталған өзгерістер туралы халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа тарифтер бойынша тасымалдауды жүзеге асыру басталғанға дейінгі он күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды.

40 40. Конкурстың ұзақтығы, оны жариялаған күннен бастап және конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күнмен аяқталып, кемінде 30 және ең көп дегенде 60 күнтізбелік күнді қамтуы тиіс.

41 41. Конкурстық ұсыныстарды қарау, оларды бағалау және конкурстың жеңімпаздарын анықтау үшін құрамы астана әкімінің өкімімен белгіленетін конкурстық комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады.

42 42. Комиссияға:

1 1) астананың көлік органының;

2 2) көліктік бақылау органының;

3 3) жол полициясының өкілдері кіреді.

Комиссияның құрамына астананың көлік органына тиісті өтінім берілген жағдайда, жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізіледі.

43 43. Комиссия құрамында конкурстық ұсыныстарды бағалау құқығынсыз комиссия жұмысын ұйымдастыру қызметі жүктелетін комиссия хатшысы көзделуі тиіс.

44 44. Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы және кемінде бес адамды құрауы тиіс.

45 45. Конкурсты өткізу алдында астананың көлік органы комиссиямен келісілген лоттарды қалыптастырады және конкурстық құжаттаманың жиынтығын дайындайды.

Бұл ретте қалыптастырылатын лоттарды келісу жөнінде шешім қабылдауды отырыс хаттамасында шешімді бекіте отырып, комиссия жүзеге асырады.

46 46. Конкурстық құжаттаманың жиынтығы өзіне:

1

1) конкурсқа шығарылатын жолаушыларды және жүкті қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары бағыттарының негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ оларға қоса берілетін бағыттардың схемалары мен қозғалыстар кестелерін, жылжымалы құрамды жаңарту қажеттілігінің кестесі, экологиялық талаптар, жүргізушілер (кондукторлар) мен диспетчерлердің арнайы киім-кешегі мен киім нысанының қажеттілігін;

2 2) конкурсқа шығарылатын жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстар толтырылатын нысандарын (бұдан әрі - конкурстық ұсыныстар) комиссия мүшелері санына тең мөлшерде;

3 3) жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру шартының жобасын;

4 4) қатысушы туралы ақпарат бланкісін;

5 5) бағалау шкаласын;

6 6) конкурстық ұсыныстарды беру үшін бір үлкен конвертті (егер конкурсқа бағыттар бір лоттан артық шығарылса, онда әрбір лотқа жеке конверттер болуы тиіс) қамтиды.

47 47. Конкурстық ұсыныстар, комиссия конкурстың қорытындысы бойынша қатысушыларды бағалауды жүргізетін мынадай өлшемдердің жинағын өзіне қамтиды:

1 1) ұсынылып отырған жылжымалы құрам (автобустардың, шағын автобустардың түрі, санаты мен саны, пайдалану мерзімі, паспорттық сыйымдылығы);

2 2) көлік құралдарының тиесілігі;

3 3) жылжымалы құрамды сақтауға, оған техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның болуы (меншікті немесе шарт бойынша пайдаланылатын);

4 4) үміткердің басшылық буынының қалалық бағыттардағы жұмыс тәжірибесі;

5 5) жүргізуші персоналының жолаушылар тасымалы саласындағы жұмыс тәжірибесі;

6 6) желіден шығып қалған жылжымалы бірліктерді ауыстыру жөніндегі шаралар жүйесі;

7 7) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жөніндегі қосымша ұсыныстар.

48 48. Конкурстық ұсыныстарда жылжымалы құрам мен жүргізуші персоналын бір бағыттан артық, осы бағыт кіретін лот бойынша конкурс аяқталғанға дейін қайталап көрсетуге жол берілмейді.

Осы бағыт қамтылған лот бойынша конкурс аяқталғанға дейін конкурстық ұсыныстарда қатысушылар жылжымалы құрам мен жүргізуші персоналын бір бағыттан артық көрсету фактілері анықталған жағдайда, неғұрлым кештеу тапсырылған конкурстық ұсыныстар жарамсыз болып саналады.

49 49. Қатысушы конкурстық ұсыныстар бойынша толық және сенімді ақпаратты ұсынуы тиіс.

50 50. Астананың көлік органы конкурс өткізілгенге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей, конкурстың өткізілетін күнін, орнын және уақытын, конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттарды, өтінімдерді қабылдау орны мен мерзімдерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.

51 51. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.

52 52. Комиссия төрағасы конкурсқа қатысушылар ұсынған мәліметтердің шынайылығын орнына барып тексеруді (бұдан әрі - тексеру) ұйымдастыру үшін комиссия құрамына кірмейтін астана көлік органының, көліктік бақылау және жол полициясы органдарының өкілдерінен конкурс алдындағы комиссия құрады.

Комиссия төрағасының болмауына байланысты конкурс алдындағы комиссия құрамы туралы шешімді уақтылы қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, комиссия конкурс алдындағы комиссия құрамын алқалы түрде анықтай алады.

