Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня видов заболеваний, при которых может устанавливаться срок временной нетрудоспособности более двух месяцев

Қаулы · № 1171 · қабылданған 04.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36004/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении перечня видов заболеваний, при которых может устанавливаться срок временной нетрудоспособности более двух месяцев Күшін жойған Қаулы ·№ 1171 ·04.12.2007
07.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня видов заболеваний, при которых может устанавливаться срок временной нетрудоспособности более двух месяцев

Күшін жойған Қаулы ·№ 1171 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня видов заболеваний, при которых может устанавливаться срок временной нетрудоспособности более двух месяцев
Атауы (қаз.)
Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1171
Қабылданған күні
04.12.2007
Көрсетілген редакция
07.08.2015 AI36004_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001171_
ЭКБ идентификаторы
36004
Редакция идентификаторы
AI36004_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:43

0 Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. "Еңбекке уақытша жарамсыздықтың екі айдан артық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы N 1213 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Екі айдан артық мерзімі еңбекке уақытша жарамсыздықтың белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 4 желтоқсандағы
N 1171 қаулысымен
бекітілген
Екі айдан артық мерзімі еңбекке уақытша жарамсыздықтың белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі

1 1. Ішектің пенетрациясымен және ішектен қан кетумен асқынған іш сүзегі мен паратифтер

2 2. Сальмонеллездік септицемия

3 3. Ботулизм, асқынған түрі

4 4. Амебиаз, асқынған түрі

5 5. Бактериологиялық және гистологиялық расталған тыныс алу органдарының туберкулезі

6 6. Бактериологиялық және гистологиялық расталмаған тыныс алу органдарының туберкулезі

7 7. Басқа органдардың туберкулезі

8 8. Милиарлық туберкулез

9 9. Оба

10 10. Туляремия

11 11. Күйдіргі, өкпелік түрі

12 12. Декомпенсация сатысындағы созылмалы жіті және ауыр дәрежедегі жітілеу бруцеллез

13 13. Маңқа және мелиоидоз, асқынған түрі

14 14. Бүйректі зақымдайтын лептоспироз

15 15. Алапес (Гасен ауруы)

16 16. Листериоз, асқынған түрі

17 17. Дифтерия, уыттық түрі

18 18. Менингококктық жұқпа

19 19. Стрептококктық септицемия

20 20. Басқа септицемия

21 21. Миокардитпен асқынған бөртпе сүзегі

22 22. Жіті полиомиелит

23 23. Орталық нерв жүйесінің баяу вирустық жұқпалары

24 24. Құтыру

25 25. Вирустық маса энцефалиті

26 26. Вирустық кене энцефалиті

27 27. Басқа айдарларда жіктелмеген, басқа да вирустық энцефалиттер

28 28. Анықталмаған вирустық энцефалиттер

29 29. Вирустық менингит

30 30. Орталық нерв жүйесінің басқа айдарларда жіктелмеген, басқа да вирустық жұқпалары

