О некоторых вопросах акционерного общества "Аэропорт Коркыт Ата"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества "Аэропорт Коркыт Ата"
- Атауы (қаз.)
- "Қорқыт Ата әуежайы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1121
- Қабылданған күні
- 21.11.2007
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI35860_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070001121_
- ЭКБ идентификаторы
- 35860
- Редакция идентификаторы
- AI35860_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:47
0 "Қорқыт Ата әуежайы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. "Қорқыт Ата әуежайы" акционерлік қоғамының коммуналдық меншіктегі, жарияланған акцияларының жалпы санының 100 пайызы мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеті заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1 1) Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2 2) "Қорқыт Ата әуежайы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне берсін.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 қарашадағы
N 1121 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
1 1) Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Қызылорда облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 768-1-жол алынып тасталсын;
"Қостанай облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 809-жол алынып тасталсын;
2 2) Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Қызылорда облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 218-5-жолмен толықтырылсын:
218-5 "218-5. "Қорқыт Ата әуежайы" АҚ";
"Қостанай облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 229-10-жолмен толықтырылсын:
229-10 "229-10. "Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ".
2 2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 160-20 мен 160-21-жолдармен толықтырылсын:
"160-20 "Қорқыт Ата әуежайы" АҚ
160-21 "Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ".