Об Архитектурном совете столицы при Президенте Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об Архитектурном совете столицы при Президенте Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 434
- Қабылданған күні
- 12.11.2007
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2017 35752_688070.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U070000434_
- ЭКБ идентификаторы
- 35752
- Редакция идентификаторы
- 35752_688070
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:50
0 Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Астананың сәулет кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2 2. Қоса беріліп отырған:
1 1) Кеңестің құрамы ;
2 2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесінің ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 12 қарашадағы
N 434 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Астананың сәулет кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Назарбаев
Нұрсұлтан Әбішұлы
-
Қазақстан Республикасының Президенті, төраға
Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы
-
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төрағаның орынбасары
Тасмағамбетов
Иманғали Нұрғалиұлы
-
Астана қаласының әкімі, төрағаның орынбасары
Силецкий
Виталий Брониславович
-
«Астана қаласының Сәулет және қала Виталий Брониславович құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, хатшы
Кеңес мүшелері:
Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы
-
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Досаев
Ерболат Асқарбекұлы
-
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Досмағамбетов
Байыр Фарденұлы
-
"Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу жобалау институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры" (келісім бойынша)
Чиканаев
Аманжол Шаймерденұлы
-
профессор, Астана қаласының еңбек сіңірген сәулетшісі
Шетелдік тараптан Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Кеңес құрамына бес шетелдік сәулетші тартылуы мүмкін.
7 Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 12 қарашадағы
N 434 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Астананың сәулет кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) астананың аумағын дамыту мен құрылысын салу бас жоспарының мәселелерін жалпы үйлестіру үшін тұрақты жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
4. Астана қаласының жергілікті атқарушы органы Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - Кеңестің жұмыс органы) болып табылады.