Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын үй көмегінің нұсқаулығын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын үй көмегінің нұсқаулығын бекіту туралы от 11.10.2007 г. № 2/23 (Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын үй көмегінің нұсқаулығын бекіту туралы)
1. Қоса беріліп отырған «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын үй көмегінің нұсқаулығы » бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық жұмыспен қамту
бағдарламалар бөлімі мекемесінің
бастығы Ж.Тұманбаева
11 қазан 2007 жыл
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы «11» қазандағы
№2/23 шешімімен бекітілген
Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарга) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын үй көмегінің НҰСҚАУЛЫҒЫ
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Қазақстай Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Байланыс туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарына, облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 14 мамырдағы №19/195 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсету тәртібі туралы Ережеге» сәйкес жасақталған.
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілген тұрғын үй көмегі (түрғын үй көмегі) - отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға төленген (жеке тұрғын үйден басқа) шығын орнын толтыратын өтемақы.
2. Тұрғын үй көмегі халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмектерінің бірі болып табылады және ол тұрақты берілген мекен-жайда тұратын тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуге уәкілетті орган «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме (бұдан әрі уәкілетті орган) болып табылады.
4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге шыққан нақты шығыны, осы мақсатқа жұмсалатын шекті шығын деңгейінен асып кеткен жағдайда тағайындалады. Тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге шекті деңгейден жұмсалатын шығын, жалғыз басты зейнеткер, жалғыз басты мүгедектердің барлық тобына (тек қана екі зейнеткер, мүгедектерге) жиынтық табыстан он пайыз мөлшерінде белгіленеді. Бұл жағдайда отбасының нақты табысы әлеуметтік норма шегінде есептеледі.
5. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі бұйрығымен бекітілген 2002 жылғы 13 ақпандағы № 31 «Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеу Ережелеріне» және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2002 жылғы 27 наурыздағы № 11-1-11/1367
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамаларды қолдану тәртібі туралы» кепілдемелеріне сәйкес есептеледі.
6. Тұтыну нормалары және тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылатын тұрғын үй шығын мөлшері, коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативтері (тұрғын үй шығындары, жылу-су жабдықтау, газ жабдықтау, канализация, электр жабдықтау, қоқыс шығару, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес тағайындалады.
7. Тұрғын үй көмегі меншік иесіне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің төлемін азайтуға қолма-қол емес нысанды түрде аударылады. Тұрғын үй көмегінің мөлшері нақты тұрғын үй көмегінің мөлшері нақты тұрғын үй және комму нал дық қызметке есептелген сомадан аспайды.
8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері ай сайын сол айға бекітілген тарифтер, тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған шығындар құны негізінен есептеледі.
9. Тұрғын үй көмегін есептеуге коммуналдық қызметтердің тарифтері мен өзгерістерін қызмет көрсетушілер ұсынады.
- 2. Тұрғын үй көмегін көрсету жағдайлары
10. Азаматтар (отбасылар) тұрғын үй көмегін тағайындауға уәкілетті органға бекітілген үлгіде арызбен хабарласады.
Арызға төмендегідей құжаттар жалғанады:
алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
берілген түрғын үйге құқығын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
мекен-жайда түрақты тіркеуде екендігін дәлелдейтін тұрғындарды кітабының көшірмесі;
11. Қазақстан Республикасы заңдар жиынтығы актілеріне сәйкес өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауапты.
12. Тұрғын үй көмегін алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерінің табыстары туралы құжаттармен расталады.
13. Меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар немесе үйін жалға беруші азаматтар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
14. Уәкілетті органға жалған ақпарат беру арқылы заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі заңдар жиынтығында көрсетілген тәртібі бойынша қайтарылып алынады.
15. Күтуді қажет ететін 1 және 2 топ мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі бала күнінен мүгедектерге, 80 жастан асқан, өзге адамның көмегіне мұқтаж азаматтарға күтім жасаушылар, 3 жасқа дейінгі (бір немесе одан да көп) бала, сонымен қатар төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеумен шұғылданушы, соңғы баласы бірінші сыныпты бітіргенше, бірақ 9 жастан аспау керек, басқа еңбекке жарамды жұмыс жасамайтын және жұмыспен қамту бөлімінде тіркелмеген тұлғалары бар отбасыларға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
16. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға, даярлау және қайта даярлауға
қатысуды тоқтатқан жұмыссыздар 6 айға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
17. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруіне немесе оны алу құқығына ықпал ететін өзгерістер туралы мәліметтерді 10 күн ішінде уәкілетті органға хабар лайды.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау
18. Тұрғын үй көмегін тағайындау немесе қабылдамау туралы шешім меншік иесінің арызы және оған қосымша тіркелген құжаттар негізінде осы Ереженің 2 тарауының 12 тармағына сәйкес қабылданады.
19. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап сол тоқсанға алу құқығы бар жағдайда тағайындалады.
20. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін алуға тапсырылған құжаттар негізінде анықталады. Отбасының жиынтық табысына тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмектен басқа, белгіленген мерзімде ақшалай немесе табиғи нысанда алынған нақты табысы есептеледі.
21. Отбасының (азамарың) жиынтық табысына сондай-ақ мыналар қосылады: тұрғын үй көмегін есептеуге кірісі жоқ отбасылар үшін өткен тоқсандағы жиынтық табысы кедейшілік шегі мөлшерінде есептеледі;
егер табысы жоқ отбасында коммерциялық бөлімде оқитын студенттер болған жағдайда оқуға төленетін төлем есептеледі.
22. Бірінші және екінші топ мүгедектерін, 16 жасқа дейінгі бала күнінен мүгедектер, сексен жастан асқан, өзге адамның көмегін қажет ететін азаматтарды күтумен шұғылданатын тұлғалардың табысы, 1,2 топ мүгедектерінің, 16 жасқа дейінгі және сексен жастан асқандардың зейнетақы мен жәрдемақыларының мөлшеріне қосылатындықтан, олардың табысы сұралмайды.
23. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің өтем ақы шараларымен қамтамасыз етілетін әлеуметтік нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеу үшін нақты төлемі мен отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде еоептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау формул асы:
К = ТҮЕТ- (txt)
К- түрғын үй көмегінің мөлшері;
ТҮЕТ- тұрғын үйге есептелтен төлем (белгіленген әлеуметтік нормалар шегінде);
Т-отбасының жиынтық табысы;
t-тұрғын үй төлемін өтеуге шығатын шығын норматив! (10%; 20%)
24. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмін туған жағдайда уәкілетті орган құжаттарды учаскелік комиссияға беріп өтініш берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын тексереді.
4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жіне төлеу
24. Тұрғын үй көмегінің төлемі аудандық бюджет қоры негізінен жүзеге асырылады:
«Қазақстан Халық банкі» (бұдан әрі-банк) АҚ Маңғыстау филиалы арқылы, ММ-мен (қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жасалған Агенттік келісім бойынша;
тағайындалған көмек сомасын тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетіп, қызмет көрсетуші кәсіпорындардың есёп шотына аудару арқылы.
25. Уәкілетті орган ұсынылған тұрғын үй көмегінің сомасы көрсетілген ' меншік иелерінің тізімін жасайды және тоқсан сайын жиынтық ведомостарға шығын орнын толтыру үшін өзі орналасқан жердегі қаржы органына тапсырады. -
26. Ай сайын тағайындалған тұрғын үй көмегінің тізімі негізінде қызмет көрсетуші кәсіпорындармен тағайындалған көмек сомасына 2 данада акт- салыстырма жасалады, акт-салыстырмаға уәкілетті орган және коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорын өкілдері қол қояды.
27. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін төлеуге жасалынған тізім негізінде және ол түпкілікті жиынтық сомасымен сәйкес келген жағдайда, отбасы санын көрсетіп, ағымдағы айдың 10-на дейін аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға тапсырыс жасайды.
28. Дұрыс емес ресімделген құжаттар негізінде заңсыз тағайындалган тұрғын үй көмегіне кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген тәртіп бойынша жауапқа тартылады.
5. Есеп беру.
29. Уәкілетті орган тоқсан сайын белгіленген нысанда жасалган есебінде аудандық қаржы бөліміне, Маңғыстау облысының жұмыспен қамуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне тағайындалған және төленген тұрғын үй көмегінің сомасы туралы мәлімет береді.
6. Бақылау
30. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалуына бақылау, Қазақстан Республикасының Заңнамасымен бёлгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.