Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения количественно-качественного учета хлопка

Бұйрық · № 651 · қабылданған 29.10.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35867/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения количественно-качественного учета хлопка Күшін жойған Бұйрық ·№ 651 ·29.10.2007
17.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения количественно-качественного учета хлопка

Күшін жойған Бұйрық ·№ 651 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения количественно-качественного учета хлопка
Атауы (қаз.)
Мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
651
Қабылданған күні
29.10.2007
Көрсетілген редакция
17.01.2012 AI35867_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070005003_
ЭКБ идентификаторы
35867
Редакция идентификаторы
AI35867_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:53

0 Мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы

"Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу ережесі бекітілсін.

2 2. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің м.а.
2007 жылғы 29 қазандағы
N 651 бұйрығымен
бекітілген
Мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі операцияларды ресімдеу және есептеу тәртібін реттейді.

2 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мақта иесі - меншік құқығында шитті мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;

2 2) кондициялық салмақ - осы Ережемен айқындалған ластану мен ылғалдылықтың бірыңғай нормаларына келтірілген мақтаның салмағы;

3 3) мақтаның мөлшерлік-сапалық есебі - шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу кезіндегі мақтамен жасалатын барлық операциялардың есеп және тіркеу жүйесі;

4 4) мақта партиясы - мақтаның сапасы туралы мәліметтері бар құжаттармен ресімделген, селекциялық және өнеркәсіптік сорты бір, сапасы бойынша бірдей мақтаның оқшау көлемі;

5 5) нақты салмағы - таразыда өлшеу жолымен айқындалған мақта салмағы;

6 6) шитті мақтаның есептік салмағы - осы Ережемен айқындалған ластану нормасына келтірілген шитті мақтаның салмағы.

3 3. Мақтамен жүргізілетін барлық операциялар, мөлшерлік-сапалық есебі және сәйкес құжаттарды ресімдеу 1 килограмға дейінгі дәлдікпен нақты, есептік және кондициялық салмақта жүргізіледі. Мақта қолхаттарын ресімдеу кезінде нақты салмағы мен кондициялық салмақ ескеріледі.

2 2. Мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдауды ресімдеу

4 4. Мақта қабылдау пунктіне түсетін шитті мақтаны белгіленген тәртіппен тексеруден өткен таразыларда өлшенгеннен кейін саны бойынша ІІ-аймақтың тауартанушысы қабылдайды. Өлшеу нәтижелері осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдау журналына енгізіледі.

5 5. Шитті мақтаны қабылдау тауарлық-көліктік жүкқұжаттар негізінде партиялармен жүргізіледі. Күні бойы әрбір тауарлық-көліктік жүкқұжат бойынша қабылданған шитті мақтаның нақты салмағын жазу өнеркәсіптік сорттар бойынша бөлек жүргізіледі.

6 6. Шитті мақтаның сынамаларын іріктеу шитті мақтаны өлшегеннен кейін жүргізіледі. Сынамаларды іріктеуді шитті мақтаны түсіру орындарында жүргізуге жол беріледі.

7 7. Қабылданған шитті мақтаның сапа көрсеткіштерін айқындауды мақта қабылдау пунктінің зертханасы жүргізеді.

8 8. Шитті мақтаның сынамасын талдау нәтижелерін мақта қабылдау пунктінің зертханасының зертханашысы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны талдау карточкасына және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналына енгізеді.

9

9. Тауарлық-көліктік жүкқұжаттар мен шитті мақтаны талдау карточкалары негізінде мақта қабылдау пунктінің бухгалтері бір күнде қабылданған селекциялық сорты бір, жинау түрі мен мақсаты (тұқымдық, техникалық) бір шитті мақтаға және соңынан жиналғанға бөлек үш данада осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны қабылдау туралы квитанция ресімдейді, оның біреуін мақта иесіне береді.
Шитті мақтаны қабылдау туралы квитанцияда әрбір өнеркәсіптік сорт бойынша бөлек зертханалық талдаулар негізінде ластану мен ылғалдылықтың нақты пайызы жазылады.

10

10. Бір күндік жиынтық мәліметтер қабылданған шитті мақтаның әрбір партиясы бойынша шитті мақтаны қабылдау туралы квитанциялардан күн сайын осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның мөлшерлік-сапалық есебі кітабына шитті мақтаның кірісіне жазылып отырады. Шитті мақтаның мөлшерлік-сапалық есебі кітабында шитті мақтаның есебі нақты салмағы, есептік салмағы және кондициялық салмақ бойынша жүргізіледі.

11 11. Ластану мен ылғалдылықтың орташа өлшенген көрсеткіштерін есептеу үшін күн соңында шитті мақтаны қабылдау туралы квитанцияның екі данасы тауарлық-көліктік жүкқұжаттармен бірге мақта қабылдау пунктінің бухгалтериясына беріледі.

12 12. Бір күндік қабылдау ішіндегі немесе жалпы партиялар бойынша шитті мақтаның ластануы мен ылғалдылығының орташа өлшенген көрсеткіштерін есептеу мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:

100 - З н
З ф = 100 - М р      -------------- ,
М ф
100 +  W н
W ф = М р      -------------- - 100 ,                                М к
мұндағы: З ф - орташа өлшенген ластану, %;
З н - 2,0 %-ға тең ластану нормасы;
W ф - орташа өлшенген ылғалдылық, %;
W н - 9,0 %-ға тең ылғалдылық нормасы;
М ф - шитті мақтаның нақты салмағы, кг;
М р - шитті мақтаның есептік салмағы, кг;
М к - шитті мақтаның кондициялық салмағы, кг.

13 13. Мұнымен қатар мақта қабылдау пунктінің бухгалтериясына қабылданған партиялар қиығында шитті мақтаны талдау карточкалары беріледі.

3 3. Шитті мақтаның кондициялық салмағын айқындау

14 14. Шитті мақтаның кондициялық салмағын есептеу қабылданған күні айқындалған ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі және ақырғы болып табылады.

Жинақталған партиялардан іріктелген шитті мақтаның сынамалары бойынша қабылдаудан кейін жүргізілген сорт, ылғалдылық және ластану бойынша талдаулар нәтижелері қабылдау кезінде анықталған шитті мақтаның сапа көрсеткіштері мен қабылдау күніне белгіленген шитті мақтаның кондициялық салмағын өзгертуге негіз бола алмайды.

15 15. Шитті мақтаның кондициялық салмағын килограммен есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

100 + W н
М к = М р   -----------------;
100 + W ф
100 - З ф
М р = М ф    -----------------,
100 - З н
мұндағы М ф - шитті мақтаның нақты салмағы, кг;
М р - шитті мақтаның есептік салмағы, кг;
W н - 9,0 %-ға тең ылғалдылық нормасы;
W ф - шитті мақтаның нақты ылғалдылығы, %;
З н - 2,0 %-ға тең ластану нормасы;
З ф - шитті мақтаның нақты ластануы, %.

