Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типовых правил организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования

Бұйрық · № 501 · қабылданған 22.10.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35756/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Типовых правил организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования Күшін жойған Бұйрық ·№ 501 ·22.10.2007
27.07.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типовых правил организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования

Күшін жойған Бұйрық ·№ 501 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типовых правил организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования
Атауы (қаз.)
Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
501
Қабылданған күні
22.10.2007
Көрсетілген редакция
27.07.2017 35756_235456.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004995_
ЭКБ идентификаторы
35756
Редакция идентификаторы
35756_235456
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:56

0 Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2 2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М. Санатова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3 3. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім департаменттері осы бұйрықты білім беру ұйымдарының барлық аудандық (қалалық) бөлімдеріне жеткізсін.

4 4. "Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңес қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 923 бұйрығының (N 3254 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің
2007 жы­л­ғы 22 қа­зан­да­ғы
N 501 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген
Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) білім беру ұйымын алқалы басқару нысанының бірі болып табылады.

3 3. Қамқоршылық кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы қағиданы, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

4 4. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі ведомстволармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болады.

5 5. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз қызметтерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

2 2. Қамқоршылық кеңестің құрамы, құрылымы және қызметі

6 6. Қамқоршылық кеңес аталған білім беру ұйымының құрылтайшысы және білім алушылардың ата-аналарының бастамасы бойынша жалпы жиналыста құрылуы мүмкін.

7 7. Қамқоршылық кеңестің құрамына:

1 1) басқа да білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері;

2 2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер;

3 3) қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері;

4 4) демеушілер кіруі мүмкін.

8 8. Қамқоршылық кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажет болған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

9

9. Қамқоршылық кеңестің отырысында сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан арнайы өкілеттіксіз әрекет етеді, оны білім беру ұйымының, мемлекеттік органдар және басқа да тараптар алдында таныстырады. Төраға Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережелерге сәйкес қамтамасыз етеді.

10 10. Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасарын Қамқоршылық кеңес сайлайды.

11 11. Хатшыны Қамқоршылық кеңес сайлайды және ол Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді.

12 12. Қамқоршылық кеңестің отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес, жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар қажеттілікке қарай Қамқоршылық кеңес төрағасының шешімімен немесе Қамқоршылық кеңестің төрттен бір мүшелерінің талаптары бойынша өткізіледі.

13 13. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кемінде 2/3-сі отырысқа қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс берумен оның қатысып отырған мүшелерінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады.

14 14. Қамқоршылық кеңес жұмысының мақсаттары:

1 1) білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету;

2 2) білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау;

3 3) білім беру ұйымына қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;

4 4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету;

5 5) білім беру ұйымы жұмысының, оның ішінде қаржы қаражаттарын бөлу жұмыстары үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

15 15. Қамқоршылық кеңес жұмысының негізгі бағыттары:";

1 1) білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету;

2 2) тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету;

3 3) халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету;

4 4) білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу болып табылады;

5 5) білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің алдында есебін тыңдау болып табылады.

3 3. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату

16 16. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:

1 1) құрылтайшының бастамасы бойынша;

2 2) Қамқоршылық кеңестің бастамасы бойынша;

3 3) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.

Қолданыстағы