Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Караганды
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 21
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Караганды
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 24.10.2007
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2011 35686_196468.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07KA000061
- ЭКБ идентификаторы
- 35686
- Редакция идентификаторы
- 35686_196468
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:54
0 Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
1 1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, сонымен қатар зейнетақының ең төменгі мөлшерін және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2 2. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім):
1 1) Бөлім тізімдеріне енгізілген, банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда ашылған алушылардың жеке шотына, ай сайынғы әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін;
2 2) ай сайынғы әлеуметтік көмекті қаржыландыруды, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражаттар есебінен жүргізсін;
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов).
4 4. Осы шешім 2007 жылғы 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
"Қарағанды қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы
М. Құсаинова