4 4. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен тиеп жөнелтуді ресімдеу

16

16. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелту селекциялық және өнеркәсіптік сорттар, жинау түрлері бойынша біртекті партиялармен жүзеге асырылады және тауарлық-көліктік жүкқұжаттармен (үш данада) ресімделеді. Мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелтілетін шитті мақта міндетті түрде өлшеуге жатады.

17 17. Мақта қабылдау пунктінің зертханасы тиеп жөнелтілетін шитті мақтаға барлық жағдайларда ластануы мен ылғалдылығына талдау жүргізеді.

Жауын-шашын немесе ауа температурасы жоғары болған жағдайда сынамаларды іріктеу партияны жөнелтуден бір сағат бұрын жүргізіледі.

18

18. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелту кезінде тауарлық-көліктік жүкқұжат бланкіде шитті мақтаның салмағы (брутто, ыдыс, нетто), сорты және лауазымды тұлғалардың қолдары көрсетілуі тиіс. Шитті мақтаның тиеп жөнелтілетін партиясының ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері тиеп жөнелтілетін күнгі соңғы тауарлық-көліктік жүкқұжатқа жазылады.

19 19. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелту кезінде мақта қабылдау пунктінің зертханашысы біріктірілген сынама құрайды. Барлық біркүндік партияның мәліметтері күн сайын шитті мақтамен соңғы машинаны жөнелту кезінде соңғы жүкқұжатқа жазылады.

20

20. Тауарлық-көліктік жүкқұжаттарда сорт көрсеткішін мақта қабылдау пункті шитті мақтаның мөлшерлік-сапалық есебі кітабының мәліметтері бойынша, ал ластану мен ылғалдылық көрсеткіштерін - шитті мақтаның партиясын мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуге дейінгі талдаулар мәліметтері бойынша көрсетеді.

21 21. Алдыңғы партияны тасу аяқталғанға дейін шитті мақтаның басталған партиясын тасуды тоқтатуға немесе басқа партияны тасуды бастауға жол берілмейді.

22 22. Мақта тазалау зауытынан тыс жерде орналасқан мақта қабылдау пунктінен шығарылған шитті мақтаның әрбір партиясы бойынша осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жіберу мен қабылдауды салыстырып тексеру акті жасалады.

23 23. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жіберу мен қабылдауды салыстырып тексеру актіні мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі, мақта қабылдау пунктінің зертханасының меңгерушісі мен бухгалтер құрамындағы комиссия осы партияны шығарғаннан кейін бес күннен кешіктірмей жасайды.

24

24. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жіберу мен қабылдауды салыстырып тексеру акті шитті мақтаның мөлшерлік-сапалық есебі кітабының мәліметтері негізінде үш данада жасалады, оның екеуі қарастыру және сол бойынша шешім шығару үшін тасу аяқталған күннен бастап бескүндік мерзімнен кешіктірмей мақта тазалау зауытына жіберіледі.

25

25. Мақта қабылдау пунктінде сақтау кезінде шитті мақтаны бір партиядан екінші партияға ауыстырған жағдайда, бұл ауыстыру құжат бойынша расталуы және шитті мақтаның мөлшерлік-сапалық есебі кітабына енгізілуі тиіс (бір партияда кіріске алынды, екінші партияда шығысқа шығарылды). Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жіберу мен қабылдауды салыстырып тексеру актінде шитті мақтаның салмағы осы ауыстыруды ескере отырып көрсетілуі тиіс.

26 26. Шитті мақтаны бір материалды жауапты тұлғадан екіншісіне өлшеусіз және актімен ресімдеусіз беруге жол берілмейді.

5 5. Шитті мақтаны мақта тазалау зауытында қабылдауды ресімдеу

27 27. Мақта қабылдау пунктілерінен мақта тазалау зауытына түсетін барлық шитті мақта қабылдау кезінде қайта өлшеуге жатады.

28 28. Егер мақта тазалау зауытында мақта қабылдау пунктілерінен шитті мақтаны қабылдау кезінде мақта талшығының төменгі сорттарға ауысуы орын алса, мақта тазалау зауытының басшысы әрбір жағдай бойынша себептерін анықтайды (партияны жинақтау кезінде сапаны дұрыс бақыламау, шитті мақтаны бүлдіру).

29 29. Мақта қабылдау пунктілерінен шитті мақта түсу процесінде мақта тазалау зауытында сорты бір, бірақ мақта талшығының күтулі сорты бойынша бағалауы әртүрлі шитті мақтаны бір партияға жинақтауға жол берілмейді.

30 30. Мақта тазалау зауытында мақта қабылдау пунктілерінен шитті мақтаны қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

шитті мақтаның сорты мақта қабылдау пунктілерінің мәліметтері бойынша ескеріледі;
шитті мақтаның нақты салмағы өлшеу арқылы белгіленеді;
шитті мақтаның есептік салмағы мен кондициялық салмағы мақта тазалау зауытының зертханасы айқындаған ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері бойынша есептеледі. Ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері бойынша мақта қабылдау пункті мен мақта тазалау зауыты арасындағы қайшылықтар осы Ережемен реттелетін жол берілген белгіленген шамалардан аспаған жағдайларда, кондициялық салмақты есептеу үшін мақта қабылдау пунктінде белгіленген ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері қолданылады.

31

31. Мақта тазалау зауыты мен мақта қабылдау пунктінде талдаулар белгіленген жол берілгендерден көп қайшылықта болса мақта қабылдау пунктінің өкілі шақырылып, оның қатысуымен қалған сынамаға талдау жүргізіледі. Егер қайшылықтар жол берілген аутқулардан жоғары болса, мақта қабылдау пунктінен бір күнде түскен шитті мақтаның кондициялық салмағын белгілеу үшін талдаулар нәтижелері ақырғы болып табылады. Басқа жағдайда есептеулер үшін мақта қабылдау пунктінің талдау көрсеткіштері қолданылады.

32 32. Мақта қабылдау пунктінен түсетін шитті мақтаның әрбір партиясы бойынша тәуліктік орташа сынама іріктеу жүргізіледі.

Мақта тазалау зауытының зертханасының талдау нәтижелері осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналына жазылады. Мақта тазалау зауытының бухгалтериясына осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны талдау карточкасы беріледі.

33 33. Мақта тазалау зауытына түсетін шитті мақта өлшеуден кейін ІІ-аймақтың тауартанушысы мен мақта тазалау зауытының бухгалтериясы жүргізетін шитті мақтаның мөлшерлік-сапалық кітабына кіріске енгізіледі.

Бір күнде қабылданған және шитті мақтаның жалпы жинақталған партиясы бойынша ластану мен ылғалдылықтың орташа өлшемді пайыздары осы Ереженің 12-тармағына сәйкес айқындалады.