53

53. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттаманың жиынтығына жазбаша түрде өтінім береді және оның құнын төлейді. Конкурстық құжаттама жиынтығының құны, конкурс өткізуге байланысты шығындардың калькуляциясына сәйкес болуы тиіс, бірақ конкурс өткізу туралы хабарландыру шығатын күнге бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 10 есе мөлшерінен аспауы тиіс.

54 54. Осы Ереженің 47-тармағының 1), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, конкурсқа қатысушылар үшін дайындалған конкурстық құжаттаманың жиынтығы астананың көлік органының мөрімен куәландырылуы тиіс.

55 55. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен басталады және оның басталуына дейін бес жұмыс күні бұрын аяқталады.

56 56. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін комиссияға тиісті лот бойынша конкурсқа қатысуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру қажет, оған конкурстық құжаттамаға қоса берілетін конвертке салынған мынадай құжаттар:

1 1) қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкісі;

2 2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

3 3) автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының және жолаушылар алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелері;

4 4) жылжымалы құрамның әрбiр бiрлiгi үшiн көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің және ағымдағы кезеңде жарамды диагностикалық техникалық қарап-тексеру карталарының көшiрмелерi;

5 5) конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандар санына тең санда қатысушының қолымен толтырылған әрі оның мөрімен куәландырылған конкурстық ұсыныстар қоса беріледі.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.
Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда біркелкі, түзетулерсіз және шимайсыз ресімделеді.

57 57. Комиссияның хатшысы мерзімінде берілген өтінімдерді қабылдайды және қатысушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама (анықтама) беріледі, содан кейін конкурстық ұсыныстарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерді бұзып берілген өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды комиссия қарамайды.

58 58. Өтінімдерді қабылдау осы Ереженің 56-тармағында көзделген барлық құжаттар болған кезде жүргізіледі.

59

59. Қабылданған өтінімдермен қатар конкурс алдындағы комиссия тексеру жүргізу кестесін жасайды және 3 күннен кешіктірмей әрбір қатысушыны тексеру уақыты туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Қатысушы тексеру өткізілетін күні конкурс алдындағы комиссияға барлық қажетті материалдарды ұсынады және оларды талап етілетін объектілермен таныстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

60

60. Конкурс алдындағы комиссия мүшелері ұсынылған конкурстық құжаттамаға қоса берілетін құжаттар көшірмелерінің шынайылығын, конкурстық қосымшаларда көрсетілген автокөлік құралдарының сыныптарының, модельдері мен тіркеу нөмірлерінің сәйкестігін, сондай-ақ конкурстық ұсыныстарда көрсетілген өндірістік-техникалық базада жылжымалы құрамды сақтау, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу мүмкіндігін тексереді.
Конкурс алдындағы комиссия тексеру қорытындылары бойынша қатысушы туралы ақпарат толтырылған бланкіде конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәліметтердің шынайылығы туралы белгі қояды және қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы анықтаманы (бұдан әрі - анықтама) қоса береді.
Уақытты оңтайландыру үшін конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәліметтердің шынайылығы туралы пікірлер білдіру мақсатында тексеру объектілері және түрлері бойынша конкурс алдындағы комиссия мүшелерін бөлуге жол беріледі.
Көрсетілген құжаттар қатысушы ұсынған өтініммен және құжаттармен бірге тиісті конвертте мөрмен бастырылады.

61 61. Конкурс өткізілетін күні комиссия мүшелері қатысушылардың өтінімдері мен қоса берілген құжаттар бар конверттерді кезекпен ашады және конкурстық ұсыныстарды қатысушыларды тіркеу тізіміне сәйкес қарайды.

Комиссия мүшелері бағалау шкаласына сәйкес конкурстық ұсыныстарды бағалау парағына баллдарды жеке қояды.

62

62. Конкурстық ұсынымдарда көрсетілген автобустардың, шағын автобустардың (резервтік жылжымалы құрамды ескере отырып) сыныбы, жолаушылар сыйымдылығы және саны осы Ереженің талаптарын және бағыттардың негізгі сипаттамаларын қанағаттандырмаған жағдайда, сондай-ақ конкурсты өткізу туралы хабарландыруға сәйкес келетін конкурсты ұйымдастырушылар айқындаған қосымша талаптарды орындауға сілтемелер конкурстық ұсыныстарда көрсетілмеген жағдайда, өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды комиссия қарауға қабылдамайды.

63 63. Қатысушылардың нақты лотқа құжаттарымен бірге барлық конверттер қаралғаннан және бағаланғаннан кейін комиссия мүшелері тиісті қатысушылар бойынша конкурстық ұсыныстарды бағалау парақтарының қорытынды баллдарын қосады және жалпы жиынтық баллды анықтайды, ол хаттамада тіркеледі.

64 64. Жалпы жиынтық баллдардың нәтижесі бойынша комиссия мүшелері барынша жоғары жалпы жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын, оның ішінде анықтамасын қарайды.

Қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы конкурс алдындағы комиссияның оң бағасы болған жағдайда, осы қатысушы тиісті лот бойынша конкурстың жеңімпазы деп танылады.
Конкурс алдындағы комиссия теріс қорытынды жасаған жағдайда, комиссия мүшелері жоғарылығы бойынша келесі жалпы жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын осылайша қарауға көшеді.

65 65. Егер қандай да бір лот бойынша бір де бір қатысушы тіркелмесе, астананың көлік органы осы лот бойынша негізгі талаптарды өзгертуі немесе басқа лот қалыптастыруы және оны келесі конкурсқа шығаруы тиіс.

Егер лот бойынша екі конкурсқа екі рет бір қатысушы өтінім берген жағдайда, сол қатысушыны конкурстық комиссия комиссия мүшелерінің жалпы санынан 1/2 кем емес дауыс беруі жолымен лот бойынша осы қатысушыны жеңімпаз деп анықтауы мүмкін.

66 66. Өткізілген конкурстың нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған комиссия мүшелері қол қояды және комиссия төрағасы бекітеді. Комиссияның әрбір мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша беруі және оны хаттамаға қоса беруі мүмкін.

Егер оның отырысына мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса, комиссияның шешімі заңды деп танылады.

67 67. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өздері ұсынған конкурстық ұсыныстарды бағалау нәтижесін барлық қатысушыларға жазбаша түрде жібереді.

68 68. Конкурс нәтижесіне сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін.

69 69. Конкурс нәтижелерін сот жарамсыз деп таныған жағдайда, қайталама конкурс алдыңғы конкурс нәтижесінің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін 30 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.

Бұл ретте алдыңғы конкурстың қатысушыларына конкурстық құжаттама тегін беріледі.

70 70. Хаттаманың негізінде астананың көлік органы конкурстың жеңімпазымен жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру шартын (бұдан әрі - шарт) жасайды. Шарт кемінде үш жыл мерзімге жасалады.

71

71. Шарт жасасқан конкурс жеңімпазына шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне бағытта жұмыс істеу құқығын растайтын жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттарына қызмет көрсету құқығына куәлік (бұдан әрі - куәлік) беріледі. Көрсетілген тасымалдарды куәліксіз жүзеге асыруға жол берілмейді.

72 72. Куәлікті астананың көлік органы типографиялық тәсілмен дайындайды, оның кемінде 4 қорғаныш дәрежесі бар және қатаң есептілік бланкісі болып табылады және онда мынадай ақпарат:

тасымалдаушының атауы;
бағыттың нөмірі;
берілген күні;
қолданылу мерзімі;
астана көлік органы лауазымды тұлғасының қолы және мөріне арналған орын қамтылуы тиіс.

73

73. Конкурстық ұсыныстарда конкурс жеңімпазы ұсынған бағытта пайдалануға арналған автобустар (шағын автобустар) көрсетілген, оның ішінде резервтік жылжымалы құрам көрсетілген куәліктер тасымалдаушыға, бағытта пайдаланылатын автокөлік құралдарының тиісті санына сәйкес мөлшерде беріледі және тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустардың, шағын автобустардың жүргізушілерінде болуы тиіс.

74 74. Бағытта (бағыттарда) жұмыс істеу құқығын үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.

75 75. Шарттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда, астананың көлік органы тасымалдаушыдан куәлікті қайтарып алады және осы шарт бойынша қызмет көрсетілетін бағыттарға жаңа конкурс жариялайды.

76 5-тарау. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау

76. Тасымалдаушының бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен шарт бұзылған жағдайда, ол бұл туралы астананың көлік органын 45 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етеді.
5-тарау. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау

77 77. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалы астананың көлік органы бекіткен бағыт желісі бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушы көлігін дамытудың бекітілген кешенді схемасы және азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар ағынын талдаудың негізінде қалыптастырылады.

Бұл ретте қала маңындағы бағыттың қала ішіндегі қозғалыс схемасы мейлінше қысқа болуы тиіс.

78 78. Халықаралық, облысаралық қалааралық, облысішілік қалааралық және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) астанамен жалғастыратын, астана ішінде жүретін тұрақты бағыттардың қозғалысы астананың көлік органы бекіткен астананың карта-схемасы бойынша жүзеге асырылады.

79 79. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау бағыттық желісі белгілі бір бағыттарды қайталау, сондай-ақ бір бағыт басқасының елу пайыздан астам аялдама пункттерін қайталауын болдырмайтындай етіп қалыптастырылуы тиіс.

80

80. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау бағытында шағын автобустарды пайдалануды айқындау жолаушылар ағынының төмен болуымен негізделеді, бұл ретте шағын автобустар пайдаланылатын бағыттардың ұзақтығы жолаушыларды және жүкті қалалық тұрақты автомобильмен тасымалдау бағыттық желісі ұзақтығының отыз пайызынан аспауы тиіс.

