Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил переподготовки и повышения квалификации специалистов в сфере государственных закупок

Қаулы · № 1144 · қабылданған 29.11.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35934/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил переподготовки и повышения квалификации специалистов в сфере государственных закупок Күшін жойған Қаулы ·№ 1144 ·29.11.2007
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил переподготовки и повышения квалификации специалистов в сфере государственных закупок

Күшін жойған Қаулы ·№ 1144 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил переподготовки и повышения квалификации специалистов в сфере государственных закупок
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1144
Қабылданған күні
29.11.2007
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI35934_4.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001144_
ЭКБ идентификаторы
35934
Редакция идентификаторы
AI35934_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:45

0 Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабы 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
N 1144 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесі
Осы Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін анықтайды.

1 1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

білім беру ұйымдары - қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
тапсырыс беруші - ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олар аффилиирлеген заңды тұлғаларды қоспағанда, Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олар аффилиирлеген заңды тұлғалар.

2 2. Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды (бұдан әрі - мамандар) қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды білім беру ұйымдары жүргізеді.

3 3. Білім беру ұйымдары мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламаларын (бұдан әрі - оқу бағдарламалары) әзірлейді, олар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

4 4. Мамандарды оқыту бекітілген оқу бағдарламаларына сай жүргізіледі.

Қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен мамандарға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес құжат беріледі.

5

5. Оқу бағдарламасының жалпы сағаты санының кемінде 20 %-ын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерінің орындалуына жауапты тапсырыс берушілердің, қызметкерлері қатарынан іс жүзіндегі қызметкерлерді, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген рәсімдерді бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу практикасын зерделеуді құрауы тиіс.

6 6. Білім беру ұйымдары:

оқытушылық қызметке мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органмен кандидатураларын келіскеннен кейін іс жүзіндегі қызметкерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартады;
жыл сайын мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжатты алған адамдардың тізімін береді.

Қолданыстағы