34

34. Шитті мақта мақта тазалау зауытының балансы бойынша кондициялық салмақта, ал шитті мақтаның мөлшерлік-сапалық кітаптарында - нақты салмағы, есептік салмағы және кондициялық салмақ бойынша есептеледі. Шитті мақтаның партиялары бойынша айлық айналымдар мен өтпелі қалдықтар шитті мақтаның мөлшерлік-сапалық кітаптары мен айналма ведомостердегі жазулар негізінде салыстыру жолымен шитті мақтаның мөлшерлік-сапалық кітаптары бойынша баланстық талдау есебі мәліметтерімен салыстырылады. Айналма ведомостерде шитті мақтаның кірісі мақта қабылдау пунктілерінің қиығында жазылады.

6 6. Шитті мақтаны тазалауды ресімдеу

35

35. Мақта тазалау зауытына жинақталған шитті мақтаның партиялары осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес өндірістік тапсырма негізінде өндіріске жіберіледі. Бұл ретте шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің сапа көрсеткіштері шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің сапа көрсеткіштерін тіркеу зертханалық журналының мәліметтері бойынша көрсетіледі.

36 36. Мақта талшығының кондициялық салмағын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

100 + W н
М к = М ф   -----------------,
100 + W ф
мұндағы М к - мақта талшығының кондициялық салмағы, кг;
М ф - мақта талшығының нақты салмағы, кг;
W н - 8,5 %-ға тең ылғалдылық нормасы;
W ф - мақта талшығының нақты ылғалдылығы, %.

37 37. Мақта тұқымының кондициялық салмағын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

100 + W н
М к = М ф   -----------------,
100 + W ф
мұндағы М к - мақта тұқымының кондициялық салмағы, кг;
М ф - мақта тұқымының нақты салмағы, кг;
W н - 8,5 %-ға тең ылғалдылық нормасы;
W ф - мақта тұқымының нақты ылғалдылығы, %.

38 38. Линттің кондициялық салмағын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

100 - З ф
М р = М ф   -----------------,
100 - З н
100 + W н
М к = М р   -----------------,
100 + W ф
мұндағы М ф - линттің нақты салмағы, кг;
М р - линттің есептік салмағы, кг;
W н - 8,0 %-ға тең ылғалдылық нормасы;
W ф - линттің нақты ылғалдылығы, %.
З н - 3,5 %-ға тең ластану нормасы;
З ф - линттің нақты ластануы, %.

39 39. Талшықты қалдықтардың кондициялық салмағын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

100 - З ф
М р = М ф   -----------------,
100 - З н
100 + W н
М к = М р   -----------------,
100 + W ф
мұндағы М ф - талшықты қалдықтардың нақты салмағы, кг;
М р - талшықты қалдықтардың есептік салмағы, кг;
W н - 9,0 %-ға тең ылғалдылық нормасы;
W ф - талшықты қалдықтардың нақты ылғалдылығы, %.
З н - 10,0 %-ға тең ластану нормасы;
З ф - талшықты қалдықтардың нақты ластануы, %.

40

40. Мақта тазалау зауытында кезек нәтижелері бойынша осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес мақта талшығын бумалап өлшеу, осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес өндірістен қабылданған мақта талшығы мен қосалқы өнімге рапорт және осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес өндірістен қабылданған мақта тұқымына рапорт ресімделеді, олар жоспарлау бөліміне беріледі.

41 41. Мақта талшығын бумалап өлшеу, өндірістен қабылданған мақта талшығы мен қосалқы өнімге рапорт және өндірістен қабылданған мақта тұқымына рапорт мәліметтерін дайын өнім тауартанушысы осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес өндіруден түскен қайта өңдеу өнімдерінің есеп журналына енгізеді.

42 42. Қайта өңделген шитті мақтаны мақта иелері бойынша бөлу осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес қайта өңдеу және дайын өнімнің түсуі туралы есеппен ресімделеді, ол шитті мақтаның партиясын тазалау аяқталғаннан кейін мақта иесіне беріледі.

43

43. Мақта талшығының, тұқымның шығымын және иістер мөлшерін тексеру үшін мақта тазалау зауытында жүйелі түрде мақта тазалау зауыты жанындағы мақта қабылдау пункті мен мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс жерде орналасқан мақта қабылдау пункті бойынша шитті мақтаны бақылаулық іріктеулер жүргізіледі.

7 7. Шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдерін тиеп жөнелтуді ресімдеу

44 44. Шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдерін тиеп жөнелтуді материалды жауапты тұлға осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес мақта тазалау зауытының басшысы, бухгалтер, техникалық бақылау бөлімінің (бұдан әрі - ТББ) бастығы және дайын өнім тауартанушысы қол қойған бұйрық негізінде жүзеге асырады.

Тиеп жөнелтуге арналған бұйрықтар алынған тиеп жөнелтуге арналған бұйрықтар есебі журналын жүргізетін мақта тазалау зауытының есепші жұмыскеріне беріледі.

45

45. Мақта талшығын темір жол көлігімен тиеп жөнелткен кезде темір жол жүкқұжаттары мен мақта талшығы сапасының паспорты негізінде осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес мақта талшығын темір жол көлігімен тиеп жөнелту тізілімі жасалады. Тиеп жөнелтілетін мақта талшығына темір жол жүкқұжаты және мақта талшығы сапасының паспорты қоса беріледі.

46

46. Мақта тұқымын, линтті және талшықты қалдықтарды автомобиль көлігімен тиеп жөнелту тауарлық-көліктік жүкқұжаттармен және сапа туралы құжатпен ресімделеді, солардың негізінде осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес автомобиль көлігімен тиеп жөнелтілген мақта тұқымы, линт және талшықты қалдықтар жүкқұжаттарының тізілімі жасалады.

47 47. Тиеп жөнелтуге арналған бұйрық, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар, тиеп жөнелту тізілімдері, мақта талшығының сапасы паспорттарының көшірмелері бухгалтерияға тапсырылады. Осы құжаттар бойынша шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдері шығынға шығарылады.

48 48. Әрбір мақта иесіне жіберуге жататын мақта көлемі мақта қолхаттарына сәйкес анықталады.

8 8. Шитті мақтаны қабылдау мен тиеп жөнелту нәтижелерін салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі

49

49. Мақта қабылдау пунктілерінен келіп түскен шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жіберу мен қабылдауды салыстырып тексеру актілерін мақта тазалау зауытының басшысы олар мақта тазалау зауытына келіп түскен күннен бастап бескүндік мерзімде қарайды. Әрбір акт бойынша басшы кемдіктерді өтеу және артылғанды кіріске алу туралы жазбаша шешім ресімдейді.

50

50. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жіберу мен қабылдауды салыстырып тексеру актінің бір данасы мақта тазалау зауытында қалады, актінің екінші данасы мақта тазалау зауыты басшысының шешімімен бірге мақта қабылдау пунктіне жіберіледі және кемдіктерді өтеу мен артылғанды кіріске алу үшін негіз болады.

51 51. Егер салыстырып тексеру кезінде шитті мақтаның артылғаны анықталса, бұл артылғанды мақта қабылдау пунктінің бухгалтериясы шитті мақтаның сақталған және сақтаулы көлеміне тепе-тең көлемде мақта иелерінің есеп-шоттарына кіріске енгізуі тиіс.

