Қолданыстағы ред. 30.10.2007 (Редакция 35767_230810.kaz)

Алакөл ауданы Мәслихатының «Алакөл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы» от 30.10.2007 г. № 2-8 (Алакөл ауданы Мәслихатының «Алакөл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы»)

0

Алакөл ауданы Мәслихатының
«Алакөл ауданының ауылдық
елді мекендерде тұратын және
жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру ұйымдарының
әлеуметтік қызметкерлеріне
біржолғы әлеуметтік көмек
беру туралы»
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 3аңының 18 бабының
5 тармағына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ
ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Алакөл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс
істейтін әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлеріне 2007 жылғы бюджет қаражаты есебінен отын сатып
алуға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек төленсін.

2

2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі әлеуметтік
көмектің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі арқылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. Аудан әкімінің аппараты әлеуметтік қызметкерлердің жеке куәлігінің
нөмірі қоса көрсетілген тізімін аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ( бастығы Жазыбекұлы Т.Ж.)
тапсырылуын қамтамасыз етсін.

4

4. Аудандық әкімдік тапсырған тізімге сәйкес белінген қаржының
шегінде әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.

5

5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
С.Д.Меңлібаеваға жүктелсін.