Қолданыстағы ред. 23.10.2007

Азық - түлік тауарларының қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы от 23.10.2007 г. № 2/29 (Азық - түлік тауарларының қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы)

0

Азык – түлік тауарларының қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 каңтардағы №148-11 Заңына сәйкес аудандық Мәсихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына 2007 жылдың қараша және желтоқсан айларына әлеуметтік көмек көрсетілсін.

2

2. Әлеуметтік көмек мөлшері әр адамға бір айға 546 (бес жүз қырык алты) теңге көлемінде белгіленсін.

3

3. Әлеуметтік көмек қазан және қараша айларында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларындағы адамдарға тағайындалсын.

4

4. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Б.Бекенов) әлеуметтік көмекті төлеуді «жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасында қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылсын.

5

5. Әлеуметтік көмек отбасының атынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушінің жеке есеп шотына аударылсын.

6

6. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссиясына (Х. Әбітаева) және аудан әкімінің орынбасары Қ. Тілеубергеновке жүктесін.

7

7. Осы шешім алғаш рет жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.