52 52. Егер салыстырып тексеру кезінде кемдік анықталса, оны мақта қабылдау пунктінің материалды жауапты тұлғалары шитті мақтаның сақталған және сақтаулы көлеміне тепе-тең көлемде мақта иелерінің есеп-шоттарына өтейді.

9 9. Түгендеу

53 53. Қабылданған шитті мақтаны қабылдаудың, сақтаудың және қайта өңдеудің соңғы нәтижелерін анықтау үшін мақта қабылдау пунктілері мен мақта тазалау зауыты жыл сайын 1 тамызға дейін шитті мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнімдерін түгендеуді жүргізеді.

54 54. Түгендеуге:

барлық мақта қабылдау пунктілерінің қоймаларындағы және мақта тазалау зауытының дайын өнім қоймаларындағы;
"тиеп жөнелтілген тауарлар" есебіндегі шитті мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы, линт және талшықты қалдықтар жатады.

55 55. Түгендеуді жүргізу үшін:

мақта қабылдау пункті бойынша - мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі, зертхана меңгерушісі (аға зертханашы), аға бухгалтер;
мақта тазалау зауыты бойынша - басшы, бөлім бастықтары және бас бухгалтер құрамындағы түгендеу комиссиялары құрылады.

56 56. Шитті мақтаны, мақта талшығын, мақта тұқымын, линтті және талшықты қалдықтарды түгендеу сақтауға жауапты тұлғалардың міндетті түрде қатысуымен және мына тәртіпті сақтау арқылы әрбір партия бойынша натурада қалдықтарды алу арқылы жүргізіледі:

1 1) шитті мақта бойынша мақта қабылдау пунктілерінен шығарылмай немесе мақта тазалау зауытында қайта өңделмей қалған партиялардағы шитті мақтаның нақты көлемі 1 тамыздағы жағдай бойынша өлшеу арқылы белгіленеді;

2

2) мақта талшығы, линт және талшықты қалдықтар бойынша 1 тамызға партиялардағы мақта талшығы, линт және талшықты қалдықтар көлемі әрбір партияның барлық бумаларының 10 %-дан кем емесін іріктеп қайта өлшей отырып, әрбір партиядағы өндірістен қабылданған мақта талшығы мен қосалқы өнім рапортында көрсетілген бумалар санын тексеру арқылы белгіленеді. Бумалардың қате салмағы анықталған жағдайда партияның барлық бумалары қайта өлшенуі тиіс.
Босатылған мақта талшығы, линт және талшықты қалдықтар бойынша 1 тамызға нақты көлемі алдын-ала сорттаумен және шеті мен шірігін іріктеумен қайта өлшеу арқылы анықталады;

3 3) мақта тұқымы бойынша техникалық және егістік тұқымның нақты қалдықтары оларды 1 тамыздағы жағдайға өлшеу арқылы белгіленеді.

57

57. Шитті мақтаның, мақта талшығының, мақта тұқымының, линттің және талшықты қалдықтардың нақты көлемін өлшеу арқылы белгілеген кезде түгендеу комиссиялары сонымен бірге әрбір партиядағы шитті мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің сапасын айқындайды; сорттылығының сәйкессіздігі немесе сақтау кезінде бүлдіру салдарынан сапасының нашарлауы байқалса шығын көлемі, себептері және оған жауапты тұлғалар анықталады.

58 58. Мақта қабылдау пунктілері қабылдайтын шитті мақта, өндірістен 31 шілдеден кейін түскен оны бастапқы қайта өңдеу өнімдері бұл түгендеуге енгізілмейді және бөлек жинақтау мен есептеуге жатады.

59 59. Түгендеу басталғанға дейін мақта қабылдау пунктілерінің және мақта тазалау зауытының бухгалтериясы:

шитті мақта, тұқым, линт және талшықты қалдықтар жауапты сақтауындағы тұлғалардан 1 тамызға дейінгі барлық кіріс-шығыс құжаттарын алады;
сол құжаттарды тексеруді, өңдеуді, таратуды және талдамалық есептің бухгалтерлік карточкалары бойынша да, мөлшерлік-сапалық есеп кітаптары бойынша да 1 тамызға қалдықтар шығаруды жүргізеді;
сандық қалдықтарды талдамалық есептің бухгалтерлік карточкаларының мәліметтері бойынша және мөлшерлік-сапалық есеп кітаптары бойынша салыстырады;
барлық жауапты сақтаушылардан құндылықтардың кірісі мен шығысы жөніндегі барлық құжаттар бухгалтерияға тапсырылғаны, есепте көрсетілгені және кіріске алынбаған немесе шығысқа шығарылмаған ешқандай құндылықтардың жоқ екендігі туралы жазбаша растаулар алады.

60 60. Түгендеу кезінде:

мақта қабылдау пунктілерінің барлық тиеп жөнелтулері бойынша мақта тазалау зауытына 1 қаңтар мен 1 тамыз аралығында түскен шитті мақтаның кіріске алынуын;
түскен, бірақ бір себептермен олардан алынуға тиісті басқа шоттарда көрсетілген сомалар "жөнелтілген тауарлар" есебі бойынша жатқызылмағанын;
шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдерін, атап айтқанда, май зауыттарына мақта тұқымын, тиеп жөнелту бойынша сатып алушылармен барлық шағымдық есеп айырысуларды мұқият тексеру қажет.
Түгендеу мәліметтері қолданыстағы нысандар бойынша түгендеу тізбектеріне енгізіледі: қоймалардағы қалдықтарға және жөнелтілген тауарлар есебі бойынша.

61 61. Түгендеу тізбектерінде қоймалардағы шитті мақтаның, оны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің қалдықтары әрбір мақта қабылдау пункті және жауапты сақтаушы бойынша әрбір партия бойынша мәліметтерді келтіру арқылы бөлек көрсетіледі.

62 62. Жөнелтілген және төленбеген тауарлардың түгендеу тізбектерінде әрбір тиеп жөнелту бойынша:

сатып алушының, тиеп жөнелтілген тауардың және баратын станцияның атауы, тиеп жөнелтілген күн, темір жол жүкқұжатының нөмірі, шот нөмірі мен берілген күні, шот бойынша саны, сомасы көрсетіледі.

63 63. Түгендеу тізбектеріне түгендеуді жүргізген түгендеу комиссиясының мүшелері қол қояды, олар сондай-ақ түзету түсініктеріне қол қояды.

64

64. Натурада белгіленген шитті мақтаның, оны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің қалдықтарын түгендеу комиссиясы түгендеу-салыстыру ведомостарын құра және әрбір жауапты сақтаушы және шитті мақтаның, оны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің әрбір партиясы бойынша түгендеу нәтижелерін: кемдіктерді, артылғандарды және сақтау кезінде бүлдіру салдарынан сапасын жоғалтуды анықтай отырып, есептеу мәліметтері бойынша қалдықтармен салыстырады.

