Азық - түлік тауарларының қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған
Басқа 0
Азык – түлік тауарларының қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 каңтардағы №148-11 Заңына сәйкес аудандық Мәсихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына 2007 жылдың қараша және желтоқсан айларына әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек мөлшері әр адамға бір айға 546 (бес жүз қырык алты) теңге көлемінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек қазан және қараша айларында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларындағы адамдарға тағайындалсын.
Тармақ 4
4. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Б.Бекенов) әлеуметтік көмекті төлеуді «жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасында қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек отбасының атынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушінің жеке есеп шотына аударылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссиясына (Х. Әбітаева) және аудан әкімінің орынбасары Қ. Тілеубергеновке жүктесін.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш рет жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.