81 81. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдаудың бағыттарына мынадай режимдердің бірінде қызмет көрсетіледі:

1

1) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты автомобиль тасымалдарының бағыттарында, бағыттың схемасында көрсетілген, қала шегінде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 метрге дейін болуы тиіс барлық аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегі бағыттар;

2 2) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен бағыттың схемасында көрсетілген, олардың арасындағы қашықтық 800-ден 3000 метрге дейін болуы мүмкін барлық аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел бағыттар.

82 82. Халыққа қызмет көрсету ерекшелігіне сәйкес астанада жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдары мынадай сипатта болуы мүмкін:

1 1) тәуліктің бүкіл белгіленген кезеңі және аптаның барлық күндері ішінде қолданылатын тұрақты;

2 2) белгілі бір күндерде немесе тәуліктің кезеңдерінде қолданылатын қосымша (демалыс, мерекелік күндер немесе "қауырт" сағаттар);

3 3) алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қолданылатын маусымдық (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендері жұмыс істеген кезде);

4 4) уақытша, қысқа уақытта қолданылатын уақытша (әдеттегі режимде қызмет көрсетуге кедергі жасайтын жол желісінде күтпеген жағдайлар туындаған кезде).

83 83. Жолаушыларды автокөлік құралына отырғызу және түсіру мынадай ретпен жүргізіледі:

1 1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсіру, одан кейін отырғызу жүргізіледі;

2 2) екі және одан да көп есігі бар автобустарда жолаушыларды түсіру - алдыңғы есіктен басқа барлық есік арқылы, ал отырғызу алдыңғы есік арқылы жүргізіледі.

84 84. Артқы есік арқылы отырғызу құқығын тек мүгедектігі бар адамдар ғана пайдаланады.

85 85. Кезектен тыс отырғызу құқығын мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады.

86 86. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттарында жол жүру және жүк алып жүру төлемін жолаушы қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргізушіге) немесе жол ақысын төлеудің бірыңғай электронды жүйесі арқылы отыру кезінде береді.

Автобустың салонында өлшемі 60x40x20 см және салмағы 20 кг дейінгі бір орындық қол жүгін, сондай-ақ қаптамасы бар бір жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын қосымша ақысыз алып жүруге рұқсат етіледі (автобустарда ғана).

87 87. Тұрақты қалалық бағыттарда айлық жолақы билеттері және төлемақының тікелей байланыссыз электронды карталарын сату жолақы билеттерін тарату пункттерінде жүргізіледі. Жеңілдікті жолақы билеттерін беру жергілікті халықты әлеуметтік қорғау органдарында жүзеге асырылады.

88 88. Байланыссыз электронды карталардың шоттарын толықтыру мамандандырылған электронды қондырғылар желісі арқылы жүзеге асырылады.

89 89. Қалалық қатынаста жол жүру, белгіленген нормадан асқан қол жүгін алып жүруге қолма қол ақша төлеу фактісі мынадай:

сериясы және нөмірі;
жол жүру құны;
билеттің шығарылған жылы сияқты ақпарат қамтылған біржолғы жалпы билет жолаушыға беріліп, тіркеледі.

90 90. Байланыссыз электронды карта арқылы жол жүруіне ақы төлеу фактісі тиісті сәйкестендіру нөміріндегі байланыссыз электронды картаның электронды шотында тіркеледі.

91 91. Байланыссыз электронды карталарды пайдалану тәртібі қолданылатын жүйелердің технологиясымен регламенттеледі, бірақ қолданыстағы заңнаманың талаптарына қайшы келмеуі тиіс.

92 92. Жол жүргені үшін ақы төлеудің екі немесе және одан да көп технологиялық жүйелерін бір мезгілде қолдануға жол берілмейді.

93 93. Айлық немесе жеңілдікті жол жүру билеттерінің қолданылуы белгіленген нормадан асатын жүкті және қол жүгін алып жүруге қолданылмайды.

94 94. Айлық немесе жеңілдікті жол жүру билеті бар жолаушы оны кондукторға (жүргізушіге) автобусқа, шағын автобусқа мінген кезде көрсетеді.

95 6-тарау. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау

95. Егер жолаушы жеңілдікті жол жүру билетін пайдаланса, онда ол сондай-ақ оның жеңілдікке құқығын растайтын құжатты да ұсынады.
6-тарау. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау

96 96. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретінде қызметін жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жібереді.

97

98

99

100

101

102 102. Таксимен тасымалдаушылар:

осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін техникалық жарамды такси автомобильдермен тасымалдауды жүзеге асырады;
қызметін заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырады;
«Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жолаушылар алдында тасымалдаушылардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасады;
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-10) тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес жоспарлы-алдын ала техникалық қызмет көрсету, жылжымалы құрамды жөндеу және рейс алдындағы бақылаудан өткізу үшін жағдайларды қамтамасыз етеді (мұндай база немесе оның жекелеген компоненттері болмаған жағдайда тасымалдаушылар осы қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсат құжаттары бар тиісті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындайтын субъектілермен шаруашылық шарттарын жасасады);
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес көлік құралдарын жүргізушілердің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өтуін және рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргізушілерді көлік құралдарын басқаруға жібермейді, сондай-ақ таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді;
жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтайды;
жүргізушілер персоналын белгіленген үлгідегі нысанды киіммен қамтамасыз етеді;
жүргізушілердің жолаушылар көлігі кәсіптік оқу-білім беру орталықтарында:
қаланың және көшелердің орналасуын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) және осы Ережені;
қауіптілігі жоғары әдеттегі жол-көлік ахуалдарын, жолдағы және метеорологиялық жағдайлар қиын болғанда көлік құралын қауіпсіз басқару негіздерін;
зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін;
жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларды эвакуациялау тәртібін білуді көздейтін кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтуін және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Такси автомобильдер шанақ периметрі бойынша «шаршылы белдеумен» және төбесінде орналасқан, әрі 500 метрге дейінгі қашықтықтан жақсы ажыратылатын айырым қалпақшасымен, алдыңғы есіктері тасымалдаушының логотипімен, артқы есіктері қызмет көрсететін диспетчерлік қызметтің нөмірлерімен және шанақтың артқы бүйір жақтары такси автомобильдің жеке тіркеу нөмірімен (гараж нөмірімен) жабдықталады. Айырым қалпақшасында «ТАХІ» (такси) деген жазу немесе тәуліктің қараңғы уақытында жарық түсіретін өзіндік «шаршылы белдеуі» болады.

103

104 104. Қажет болған кезде такси автомобильдер таксометрмен жарақтандырылады.

105 105. Такси автомобильдер диспетчерлік қызметпен (бар болса) радиоландырылған немесе ұялы байланыс құралдарымен жабдықталады.

106 106. Такси автомобильдің салонында жолаушыларға көрініп тұратындай:

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ тасымалдаушының ресми атауы көрсетілген жүргізушінің фотосуреті;
тасымалдау тарифі, сондай-ақ белгілі бір жағдайда қолданылатын арнайы тарифтер (әрбір багаж орнына, әрбір жануарға және т.б.);
астананың көлік органының, диспетчерлік қызметтің (бар болса) және «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің телефон нөмірлері болады.
Такси автомобильдің салонында қолжетімді жерде тасымалдау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бөлігінде осы Ережеден үзінді көшірме, сондай-ақ қаланың (астананың) картасы болады.
Осы тармақтың ережелері тіл туралы заңнамаға сәйкес орындалады.

107 107. Такси автомобильде:

1 1) қажетті дәрілер жиынтығы және медициналық заттар салынған медициналық қобдиша;

2 2) апат жағдайында тоқтау белгісімен;

3 3) жүргізуші тез қол жеткізетін орында бекітілген өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.

108 108. Такси автомобильдің алдыңғы орындықтары бас тіреуіштермен және қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталуы тиіс.

109

110

111 111. Такси автомобильдің жол қозғалысы және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі бөлігіндегі техникалық жай-күйі мен жабдықталуы олардың техникалық пайдаланылуы жөніндегі тиісті стандарттардың, ережелер мен басшылықтардың талаптарына жауап беруі тиіс.

112 112. Такси автомобиль салоны күн сайын дымқылдап сүртіліп тұруы тиіс.

113 113. Такси автомобильмен астанада жолаушыларды және жүкті тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерде:

тиісті санаттағы жүргізу куәлігі;
5 жылдан кем емес жүргізушілік еңбек өтілі;
жолаушыларды тасымалдауға жарамдылығы көрсетілген медициналық тексеруден өткені және жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өткені туралы анықтамасы болуы тиіс.

114

115 115. Диспетчерлік қызметтер:

жолаушылардан тапсырыстар қабылдау және оларды такси жүргізушісіне беру үшін сапалы көп арналы және жедел радиоландырылған немесе ұялы байланыспен қамтамасыз етеді;
тапсырыстардың уақтылы орындалуын және таксилердің берілуін бақылауды жүзеге асырады;
жолаушылардан түскен тапсырыстарды тіркеу журналын жүргізеді;
такси кешіккен немесе тапсырысты орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда таксиге тапсырысты ресімдеген адамға оның кешігетіні туралы дереу ескертеді немесе жолаушымен келісу бойынша қысқа мерзімде басқа таксимен ауыстырады;
таксиге тапсырыстар қабылдау туралы қала тұрғындарына аңық және шынайы ақпарат береді.

116 116. Такси автомобильдерінің тиімді жұмыс істеуі және оларды жолаушылардың пайдалануын қолайлы ету үшін ірі объектілердің - вокзалдардың, сауда орталықтарының, стадиондардың және басқа да қаланың жолаушылар жиналатын орындарында такси тұрақтарын жабдықтау және орналастыру ұйымдастырылады.

117

117. Такси тұрақтары өздеріне жүру бөлігінен оқшауландырылған 10-нан аспайтын такси автомобильді кіргізу және тұрғызуға арналған жайластырылған аумақты, жол сызбаларын, жол белгілерін, тұрақтың атауы және нөмірі көрсетілген трафаретті, "Таксиге отырғызу" көрсеткішін қамтиды. Такси тұрақтарын ағымдағы ұстау мен оларға қызмет көрсетуді қаланың аудандық әкімдіктері жүзеге асырады.