65 65. Материалды жауапты тұлғалар салыстыру ведомостарына қол қою кезінде кемдіктер, артылғандар және шығындар себептері туралы жазбаша түсіндірме, ал түгендеу комиссиясы - түгендеу нәтижелері бойынша немесе материалды жауапты тұлғалардың түсіндірмелері бойынша қорытынды берулері тиіс.

66 66. Мақта тазалау зауытының басшысы үш күндік мерзімде барлық түгендеу-салыстыру ведомостарын, түгендеу комиссиясының қорытындыларын, жауапты тұлғалардың түсіндірмелерін қарастырады және түгендеу нәтижелері бойынша шешім қабылдайды.

9 9. Қорытынды ережелер

67 67. Мақтаның мөлшерлік-сапалық есебі нысандарын толтыру мұқият және түсінікті жүргізілуі тиіс. Дұрыс жазылмаған жазулардың түзетулері түзету жасаған тұлғаның қолы бар жасалған түзету туралы қосымша түсінігімен, шарикті немесе қаламұшты қаламмен жасалынады.

68 68. Барлық журналдар мен мөлшерлік-сапалық есеп кітаптары нөмірленуі, тігілуі және мақта өңдеу ұйымы басшысының қойылған қолымен және мөрмен бекітілуі тиіс.

1 _____________________________ мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдау журналы

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
1-қосымша
_____________________________ мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдау журналы
N
Кү­ні
Шит­ті мақ­та
ие­сі­нің ата­уы
Шит­ті мақ­та
ие­сі­нің Т.А.Ә.
Ав­то­мо­биль
(трак­тор)
Жи­нау
тү­рі
Сор­ты
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Көм­бе
нө­мі­рі
Пар­тия
нө­мі­рі
Брут­то
сал­ма­ғы
Ыдыс­тың
сал­ма­ғы
Нет­то
сал­ма­ғы
Та­у­ар­та­ну-
шы­ның қо­лы
8
9
10
11
12
13

2 Шитті мақтаны талдау карточкасы

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
2-қосымша
Шитті мақтаны талдау карточкасы
200__ жылғы»"___" ________________
Мақта өңдеу ұйымы __________________________________________________
Мақта қабылдау пункті ______________________________________________
Шитті мақтаның иесі ________________________________________________
(атауы, тұрған жері)
Селекциялық сорты _________________ Жинау түрі _____________________
Түрі________Сорты __________Көмбе__________ Партия _________________
Ластануы _________________ % Ылғалдылығы __________________________%
Штапелдік ұзындығы ___________ Жетілу коэффициенті _________________
Зертхана меңгерушісі ______________________

3 Шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналы

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
3-қосымша
Шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналы
Се­лек­ци­я­лық сорт
Сорт
Көм­бе
Пар­тия
Шит­ті мақ­та
ие­сі­нің ата­уы
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы
Ла­ста­нуы
Шит­ті мақ­та­ның өл­ше­мі
Сорт­тың сал­ма­ғы
Ла­ста­удың
ор­та­ша %
Сы­на­ма
Сал­ма­ғы,
грамм
грамм
%
6
7
8
9
10
кестенің жалғасы
Ылғал­ды­лы­ғы
Қо­лы
Шит­ті мақ­та­ның
кеп­ті­ру­ге дей­ін­гі
өл­ше­мі
Сы­на­ма­ның жал­пы
сал­ма­ғы
Ай­ыр-
ма­сы
Аб­со­лют құр­ғақ сал­ма­ғы, грамм
Ылғал-
ды­лық %
Сы­на­ма
%
11
12
13
14
15
16
17

4 Шитті мақтаны қабылдау туралы квитанция

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
4-қосымша
Мақта өңдеу ұйымы _________________________________________________
Мақта қабылдау пункті ______________________________________________
Шитті мақтаның иесі ________________________ СТН ___________________
Күшінің мерзімі 200__ жылғы»"___" _______________ дейін берілген
куәлік (патент) сериясы ______________N ______________
Шитті мақтаны қабылдау туралы квитанция
Се­лек-ци­я­лық сорт
Сорт
Көм­бе N
Пар­тия
N
Жи­нау тү­рі
Нақ­ты сал-
ма­ғы
Ла­ста-
нуы, %
Есеп-
тік
сал-
ма­ғы
Ылғал-ды­лы-
ғы, %
Кон­ди-
ци­я­лық сал­ма­ғы
Шитті мақтаны тапсырдым _____________________ ______________________
қолы Т.А.Ә.
Мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі ________________ ______________
қолы Т.А.Ә.
Зертхана меңгерушісі _____________________ _________________________
қолы Т.А.Ә.
ІІ-аймақтың тауартанушысы ___________________ ______________________
қолы Т.А.Ә.
Мақта қабылдау пунктінің бухгалтері ________________ _______________
қолы Т.А.Ә.

5 Шитті мақтаның мөлшерлік-сапалық есебі кітабы

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
5-қосымша
Шитті мақтаның мөлшерлік-сапалық есебі кітабы
N__________партия, N __________ көмбе, селекциялық сорты___________,
сорты ___________________, орташаөлшемді ластануы ____________ %,
орташаөлшемді ылғалдылығы ____________ %
Материалды жауапты тұлға: ІІ-аймақтың тауартанушысы ________________
Кі­ріс
N
Кү­ні
Құ­жат-
тың N
Жи­нау
тү­рі
Сор­ты
Нақ­ты сал-
ма­ғы
Ла­ста-
нуы, %
Есеп-тік сал-
ма­ғы
Ылғал-ды­лы-
ғы, %
Кон­ди-
ци­я­лық сал­ма-ғы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
жалғасы
Шы­ғыс
Қал­дық
Нақ­ты сал-
ма­ғы
Лас-
та-
нуы, %
Есеп-тік сал-
ма­ғы
Ыл-
ғал-ды-
лы-
ғы, %
Кон­ди-
ци­я­лық сал­ма-ғы
Нақ­ты сал-
ма­ғы
Лас-
та-
нуы,
%
Есеп-тік сал-
ма­ғы
Ылғал-ды­лы-
ғы, %
Кон­ди-
ци­я­лық сал­ма-ғы
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
Бухгалтер ___________________________________

6 Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жіберу мен қабылдауды салыстырып тексеру акті

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
6-қосымша
Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жіберу мен қабылдауды салыстырып тексеру акті
Мақ­та қа­был­дау пунк­т­ін­де қа­был­дау
N
Сор-ты
Жи­нау
тү­рі
Пар­тия N
Нақ­ты сал-
ма­ғы, кг
Ла­ста-
нуы, %
Есеп-тік сал-
ма­ғы, кг
Ылғал-ды­лы-
ғы, %
Кон­ди-
ци­я­лық сал­ма-ғы, кг
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы
Мақ­та қа­был­дау пунк­ті­нен жі­бе­ру
Нақ­ты сал­ма­ғы,
кг
Ла­ста­нуы, %
Есеп­тік
сал­ма­ғы,
кг
Ылғал-
ды­лы­ғы, %
Кон­ди­ци­я­лық
сал­ма­ғы, кг
10
11
12
13
14
кестенің жалғасы
Мақ­та та­за­лау за­уы­тын­да қа­был­дау
Нақ­ты сал­ма­ғы, кг
Ла­ста­нуы,
%
Есеп­тік сал­ма­ғы,
кг
Ылғал­ды-лы­ғы, %
Кон­ди­ци­я­лық
сал­ма­ғы, кг
15
16
17
18
19
Мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі _______________________________
Мақта қабылдау пунктінің зертханасының меңгерушісі _________________
Мақта қабылдау пунктінің бухгалтері ________________________________

7 N ______ өндірістік тапсырма 200__ жылғы»"____"__________________

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
7-қосымша
________________________________
мақта тазалау зауытының атауы
N ______ өндірістік тапсырма 200__ жылғы»"____"__________________

i I-бөлім. Шитті мақтаны қайта өңдеуге жіберу

1 1. ІІ аймақтың тауартанушысы _______________________сақтаулы, мақта тазалау зауытында жинақтау кезінде анықталған:

а а) саны: нақты салмағы бойынша ___________________________ кг,

ластанудың есептік нормасына келтірілген салмағы бойынша_________кг,
кондициялық салмағы бойынша ____________________________________ кг;

б б) сапасы: селекциялық сорты __________________, өндірістік сорты ____________________, ылғалдылығы ______________ %, ластануы _____________ %, үліктенуі _________________ %,

жинау түрі ________________________________
тұқымдық, техникалық шитті мақтаның N ____ партиясы 200__ жылғы "____"»__________________ бастап дайындалсын және қайта өңдеуге жіберілсін.
Шитті мақта келесі мақта қабылдау пунктілерінен:
Мақ­та қа­был­дау пунк­ті­нің ата­уы
Кон­ди­ци­я­лық
сал­ма­ғы, кг
Мақ­та қа­был­дау пунк­ті­нің ата­уы
Кон­ди­ци­я­лық
сал­ма­ғы, кг
Барлығы ____________________________________________________________

2 2. Шитті мақта ағымда мыналар арқылы өткізілсін:

а а) кептіру-тазалау цехының кептіру тобы _______________ кг,

б б) кептіру-тазалау цехының тазалау тобы _______________ кг,

в в) мақта тазалау зауытының тазалау цехы _______________ кг;

кептірумен _______________ кг; кептірусіз _____________ кг.

3 3. Шитті мақтаны кептіру-тазалау цехы арқылы өткізгенде иістер норма кезінде ________% ________кг құрады.

4 4. __________ кг шитті мақтаны қайта өңдеуден мынадай көлемде дайын өнім алынуы тиіс:

а а) шығымы ___________% болғанда __________ кг мақта талшығы;

б б) шығымы ___________% болғанда ___________________ кг линт;

в в) шығымы ___________% болғанда линтерлеуден кейін

____________ кг мақта тұқымы;

г г) шығымы ___________ % болғанда ___________________ кг үлік;

д д) шығымы ___________ % болғанда ___________________ кг мамық;

е е) иістер ________________________________________

5 5. Көрсетілген шитті мақтадан алынатын дайын өнім мынадай сапа көрсеткіштеріне сай болуы тиіс:

а а) өндірістік сорты ______ , ақаулар сомасы мен ластануы ____% мақта талшығы;

б б) джинирлеуден кейін тұқымның қалдық талшықтығы ___________г;

в в) сорты _________________түрі _________________________ линт;

г г) линтерлеуден өткен тұқымның толық мамықтығы ____________ %;

д Өндірістік тапсырманы орындау

д) тұқымның ластануы _____ %-дан артық емес, тұқымның сорты
________________________
Өндірістік тапсырманы жасағандар:
Бас инженер ___________________ ТББ бастығы ________________________
І-аймақтың тауартанушысы ___________________________________________
ӨПБ бастығы ________________ Бас бухгалтер _________________________
Өндірістік тапсырманы бекітемін:
Басшы _________________________________
200__ ж.»"____" _______________________
Өндірістік тапсырманы орындау

ii II-бөлім. Шитті мақтаны пайдалану

1 1. Шитті мақтаның ағымда мыналар арқылы нақты өткізілгені:

а а) кептіру-тазалау цехының кептіру тобы _______________ кг,

б б) кептіру-тазалау цехының тазалау тобы _______________ кг,

в в) мақта тазалау зауытының тазалау цехы _______________ кг;

кептірумен _______________ кг; кептірусіз _____________ кг.
Кептіру-тазалау цехы арқылы өткізілген шитті мақта бойынша иістер норма кезінде ________% ________кг.

2

2. Егістік, техникалық шитті мақтаның N _______ партиясы қайта өңдеуге 200__ жылғы "___"______________ _____ сағат _____ минутта жіберіліп, 200 __ жылғы "____"______________ ______ сағат ______ минутта аяқталды. Шитті мақтаның саны нақты салмағы бойынша _________ кг, есептік салмағы бойынша _______ кг, кондициялық салмағы бойынша _______кг.
Қайта өңдеуді бастау алдында зертханалық талдау бойынша шитті мақтада мынадай сапа көрсеткіштері болды: сорты ________, ылғалдылығы _____________ %, үліктенуі _________ %.
Қайта өңдеу барлығы ________ сағат __________ минут; үзіліссіз ________ сағат __________ минут; үзіліспен _____________ сағат ___________________ минут жалғасты.
Соңынан ____________________________________________________________
Бас инженер _______________________________
І-аймақтың тауартанушысы __________________
ТББ бастығы _______________________________

3 3. Шитті мақтаның N ______________________ партиясын қайта өңдеуден түскен және өлшемдер бойынша қабылданған дайын өнім:

Рет
N
Өнім­нің ата­уы
Жос­пар­лы нор­ма­лар
бой­ын­ша өнім
Нақ­ты сал­ма­ғы
кг
шит­ті мақ­та­ның
сал­ма­ғы­на %
кг
шит­ті мақ­та­ның
сал­ма­ғы­на %
1
Мақ­та тал­шы­ғы
2
Линт
3
Мақ­та тұқы­мы
4
Үлік
5
Мақ­та ма­мы­ғы
6
Мақ­та тал­шы­ғын сұ­рып­тау
7
Иістер
Бар­лы­ғы:
кестенің жалғасы
Өн­ді­рі­стен түс­ке­ні
Кон­ди­ци­я­лық сал­ма­ғы
тал­да­у­ға алын­ға­ны
қой­ма­ға кі­ріс­ке
алын­ға­ны
кг
шит­ті мақ­та­ның
сал­ма­ғы­на%
кг
шит­ті мақ­та­ның
сал­ма­ғы­на%
Бас инженер _______________________________
І-аймақтың тауартанушысы __________________
ӨПБ бастығы _______________________________

4 4. Шитті мақтаның көрсетілген көлемін қайта өңдеуден сапасы мынадай өнімнің нақты алынғаны:

а а) өндірістік сорты ________, ақаулар сомасы мен ластануы ________%, ылғалдылығы _________ % мақта талшығы;

б б) қалдық талшықтығы ____________________ г мақта тұқымы;

в в) сорты ______________ түрі _______________ ластануы ____ % линт;

г г) сорты ____________________, толық мамықтығы _______________ %,

ластануы ____ %, ылғалдылығы _________ % мақта тұқымы.
Ескертпе: осы партия бойынша жалпы өнімнен алынғаны:

а а) ақаулар сомасы мен ластануы 22 %-дан артық мақта талшығы ____ кг;

б б) ластануы 40 %-дан артық мақта тұқымы ________________________ кг;

в в) қалдық талшықтығы нормалардан артық мақта тұқымы ____________ кг.

ТББ бастығы _____________________________

iii III-бөлім. Нақты иістер теңгерімі

(талшық шығымы %  х
талшықтағы қоқыс %)

1 1. Қоқыс шығыны (%) = шитті мақтаның ластануы % х ------------------

100
(шиттінің ылғалдылығы % -
талшықтың ылғалдылығы %)х талшық шығымы %

2 2. а) Талшық бойынша = ---------------------------------------------

ылғал шығыны (%) 100
(шиттінің ылғалдылығы % -
тұқымның ылғалдылығы %)х талшық шығымы %

б б) Тұқым бойынша = -------------------------------------------------

ылғал шығыны (%) 100
Барлық ылғал шығыны (а + б) ________________________%.

3 3. Шитті мақтаны қайта өңдеу кезіндегі шығындар нақты

салмақпен (1 + 2) _____________ %.

4 4. Есеп жолымен анықталған нақты иістер мөлшері мен шығындар сомасы арасындағы айырма ___________________ % құрайды.

Бухгалтер-экономист ____________ Бас бухгалтер _______________

iv IV-бөлім. Шитті мақтаның партиясын сақтау, жинақтау және қайта

өңдеу нәтижелері бойынша мақта тазалау зауыты басшысының шешімі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Басшы _________________          200__ жылғы»"___"»_________________

8 N __________ маркалы мақта талшығын бумалап өлшеу

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
8-қосымша
___________________________________
мақта тазалау зауытының атауы
Шитті мақтаның сорты __________ партия N _______ көмбе N _________
N ______________бригада N _____________ кезек
N __________ маркалы мақта талшығын бумалап өлшеу
N
сал­ма­ғы
N
сал­ма­ғы
N
сал­ма­ғы
1
46
91
2
47
92
3
48
93
4
49
94
5
50
95
6
51
96
7
52
97
8
53
98
9
54
99
10
55
100
11
56
101
12
57
102
13
58
103
14
59
104
15
60
105
16
61
106
17
62
107
18
63
108
19
64
109
20
65
110
21
66
111
22
67
112
23
68
113
24
69
114
25
70
115
26
71
116
27
72
117
28
73
118
29
74
119
30
75
120
31
76
121
32
77
122
33
78
123
34
79
124
35
80
125
36
81
126
37
82
127
38
83
128
39
84
129
40
85
130
41
86
131
42
87
132
43
88
133
44
89
134
45
90
135
кестенің жалғасы
N
сал­ма­ғы
N
сал­ма­ғы
N
сал­ма­ғы
136
181
226
137
182
227
138
183
228
139
184
229
140
185
230
141
186
231
142
187
232
143
188
234
144
189
235
145
190
236
146
191
237
147
192
238
148
193
239
149
194
240
150
195
151
196
152
197
153
198
154
199
155
200
156
201
157
202
158
203
159
204
160
205
161
206
162
207
163
208
164
209
165
210
166
211
167
212
168
213
169
214
170
215
171
216
172
217
173
218
174
219
175
220
176
221
177
222
178
223
179
224
180
225
Бумалар барлығы _____ Брутто салмағы ___ Ыдыстың салмағы ____ Нетто салмағы _____
Тауартанушы ___________ салмақ есебін тексердім ____________________
Бухгалтер ______________________________
200__ жылғы»"___" ______________________

9 Өндірістен қабылданған мақта талшығы мен қосалқы өнімге N _________ рапорт

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
9-қосымша
______________________________________
мақта тазалау зауытының атауы
Өндірістен қабылданған мақта талшығы мен қосалқы өнімге N _________ рапорт
Сорты __________ партия N ______ шитті мақтаны тазалау бойынша
А. Мақта талшығы
Мар­ка нө­мі­рі
Се­лек­ци­я­лық сор­ты
Сор­ты
Бу­ма­лар са­ны
Нақ­ты сал­ма­ғы
брут­то
ыдыс
нет­то
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Ақа­у­лар
со­ма­сы мен
ла­ста­нуы
Үсте­ме
Ше­ге­рім
Қа­лып­ты
ла­ста­ну­ға
кел­ті­рі­л­ген
нақ­ты сал­ма­ғы
Ылғал-
ды­лы­ғы,
%
Кон­ди­ци­я­лық
сал­ма­ғы
8
9
10
11
12
13
Барлығы тығыздалмағаны _______________________
Тығыздалып, қалғаны __________________________
Басқа партиялардың тығыздалған
қалдығы алынып тасталады _____________________
Осы партия бойынша барлығы ___________________
Б. Талшықты қалдықтар
Мар­ка нө­мі­рі
Се­лек­ци­я­лық сор­ты
Сор­ты
Бу­ма­лар са­ны
Нақ­ты сал­ма­ғы
брут­то
ыдыс
нет­то
1
2
3
4
5
6
7
1. Мақ­та лин­ті
Тү­рі
сор­ты
сы­ны­бы
2. Мақ­та үлі­гі
I тип­ті
II топ
3. Ма­мық қал­дық­та­ры
I тип­ті
II топ
4. Бас­қа қал­дық­тар
кестенің жалғасы
Ақа­у­лар
со­ма­сы мен
ла­ста­нуы
Үсте­ме
Ше­ге­рім
Қа­лып­ты
ла­ста­ну­ға
кел­ті­рі­л­ген
нақ­ты сал­ма­ғы
Ылғал-
ды­лы­ғы,
%
Кон­ди­ци­я­лық
сал­ма­ғы
8
9
10
11
12
13
200__ жылғы»"___" ___________ Дайын өнімнің тауартанушысы __________

10 Өндіріске қабылданған мақта тұқымына N ______ рапорт

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
10-қосымша
Өндіріске қабылданған мақта тұқымына N ______ рапорт
Шитті мақта партиясының нөмірі _____________
Мақта тұқымы партиясының нөмірі ____________
N _______________ өндірістік тапсырма
Тұқым сор­ты
Егі­стік
неме­се
тех­ни­ка­лық
тұқым
Ылғал-
ды­лық,
%
Ма­мық-
та­ну, %
Ми­не­рал­дық, ор­га­ни­ка­лық қо­қыс ма­ңы­зы,
%
Ақа­у­лы тұқым ма­ңы­зы,
%
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Тұқым­ның нақ­ты
сал­ма­ғы, кг
Кон­ди­ци­я­лық сал­ма­ғы, кг
Шы­ғым­ды тал­да­у­ға ар­нал­ған кон­ди­ци­я­лық
сал­мақ, кг
7
8
9
Дайын өнімнің тауартанушысы _______________________________

