О внесении изменений и дополнений в нормативные акты, регулирующие продажу объектов приватизации на торгах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в нормативные акты, регулирующие продажу объектов приватизации на торгах
- Атауы (қаз.)
- Жекешелендiру объектiлерiн сатудағы сауда-саттықты реттейтiн нормативтi актiлерге толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 12.02.1997
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2000 AI3574_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V970000038_
- ЭКБ идентификаторы
- 3574
- Редакция идентификаторы
- AI3574_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:12
0 Жекешелендiру объектiлерiн сатудағы сауда-саттықты реттейтiн нормативтi актiлерге толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 маусымдағы N 1260 "Мемлекеттiк меншiктi басқаруды жетiлдiру, қаржы тәртiбiн нығайту және Қарағанды облысында экономикалық реформаларды жеделдеу және тереңдету жөнiндегi шаралары туралы" қаулысында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1642 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" қаулысына сәйкес және мемлекеттiк меншiктегi өтiмсiз объектiлердi сату процесiн жеделдету мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi қаулы етедi:
📌 ЕСКЕРТУ. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 қаулысымен .
1. 1996 жылғы 22 ақпандағы N 60 "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондарды ұйымдастыру мен өткiзу туралы Ереженi бекiту туралы" қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлсiн:
а) 1.1.5. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1.1.5. Объектi бойынша сауда-саттықта Қатысушы " - Объектiнiң сауда-саттығына келiсетiндiгiн көпшiлiкке өз номерiн көтеру арқылы бiлдiретiн Қатысушы";
ә) 3.2. тармақ бiрiншi сөйлемнен кейiн мынадай сөздермен толықтырылсын:
"Аукционшы сауда-саттық басталар алдында әрбiр объектi бойынша объектiлердiң сауда-саттығына Қатысушылардың санын белгiлейдi. Егер объектiнiң сауда-саттығына Қатысушылардың саны екеуден кем болса, онда сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланады, үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықтан басқа жағдайда объектi жалғыз ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн" одан әрi текстi бойынша.
2. 1996 жылғы 7 ақпандағы N 37 қаулымен бекiтiлген "Акциялардың мемлекеттiк пакетiн аукциондарда сатудың тәртiбi туралы Ережеге" мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлсiн:
а) 1.1.4. мынадай редакцияда жазылсын:
"1.1.4. "Лот бойынша сауда-саттыққа Қатысушы" - Лоттың сауда-саттығына келiсетiндiгiн көпшiлiкке өз номерiн көтеру арқылы бiлдiретiн Қатысушы";
ә) 1.2.2. тармақ алынып тасталсын. 1.2.3. және 1.3.4. тармақтар 1.2.2. және 1.2.3. тармақтар болып есептелсiн;
б) 3.2. тармақтың бiрiншi сөйлемiнен кейiн мына сөздермен толықтырылсын:
"Аукционшы сауда-саттық басталар алдында әрбiр лот бойынша лоттың сауда-саттығына Қатысушыларды белгiлейдi. Егер лоттың сауда-саттығына Қатысушылардың саны екеуден кем болса, онда сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланады, үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықтан басқа жағдайда лот жалғыз ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн" одан әрi текстi бойынша;