Кіру
Құжат мәтініне өту

О переходе на новые принципы оплаты содержания жилья и жилищно-коммунальных услуг

Өзге акт · № 100 · қабылданған 21.05.1996
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-357/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О переходе на новые принципы оплаты содержания жилья и жилищно-коммунальных услуг Күшін жойған Өзге акт ·№ 100 ·21.05.1996
21.05.1996 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переходе на новые принципы оплаты содержания жилья и жилищно-коммунальных услуг

Күшін жойған Өзге акт ·№ 100 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переходе на новые принципы оплаты содержания жилья и жилищно-коммунальных услуг
Атауы (қаз.)
Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
100
Қабылданған күні
21.05.1996
Көрсетілген редакция
21.05.1996 357_265773.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.1996
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V96U0000006
ЭКБ идентификаторы
357
Редакция идентификаторы
357_265773
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:22

0 Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.11.2001 № 225 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" N 1344 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi "Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы" N 437 қаулысын орындау үшiн тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын пайдаланудың ұзақтығын созу және халыққа тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету деңгейiн арттыру мақсатында оны дотациясыз жұмыс iстеу режимiне көшiруге байланысты:

1. Қала, аудан әкiмдерi:

- жергiлiктi мәслихаттармен келiсiп, 1996 жылы тұрғын үй-коммуналдық қызметтiң тарифтерiне бұл қызметтердi көрсетушi ұйымдардың шығындарын жабатын деңгейге жеткенге дейiн кезең-кезеңмен көшiру қамтамасыз етiлсiн.
1 кезең: 1996 жылғы 1 сәуiрден 1 шiлдеге дейiн- халық тұрғын үй-коммуналдық қызметтiң өзiндiк құнының 50 процентiн төлейдi;
II кезең: 1996 жылғы 1 шiлдеден 1 қазанға дейiн - халық тұрғын үй- коммуналдық қызметтiң өзiндiк құнының 75 процентiн төлейдi;
III кезең: 1996 жылғы 1 қазаннан бастап тарифтердi тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiн көрсетушi ұйымдардың шығындарын жабатын деңгейде белгiлейдi.
- 1996 жылғы 1 маусымға дейiн жергiлiктi атқарушы органдары қызметкерлерi санының лимитi шегiнде тұрғын үй-жәрдемақысын беру Орталығы құрылсын;
- аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын төлеу қаражаттарындағы мұқтаждығын 1996 жылғы 1 шiлдеге және 1 қазанға дейiн облыстық қаржы басқармасына ұсынсын, ал одан әрi қарай бюджеттiң жобасын жасау үшiн белгiленген мерзiмде берiп тұрсын;
- пәтерлер /үйлер/ иелерiнiң кооперативтерiн құру жөнiндегi iс- шараларды өткiзудi 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiн меншiк иелерi кооперативтерiн ұйымдастыруды анықтап, қамтамасыз етсiн. Осыған байланысты 1 маусымға дейiн оларды құру кестесiн бекiтсiн;
- облыстық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен қаржыландырылатын шараларды /бiрiншi кезекте-тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсету саласындағы/ атқарушыларды таңдаудың тендерлiк принципiне көшудi қамтамасыз етсiн.

2. Қазақстан Республикасы Їкiметi мынаны белгiлегенi мағлұматқа алынсын:

- тұрғын үйдi ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсету үшiн төлемақының мөлшерiн көрсетумен қатар жергiлiктi бюджеттер қаражаттарының есебiнен өз қамтамасыз етiлген отбасыларға адрестiк жәрдемақы беру арқылы халықты әлеуметтiк қорғау шаралары жүзеге асырылады деп отбасылардың тұрғын үйдi ұстау /мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу /жалдау/ шарты бойынша төлеу/ мен тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеуге арналған мүмкiндiк шегiндегi шығындарының үлесi отбасының жиынтық кiрiсiнiң 30 процентi мөлшерiнде белгiленсiн;
- аз қамтамасыз етiлген отбасылардың тұрғын үйдi ұстау /мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу,жалдау/ және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеудегi iс жүзiндегi шығындарын өтемдiк шаралармен қамтамасыз етiлген тұрғын үй көлемi нормасының және тұрғын үй-коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерiнiң шегiнде бұл мақсаттарға шығынның мүмкiндiк шегiндегi үлесiне балама сомалардан арттыру кезiнде тұрғын үй жәрдемақысы берiлсiн;
- тұрғын үй заңымен белгiленген отбасының әрбiр мүшесiне мемлекеттiк тұрғын үй берудiң баламалы нормасындағы, бiрақ жалғыз тұратын азаматтар үшiн бiр бөлмелi пәтерден кем емес, пәтерлердiң /үйлердiң/ пайдалы алаңы өтемдiк шаралармен қамтамасыз етiлген тұрғын үй алаңының нормасы үшiн қабылдансын. Бiр пәтерде тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшiн ақы төлеу жөнiндегi бөлек жеке шоттары бар бiрнеше отбасылар немесе азаматтар тұратын жағдайда тұрғын алаңның нормасы жеке тұрғын бөлмеден кем болмайды.

3. Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу жөнiндегi жұмысты облыс әкiмшiлiгiнiң тұрғын үй салу,сәулет және аумақтарда құрылыс жүргiзу жөнiндегi бөлiмiнде құрылған тиiстi секторына /тұрғын үй жәрдемақылары Орталығы/ жүктелсiн.

4. Облыс әкiмшiлiгi тұрғын үй салу, сәулет және аумақтарда құрылыс жүргiзу жөнiндегi комитетiнiң жанындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмi /Садырбаев, Мавлютин/;

- 1996 жылғы 1 маусымға дейiн тұрғын үй жәрдемақылары Орталығы туралы Ереженi және тиiстi құжаттар пакетiн жасауды қамтамасыз етсiн.
Халықтың тұрғын үйге, меншiк нысанына қарамастан көрсетiлген тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшiн төлейтiн ақысы заңда сол елдi мекенге белгiленген бiрыңғай ставкалар, тарифтер және нормативтер бойынша жүзеге асырылады.

5. Оңтүстiк Қазақстан облысы баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiне /Нұрмәдиева/ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсiпорындары оны кезең-кезеңмен дотациясыз негiзге көшiру кезiнде төлемдердiң ұстау негiздiлiгiн бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын. Қала, аудан әкiмдерiмен бiрiгiп, 1996 жылғы 1 қазанға дейiн тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бәсекелестiк жағдайды жасау және монополиясыздандыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырсын. 1 шiлдеге дейiн осы саладағы монополиясыздандыру жөнiндегi iс-шаралар тiзбесiн бекiтсiн.

6. Қала, аудан әкiмдерi осы шешiмнiң орындалуы туралы әр тоқсан сайын құрылыс салу, сәулет және аумақтарда құрылыс жүргiзу жөнiндегi комитетке ақпарат берiп тұрсын.

7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Қ.С. Iзбасхановқа жүктелсiн.

Қолданыстағы