Қолданыстағы ред. 09.11.2007 (Редакция 35911_323060.kaz)

Саралжын селолық округі бойынша ірі қара малы арасындағы бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы от 09.11.2007 г. № 168 (Саралжын селолық округі бойынша ірі қара малы арасындағы бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы)

0

Саралжын селолық округі бойынша ірі қара малы арасындағы бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрілігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясының 5 қараша 2007 жылғы №01-206 санды ұсынбасына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Саралжын селолық округі аумағындағы ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қойылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясына (С.Нұрмағанбетов) ірі қара малының арасында бруцеллез ауруынан сауықтыру мақсатында кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар алу ұсынылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Альжановқа жүктелсін.