Қолданыстағы ред. 09.11.2007 (Редакция 35975_339479.kaz)

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға материалдық көмек көрсету туралы от 09.11.2007 г. № 452 (Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға материалдық көмек көрсету туралы)

0

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Батыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының 2007 жылдың 23 қазанындағы хатына сәйкес әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Негізгі тағам түрлерінің қымбаттауына және коммуналдық қызмет түрлері тарифтерінің өсуіне байланысты 2007 жылдың қазан айынан бастап әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша әлеуметтік төлемдер тағайындалсын.

2

2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Чирова Е.) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімге сәйкес ай сайынғы материалдық көмектің осы дәрежедегі азаматтарға төленуін қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Халеловқа жүктелсін.