Аз қамтамасыз етілген азаматтарға нан және нан өнімдерін қымбаттауына байланысты өтемаы беру ережесі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес Қармақшы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға нан және нан өнімдерін қымбаттауына байланысты өтемақы беру ережесі туралы от 15.10.2007 г. № 121 (Аз қамтамасыз етілген азаматтарға нан және нан өнімдерін қымбаттауына байланысты өтемақы беру ережесі туралы)
1. Қоса беріліп отырған аз камтамасыз етілген азаматтарға нан және нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты өтемақы беру Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан бастап колданыска енгізіледі.
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Тоғызбаевқа жүктелсін.
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2007 жылғы “15” қазандағы № 121
қаулысына қосымша
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға нан және нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты өтемақы беру
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
1. Осы ереже жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша
Жекелеген санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға нан және нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты (әрі карай - өтемакы алушылар) тиісті бюджеттерден өтемакы беру тәртібін белгілейді.
2. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға нан және нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты берілетін өтемақы 2007 жылдың караша, желтоксан айларына төленеді.
3. Өтемақы тағайындау аудандық жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізіледі.
2. Қаржыландыру және төлеу
4. Бағдарламаның әкімшісі аудандык жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.
5. Өтемақы алушының құқығын растайтын құжат мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға берген өтініші болып табылады.
6. Өтемақы отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мұшесіне айына 600 (алты жүз) теңге мөлшерінде тағайындалады.
7. Өтемақыға арналған қаражаттар ай сайын өтемакы алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттык банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүргізіледі.