Аз қамтамасыз етілген азаматтарға нан және нан өнімдерін қымбаттауына байланысты өтемақы беру ережесі туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға нан және нан өнімдерін қымбаттауына байланысты өтемаы беру ережесі туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес Қармақшы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған аз камтамасыз етілген азаматтарға нан және нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты өтемақы беру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан бастап колданыска енгізіледі.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Тоғызбаевқа жүктелсін.
Басқа 4
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы “15” қазандағы № 121 қаулысына қосымша Аз қамтамасыз етілген азаматтарға нан және нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты өтемақы беру ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ереже жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша Жекелеген санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға нан және нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты (әрі карай - өтемакы алушылар) тиісті бюджеттерден өтемакы беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға нан және нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты берілетін өтемақы 2007 жылдың караша, желтоксан айларына төленеді.
Тармақ 3
3. Өтемақы тағайындау аудандық жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Қаржыландыру және төлеу
2. Қаржыландыру және төлеу
Тармақ 4
4. Бағдарламаның әкімшісі аудандык жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.
Тармақ 5
5. Өтемақы алушының құқығын растайтын құжат мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға берген өтініші болып табылады.
Тармақ 6
6. Өтемақы отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мұшесіне айына 600 (алты жүз) теңге мөлшерінде тағайындалады.
Тармақ 7
7. Өтемақыға арналған қаражаттар ай сайын өтемакы алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттык банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүргізіледі.