О реорганизации сети учреждений профессионального образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации сети учреждений профессионального образования
- Атауы (қаз.)
- Кәсіптік білім мекемелері желісін қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 714
- Қабылданған күні
- 18.07.1999
- Көрсетілген редакция
- 18.07.1999 3578_261341.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.07.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99V0000210
- ЭКБ идентификаторы
- 3578
- Редакция идентификаторы
- 3578_261341
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:01
0 Кәсіптік білім мекемелері желісін қайта ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 94 шешімімен.
Кәсіптік білім жүйесін «Облыстық бюджет туралы» облыстық
Маслихаттың XIX сессияның шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы облыстық Маслихаттың 1999 жылғы 13 мамырдағы XXI
сессиясының шешімімен бекітілген қысқартылған көлемдегі бюджеттік
қаржыландыруға сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ «Білім туралы» 1999
жылғы 7 маусымдағы, «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» 1993 жылғы 12 қазандағы Қазақстан
Республикасы Зандары негізінде ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Лениногор қаласының әкімі (Щепетильников В.М.), Үржар
ауданының әкімі (Селиханов Т.М.), облыс білім департаменті (Байхонова
С.З.) төмендегі кәсіптік білім мекемелерің қайта ұйымдастыруды жүргізсін:
а) Лениногор қаласының № 7 және № 14 кәсіптік-техникалық кәсіптік- мектептері жойылсын.
№ 7 кәсіптік – техникалық мектептің базасында «Бастауыш кәсіптік даярлау орталығы» құрылсын.
б) Үржар ауданының № 18 кәсіптік-техникалық мектебі жойылсын, оның оқушылар құрамы және оқу-техникалық базасы Таскескен селосының
№ 20 кәсіптік-техникалық мектебіне берілсін.
в) Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжінің базасында 1999 жылдың 1 қыркүйегінен Ұлан ауданының «№ 2 кәсіптік-техникалық лицейі» мемлекеттік мекемесі ашылсын.
2. Облыстық білім департаменті № 23 кәсіптік-техникалық мектептің мүлік кешенін облыстық бюджеттен Зайсан аудандық бюджетіне беруді іске асырсын.
3. 1999-2000 оқу жылына кәсіптік-техникалық мектептерге жетім балалардан, әл-ауқаты төмен, көп балалы отбасыларынан 800 оқушыны қабылдау жоспары бекітілсін.
4. Облыстық білім департаменті, конкурстық комиссия (Құрманғалиев А.А.) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің сұраныстарына сәйкес
педагогикалық бейінде орта арнайы оқу орындарында 150 маман дайындауға мемлекеттік тапсырысты белгілесін.