118 118. Жүру бөлігінің бойында тұрақта тұрған таксилер саны жайластырылған қалтарыста бес автомобильден (қалтарыссыз жерде үштен аспайды) аспауға тиіс.

119 119. Такси автомобильдердің тұрақтары тәуліктің қараңғы кезінде жарықтандырылуы тиіс.

120 120. Такси тұрақтарын осы Ереженің шарттарына сәйкес келетін таксимен тасымалдаушылар пайдаланады.

121 121. Такси автомобильге отырғызу арнайы жабдықталған такси тұрақтарында, көше-жол желісінің учаскелерінде және жолаушылардың тапсырыстары бойынша такси автомобильдерді беру орындарында жүргізіледі.

122 122. Такси автомобильге отырғызу және одан түсіру әбден тоқтағаннан кейін және жолаушыларды отырғызу және түсіру жүру бөлігіне жақын жерде тек қана автомобильдің оң жағынан орындалады.

123 123. Жолаушыны күту қажет болған жағдайда (оның өтініші бойынша) жолаушы жүргізушімен жүріп өткен жолы үшін толық есеп айырысуға міндетті.

124 124. Такси автомобильді жіберуге тапсырысты тасымалдаушы радиоландырылған немесе ұялы байланыс құралдары арқылы қабылдайды. Жолаушы жол жүру құнын жол жүру аяқталған соң төлейді.

125 125. Тапсырысты қабылдау және такси автомобильдерді жіберу арасындағы уақыт аралығы, сондай-ақ шұғыл тапсырыстарға ақы төлеу тәртібі мен мөлшері диспетчерлік қызметтермен (бар болса) келісу бойынша белгіленеді.

126

126. Алдын ала тапсырыс жасалған кезде жүргізуші такси автомобильдің тапсырыста көрсетілген уақытқа қарай жіберілуін қамтамасыз етеді, бұл ретте оның жолаушыны күту уақыты 10 минуттан аспайды. Осы уақыт өткеннен кейін жүргізуші жолаушыға немесе оған тапсырысты берген диспетчерлік қызметке (бар болса) хабарлап, тапсырыс орнынан кетеді.

127 127. Таксимен тасымалдау тарифтерінің мөлшерін тасымалдаушы белгілейді.

128 128. Жолаушы такси автомобильге отырған соң жүргізуші таксометрді (бар болса) іске қосады.

129 129. Жол жүру аяқталғаннан кейін таксометрдің (бар болса) көрсеткіштеріне сәйкес жолаушыға такси автомобильдің көрсетілген қызметі үшін түбіртек (чек) беріледі.

130 130. Такси автомобильді бірнеше жолаушы жалдаған жағдайда жол жүру төлемақысының жалпы сомасы жолаушылар арасында әрбір жолаушының жүріп өткен қашықтығына барабар бөлінеді.

131 131. Егер такси автомобильмен тасымалдау процесінде, оның ішінде жүргізушіге байланысты емес мән-жайларға орай оның қозғалысын жалғастыру мүмкін болмайтын ахуал туындаса, тасымалдау шарты мерзімінен бұрын бұзылды деп есептеледі, жолаушы жүріп өткен қашықтықтың құнын төлейді.

132 132. Таксидегі жол жүру ақысына жеңілдіктер жасауды тасымалдаушы көздейді.

133 133. Такси автомобильдің жүк бөлімшесінде жалпы салмағы автомобиль шығарушы регламенттеген салмақтан аспайтын жүкті тасымалдауға және жүк бөлімшесінің қақпағы жабық болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

134 134. Такси автомобильдің салонында есік арқылы еркін сиятын, салон қаптамаларын және оның жабдықтарын бүлдірмейтін әрі былғамайтын, жүргізушіге автомобильді жүргізуге және артқы айнаны пайдалануға кедергі келтірмейтін әртүрлі нәрселер мен заттарды тасымалдауға рұқсат етіледі.

135 135. Такси автомобильдерде ұсақ жануарлар мен құстарды себептерде, торларда немесе түбі бүтін сөмкелерде тасымалдауға рұқсат етіледі. Такси автомобильдерде иттерді тасымалдауға тек жүргізуші мен басқа жолаушылардың келісімі болған кезде ғана рұқсат етіледі.