31 31. Орталық нерв жүйесінің вирустық жұқпасы

32 32. Бүйрек синдромымен асқынған геморрагикалық безгек

33 33. Герпетикалық менингит

34 34. Герпетикалық энцефалит

35 35. Ауыр дәрежедегі А вирустық гепатиті

36 36. Ауыр дәрежедегі В вирустық гепатиті

37 37. Комамен анықталмаған вирустық гепатит

38 38. Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) туғызатын ауру

39 39. Менингитпен асқынған эпидемиялық паротит

40 40. Кандидоздық менингит

41 41. Кандидоздық септицемия

42 42. Рlasmodium falciparum тудыратын безгек, асқынған түрі

43 43. Рlasmodium vivax тудыратын безгек, асқынған түрі

44 44. Рlasmodium malarіаe тудыратын безгек, асқынған түрі

45 45. Лейшманиоз, висцеральдық түрі

46 46. Токсоплазмалық менингоэнцефалит

47 47. Басқа органдарды зақымдайтын токсоплазмоз

48 48. Экинококкоз

49 49. Цистицеркоз

50 50. Еріннің қатерлі ісігі

51 51. Тілдің қатерлі ісігі

52 52. Қызыл иектің қатерлі ісігі

53 53. Ауыз қуысының қатерлі ісігі

54 54. Таңдайдың қатерлі ісігі

55 55. Ауыздың басқа да және анықталмаған бөлігінің қатерлі ісігі

56 56. Құлақ маңы сілекей безінің қатерлі ісігі

57 57. Басқа да және анықталмаған үлкен сілекей бездерінің қатерлі ісіктері

58 58. Бадамша бездің қатерлі ісігі

59 59. Ауыз-жұтқыншақтың қатерлі ісігі

60 60. Мұрын-жұтқыншақтың қатерлі ісігі

61 61. Алмұрт тәрізді синустың қатерлі ісігі

62 62. Жұтқыншақтың төменгі бөлігінің қатерлі ісігі

63 63. Еріннің, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың басқа және таралуы дәл белгіленбеген қатерлі аурулары

64 64. Өңештің қатерлі ісігі

65 65. Асқазанның қатерлі ісігі

66 66. Ащы ішектің қатерлі ісігі

67 67. Тоқ ішектің қатерлі ісігі

68 68. Ректосигмоидтық қосылыстың қатерлі ісігі

69 69. Тік ішектің қатерлі ісігі

70 70. Анус пен анус каналының қатерлі ісігі

71 71. Бауыр мен бауырішілік өт жолдарының қатерлі ісігі

72 72. Өт қабының қатерлі ісігі

73 73. Өт шығару жолдарының басқа да және анықталмаған бөліктерінің қатерлі ісігі

74 74. Ұйқы безінің қатерлі ісігі

75 75. Ас қорыту органдарының басқа да және таралуы дәл белгіленбеген қатерлі ісігі

76 76. Мұрын мен орта құлақ қуысының қатерлі ісігі

77 77. Қосымша қуыстардың қатерлі ісігі

78 78. Көмей мен кеңірдектің қатерлі ісігі

79 79. Бронх пен өкпенің қатерлі ісігі

80 80. Айырша бездің қатерлі ісігі

81 81. Жүректің, көкірек орта мен өкпе қабының қатерлі ісігі

82 82. Тыныс алу органдары мен кеуденің ішкі органдарының басқа да және таралуы дәл белгіленбеген қатерлі ісігі

83 83. Сүйектің және буын шеміршектерінің қатерлі ісігі

84 84. Терінің қатерлі меланомасы

85 85. Терінің басқа да қатерлі ісіктері

86 86. Мезотелиома

87 87. Капоша саркомасы

88 88. Шеткі нервтер мен вегетативтік нерв жүйесінің қатерлі ісігі

89 89. Ішперде асты кеңістігі мен ішперденің қатерлі ісігі

90 90. Дәнекер және жұмсақ тіндердің басқа да үлгілерінің қатерлі ісігі

91 91. Сүт безінің қатерлі ісігі

92 92. Сарпайдың қатерлі ісігі

93 93. Қынаптың қатерлі ісігі

94 94. Жатырдың қатерлі ісігі

95 95. Анабездің қатерлі ісігі

96 96. Плацентаның қатерлі ісігі

97 97. Ер адамдардың жыныс мүшелерінің қатерлі ісігі

98 98. Бүйректің, бүйрек түбекшесінің қатерлі ісігі

99 99. Зәр жолының, зәр қабының қатерлі ісігі

100 100. Көздің және оның қосалқы аппаратының қатерлі ісігі

101 101. Мидың және ми қабықтарының қатерлі ісігі

102 102. Жұлынның, бас сүйегі нервтерінің және орталық нерв жүйесі бөліктерінің қатерлі ісігі