11 Өндіруден түскен қайта өңдеу өнімдерінің есеп журналы

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
11-қосымша
Өндіруден түскен қайта өңдеу өнімдерінің есеп журналы
N
Кү­ні
Бри­га­да
Ке­зек
Мақ­та тал­шы­ғы
мар­ка­сы
бу­ма­лар са­ны
брут­то сал­ма­ғы
ыдыс­тың сал­ма­ғы
нет­то сал­ма­ғы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
жалғасы
Линт
мар­ка­сы
бу­ма­лар
са­ны
брут­то
сал­ма­ғы
ыдыс­тың
сал­ма­ғы
нет­то
сал­ма­ғы
10
11
12
13
14
кестенің жалғасы
Үлік
Қо­лы
мар­ка­сы
бу­ма­лар
са­ны
брут­то
сал­ма­ғы
ыдыс­тың
сал­ма­ғы
нет­то
сал­ма­ғы
15
16
17
18
19
20

12 Қайта өңдеу және дайын өнімнің түсуі туралы есеп

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
12-қосымша
Қайта өңдеу және дайын өнімнің түсуі туралы есеп
Рет
N
Өн­ді­рі­стік
тап­сыр­ма­ның
N мен кү­ні
Сор­ты
Пар­тия
N
Шит­ті
мақ­та­ның
кон­ди­ци­я­лық
сал­ма­ғы, кг
Кеп­ті­ру-
та­за­лау
цехы­ның
иісте­рі, %
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Кон­ди­ци­я­лық
сал­мақ­пен
қай­та өң­де­у­ге
жі­бе­рі­л­ге­ні,
кг
Алын­ған қай­та өң­деу өнім­де­рі
мақ­та тал­шы­ғы
нет­то сал­ма­ғы
кон­ди­ци­я­лық сал­ма­ғы
%
шит­ті мақ­та­ның сал­ма­ғы­на %
%
шит­ті мақ­та­ның сал­ма­ғы­на %
7
8
9
10
11
жалғасы
Алын­ған қай­та өң­деу өнім­де­рі
тұқым
линт
нет­то
сал­ма­ғы
кон­ди­ци­я­лық
сал­ма­ғы
нет­то
сал­ма­ғы
кон­ди­ци­я­лық
сал­ма­ғы
%
шит­ті
мақ­та­ның
сал­ма­ғы­на
%
%
шит­ті
мақ­та­ның
сал­ма­ғы­на
%
%
шит­ті
мақ­та­ның
сал­ма­ғы­на
%
%
шит­ті
мақ­та­ның
сал­ма­ғы­на
%
12
13
14
15
16
17
18
19
кестенің жалғасы
Негіз­гі
өн­ді­ріс
иісте­рі
үлік
ма­мық
нет­то
сал­ма­ғы
кон­ди­ци­я­лық
сал­ма­ғы
нет­то
сал­ма­ғы
кон­ди­ци­я­лық
сал­ма­ғы
%
шит­ті мақ­та-
ның сал-
ма­ғы­на %
%
шит­ті
мақ­та­ның сал­ма­ғы­на
%
%
шит­ті
мақ­та­ның сал­ма­ғы­на
%
%
шит­ті
мақ­та­ның
сал­ма­ғы­на
%
20
21
22
23
24
25
26
27
Мақта иесі _________________       Бас бухгалтер ________________

13 N_______ бұйрық 200__ жылғы»"___"»__________________

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
13-қосымша
____________________________________
мақта тазалау зауытының атауы
N_______ бұйрық 200__ жылғы»"___"»__________________
Бұйрық мерзімі ___________
Материалды жауапты тұлға __________________________________________
Т.А.Ә.
____________________________________________________________________
мақта иесінің атауы
200__ жылғы "____" _________________N________ сенімхат бойынша
__________________________ арқылы N____________наряд бойынша:
Т.А.Ә.
Өнім тү­рі
Қой­ма N
Нет­то сал­ма­ғы, кг
Мақ­та қол­ха­ты­на сәй­кес са­па көр­сет­кіш­те­рі
ти­пі
сор­ты
сы­ны­бы
шта­пел­дік ұзынды­ғы
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
мик­ро­нейр
ылғал­ды­лы­ғы
ла­ста­нуы
за­лал­да­нуы
8
9
10
11
тиеп жөнелтілсін.
Тиеп жөнелтілетін шитті мақтаның бастапқы қайта
өнімінің салмағы _________________ кг
_______________________________________________
_____________________
жазбаша
Басшы _____________________________________
Бухгалтер _________________________________
ТББ бастығы _______________________________
Дайын өнімнің тауартанушысы _______________
М.О.

14 Мақта талшығын темір жол көлігімен тиеп жөнелту тізілімі

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
14-қосымша
_____________________________________
мақта тазалау зауытының атауы
200__ жылғы "___" _______________
Тиеп жөнелту бұйрығының күні мен нөмірі ____________________________
Бұйрық бойынша салмағы, кг, ________________________________________
Мақта талшығын темір жол көлігімен тиеп жөнелту тізілімі
Жіберу станциясы ______________  Мақта иесі ___________________
Р/с
N
Жүк­құ­жат
N
Ва­гон
N
Нет­то
сал­ма­ғы,
кг
Кон­ди­ци­я­лық
сал­ма­ғы, кг
Пар­тия
N
Мақ­та
тал­шы­ғы
са­па­сы­ның
пас­порт-
та­ры­ның
нө­мір­ле­рі
1
2
3
4
5
6
7
ТББ бастығы _______________________________
Бухгалтер _________________________________
Дайын өнімнің тауартанушысы _______________

15 Автомобиль көлігімен тиеп жөнелтілген мақта тұқымы, линт және талшықты қалдықтар жүкқұжаттарының тізілімі

Мақтаның мөлшерлік-сапалық
есебін жүргізу ережесіне
15-қосымша
___________________________________
мақта тазалау зауытының атауы
200__ жылғы "___" _______________
Тиеп жөнелту бұйрығының күні мен нөмірі ____________________________
Бұйрық бойынша салмағы, кг, ________________________________________
Автомобиль көлігімен тиеп жөнелтілген мақта тұқымы, линт және талшықты қалдықтар жүкқұжаттарының тізілімі
Жіберу пункті ______________    Мақта иесі __________________
Р/с
N
Жүк­құ­жат N
Ав­то­мо-бил­дің мем­ле- кет­тік тір­кеу-лік нө­мір-
лік бел­гі­сі
Орын са­ны
Нет­то сал­ма­ғы, кг
Кон­ди­ция-лық
сал­ма­ғы, кг
Ылғал-
ды­лы­ғы, %
Ла­ста-
нуы, %
1
2
3
4
5
6
7
8
ТББ бастығы _______________________________
Бухгалтер _________________________________
Дайын өнімнің тауартанушысы _______________

Қолданыстағы