136 136. Такси жүргізушілері:

жүру жолында қозғалыс жолағын алдын ала таңдайды, жылдамдық режимін реттейді және маневр жасауды көлік құралының барынша қауіпсіздігін және бірқалыпты жүруді қамтамасыз ететіндей түрде жүзеге асырады;
көлік құралының жол жүрісінің қауіпсіздігіне, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін техникалық ақауы болған жағдайда көлік құралын тоқтатып, барлық есіктерін ашады және жолаушыларды шығарады;
шұғыл жағдайларда 101, 102, 103 мамандандырылған қызметтеріне немесе «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне дереу жүгінеді;
жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда оқиғаның сипаттамасы туралы тиісті қызметтерге хабарлау үшін дереу шаралар қолданады және мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді, оларды шұғыл медициналық жәрдем пункттеріне жеткізуді ұйымдастырады;
көлік құралында жолаушы байқамай ұмыт қалдырған заттар болса, оларды қысқа мерзімде тасымалдаушы әкімшілігінің жауапты жұмыскерлеріне немесе «табылған заттар үстеліне» сақтауға тапсыруды қамтамасыз етеді;
такси автомобильде ақаулар анықталған кезде бұл туралы диспетчерлік қызметке (бар болса) дереу хабарлайды және жолаушының баратын жеріне немесе ең жақын жолаушылар көлігі аялдамасына дейін тез жетуіне жәрдемдеседі;
тасымалдау қауіпсіздігін және жолаушыларға жоғары қызмет көрсету мәдениетін қамтамасыз етеді;
жолға шығар алдында автомобильдің техникалық жай-күйін тексереді;
жүргізушінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден, сондай-ақ такси автомобильдің техникалық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметті жол парағына енгізуді қамтамасыз етеді;
музыка ойнатқыштарды немесе радиоқабылдағыштарды жолаушының келісімімен қосады және оларды жолаушының талап етуі бойынша сөндіреді.

137 137. Тапсырыстың орындалуына жеке өзі немесе телефон арқылы шақырылатын такси автомобильдегі жүргізуші мынадай себептер бойынша:

егер адамды құқық қорғау органдары қудаласа;
жолаушылардың саны автомобильдегі отыратын орындардың санынан асқан кезде;
жолаушының өміріне қауіп төнетін жағдайлардан басқа, жолаушы мас күйде немесе есірткіден уытталған күйде болған жағдайда;
жолаушының киімі, оның жүгі немесе ол алып жүретін жануарлар басқа жолаушыларға немесе автомобиль салонына зиян келтіруі мүмкін болған жағдайда;
қозғалысына тыйым салынған немесе апатты жағдайдағы жолдармен жүріп, қызмет көрсетуге шақырған кезде оны орындаудан бас тартуға құқылы.

138 138. Жүргізуші, егер жолаушылардың жүгі жүк бөлімшесіне сыйса және оған зиян келтірмесе, оны тасымалдауға тыйым сала алмайды.

139 139. Егер зақымдалуы Жол қозғалысы ережесінің және осы Ереженің бұзылуынан туындаса, тасымалдаушылар материалдық жауапкершілік тартады және жолаушылар денсаулығына, сондай-ақ олардың тасымалданған заттарына келтірілген зиянның орнын толтырады.

140

1 Жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдарының бағыттарында қызмет көрсетуге арналған конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

Аста­на­да жо­ла­у­шы­лар­ды
және жүк­ті ав­то­мо­биль
кө­лі­гі­мен та­сы­мал­дау ере­же­сіне
қо­сым­ша
Жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдарының бағыттарында қызмет көрсетуге арналған конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы
Р/с
N
Көр­сет­кіш­тер
Балл са­ны
1
2
3
1
Ав­то­бу­стар­ды, ша­ғын ав­то­бу­стар­ды
пай­да­ла­ну мер­зі­мі, (әр­бір ав­то­бус үшін):
3 жы­л­ға дей­ін;
4-тен 7 жы­л­ға дей­ін;
8-ден 10 жы­л­ға дей­ін;
10-нан 14 жы­л­ға дей­ін.
1
0,7
0,4
0,1
2
Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ның ти­е­сі­лі­гі:
же­ке мен­шік құқы­ғын­да­ғы;
жал­дау құқы­ғын­да­ғы.
Ес­керт­пе: ара­лас мен­шік ти­е­сі­лі­гі
ке­зін­де ба­ғыт­қа қыз­мет көр­се­ту үшін
қа­жет­ті кө­лік­тің жал­пы са­ны­нан ти­е­сі­лік
пай­ы­зы­на ба­ра­бар балл алы­на­ды.
5
3
3
Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған
өн­ді­рі­стік ба­за­ның бо­луы:
өз мен­ші­гін­де­гі жы­лы­ты­ла­тын га­раж­дар­дың
бо­луы ке­зін­де;
жы­лы­ты­ла­тын га­раж­дар­ды жал­ға алу ке­зін­де;
өз мен­ші­гін­де­гі жы­лы­тыл­май­тын
га­раж­дар­дың бо­луы ке­зін­де;
жы­лы­тыл­май­тын га­раж­дар­ды жал­ға алу
ке­зін­де;
ашық алаң­дар­да сақ­тал­ған кез­де.
5
4
3
2
0
4
Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге және
ағым­да­ғы жөн­де­у­ге ар­нал­ған өн­ді­рі­стік
ба­за­ның бо­луы:
өз мен­ші­гін­де­гі қа­жет­ті жаб­дық­тар
жиын­тығы мен пер­со­на­лы бар тех­ни­ка­лық
қыз­мет көр­се­ту және жөн­де­удің
жы­лы­ты­ла­тын ай­мақ­та­ры­ның бо­луы ке­зін­де
осын­дай ба­за жал­ға алын­ған кез­де;
өз мен­ші­гін­де­гі жы­лы­ты­ла­тын ба­за­ның
бо­луы;
10 кө­лік бір­лі­гіне 2 пост есе­бі­нен
кө­тер­гі­шпен неме­се қа­рау ары­гы­мен
жаб­дық­тал­ған, тех­ни­ка­лык қыз­мет көр­се­ту
және жөн­де­у­ге ар­нал­ған ең аз қа­жет­ті
цех­тар, учас­ке­лер жиын­тығ­ы­мен;
осын­дай ба­за жал­ға алын­ған кез­де;
жо­ға­ры­да атал­ған­дар бол­ма­ған кез­де. Ес­керт­пе: тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту
және жөн­де­удің жы­лы­ты­ла­тын ай­ма­ғы
аг­ре­гат­тар­ды, электр жаб­дық­та­рын жөн­деу
мен олар­га тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту,
ши­на жөн­деу, дәне­кер­леу, бо­яу орын­да­ры,
ТО-1 және ТО-2 по­сты­ла­ры бар цех­тар­дың,
учас­ке­лер­дің жиын­тығ­ын, 100 кө­лік
бір­лі­гіне 20 ма­ши­на ор­ны есе­бі­мен
қа­жет­ті кө­тер­гіш кө­лік жаб­дық­та­ры­мен
аг­ре­гат­тар­ды шы­ға­рып алу және қо­ю­ға
ар­нал­ған ай­ма­ғы­мен бір­ге қам­ти­ды.
5
3
4
2
0
5.
Аялдамаларды жариялауды жүзеге асыру нұсқалары:
көлік бірліктері хабарлаушы құралмен 100 пайыз жабдықталған кезде;
автоматтандырылған дауыс шығарғыш құрылғы арқылы;
жүргізуші немесе кондуктор хабарлайды;
кресло-арбаны
пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға бейімделген жылжымалы
құрамның болуы.
7
3
1
+0,1 әр
ав­то­бус
үшін
6.
Бас­шы­лық жа­са­у­шы буын­ның жо­ла­у­шы­лар
та­сы­мал­дау са­ла­сын­да­ғы жү­мыс тә­жі­ри­бе­сі:
3-тен 5 жы­л­ға дей­ін;
5-тен 8 жы­л­ға дей­ін;
8 жыл­дан аса.
2
4
6
7.
Жүр­гі­зу­ші пер­со­нал­дың жо­ла­у­шы­лар
та­сы­мал­дау са­ла­сын­да­ғы жү­мыс тә­жі­ри­бе­сі:
3-тен 5 жы­л­ға дей­ін;
5-тен 8 жы­л­ға дей­ін;
8 жыл­дан аса.
Ес­керт­пе: жүр­гі­зу­ші пер­со­нал­дың жұ­мыс
тә­жі­ри­бе­сін есеп­теу ке­зін­де ба­ғыт­қа
қыз­мет кер­се­ту үшін қа­жет­ті
жүр­гі­зу­ші­лер­дің жал­пы са­ны­нан ор­та­ша
балл есеп­ке алы­на­ды.
2
4
6
8.
Же­лі­ден шы­ғып қал­ған жы­л­жы­ма­лы
бір­лік­тер­ді ауы­сты­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар
жүй­е­сі:
же­лі­ден шы­ғып қал­ған кө­лік­тің
ауы­сты­ры­луын 0,5 са­ғат ішін­де қам­та­ма­сыз
ете­тін ре­зерв­тік кө­лік пен ұт­қыр
бай­ла­ныс қү­рал­да­ры (ра­дио­стан­ция, ұт­қыр
те­ле­фон) бар же­лі пер­со­на­лы­ның бо­луы
ке­зін­де;
же­лі­ден шы­ғып қал­ған кө­лік­тің
ауы­сты­ры­луын 1 са­ғат ішін­де қам­та­ма­сыз
ете­тін, бай­ла­ныс құ­ра­лы жоқ же­лі
пер­со­на­лын­сыз ре­зерв­тік кө­лік болған
кез­де;
жо­ға­ры­да са­на­ма­лан­ған­дар бол­ма­ған кез­де.
5
3
0
9.
Жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лы­ның жағ­дай­ла­рын
жақ­сар­та­тын қо­сым­ша ұсы­ны­стар:
ти­іс­ті ба­ғыт­та­ғы ав­то­бу­стар­дың неме­се
ша­ғын ав­то­бу­стар­дың түр­ле­рі мен
сы­нып­та­ры­ның бір­тек­ті­лі­гі.
+0,5
Комиссияның қалауы бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруда реттік нөмірі 9-жолдың «Жолаушылар тасымалының жағдайларын жақсартатын қосымша ұсыныстар» деген 2-бағанына қосымша өлшемшарттар (жылжымалы құрамның шанағын автоматты түрде жуу, электр қозғалтқыштары бар автобустар, табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автобустар) енгізіледі.

Қолданыстағы