103 103. Қалқанша бездің қатерлі ісігі

104 104. Бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі

105 105. Басқа да эндокриндік бездер мен ұқсас құрылымдардың қатерлі ісігі

106 106. Басқа да дәл белгіленбеген және орналасулардың қатерлі ісігі

107 107. Лимфалық түйіндердің екінші және анықталмаған қатерлі ісігі

108 108. Тыныс алу және ас қорыту органдарының екінші қатерлі ісігі

109 109. Басқа орналасулардың екінші қатерлі ісігі

110 110. Ходжкин ауруы (лимфогранулематоз)

111 111. Фолликулярлық ходжкиндік емес лимфома

112 112. Диффуздық ходжкиндік емес лимфома

113 113. Шеткі және терілік т-клеткалық лимфомалар

114 114. Ходжкиндік емес басқа да және анықталмаған лимфоманың үлгілері, лимфосаркома

115 115. Қатерлі иммунопролиферативтік аурулар

116 116. Көпше миелома және қатерлі плазмоклеткалық ісіктер

117 117. Лимфолейкоз

118 118. Миелолейкоз

119 119. Моноцитарлық лейкоз

120 120. Анықталған жасушалық үлгідегі басқа да лейкоздар

121 121. Анықталмаған жасушалық үлгідегі лейкоз

122 122. Лимфоидтық, қан жасаушы және оларға ұқсас тіндердің анықталмаған және басқа да қатерлі ісіктері

123 123. Дербес (бірінші) көпше орналасулардың қатерлі ісігі

124 124. Ауыз қуысының, өңештің және асқазанның in situ карциномасы

125 125. Басқа да және анықталмаған ас қорыту органдарының in situ карциномасы

126 126. Орта құлақ пен тыныс органдарының in situ карциномасы

127 127. Терінің in situ карциномасы

128 128. Сүт безінің in situ карциномасы

129 129. Жатыр мойнының карциномасы

130 130. Басқа да және анықталмаған жыныс органдарының in situ карциномасы

131 131. Басқа да және анықталмаған орналасулардың in situ карциномасы

132 132. Ауыздың, жұтқыншақтың, сілекей бездерінің қатерсіз ісігі

133 133. Тоқ ішектің, тік ішектің және анустың қатерсіз ісігі

134 134. Орта құлақтың және тыныс алу органдарының қатерсіз ісігі

135 135. Сүйектердің және буын шеміршектерінің қатерсіз ісігі

136 136. Сүт безінің қатерсіз ісігі

137 137. Анабездің қатерсіз ісігі

138 138. Ер адамдардың жыныс органдарының қатерсіз ісігі

139 139. Көздің және оның қосалқы аппаратының қатерсіз ісігі

140 140. Мидың және орталық нерв жүйесінің басқа да бөліктерінің қатерсіз ісігі

141 141. Қалқанша бездің қатерсіз ісігі

142 142. Феохромоцитома және басқа нейроэндокриндік ісіктер

143 143. В 12 витамині және фолиев тапшылығы анемиясы

144 144. Гемолитикалық анемиялар

145 145. Апластикалық анемиялар

146 146. Қанның ұйығыштығының бұзылуы, пурпура және басқа геморрагикалық жағдайлар

147 147. Агранулоцитоз

148 148. Көкбауыр аурулары

149 149. Эссенциалдық тромбоцитоз

150 150. Метгемоглобинемия

151 151. Гистиоцитоз

152 152. Құрама иммун тапшылығы

153 153. Саркоидоз

154 154. Гипотиреоз

155 155. Мойын органдарын қысу синдромымен IV-V дәрежедегі уытты емес зоб

156 156. Тиреотоксикоз (гипертиреоз)

157 157. Тиреодит

158 158. Қантты диабет

159 159. Гипопаратиреоз, гиперпаратиреоз

160 160. Гипофиздің гиперфункциясы

161 161. Гипофункция және гипофиз функцияларының басқа да бұзылулары

162 162. Иценко-Кушинг синдромы

163 163. Адреногенитальдық бұзылулар

164 164. Бүйрек үсті безі функциясының жеткіліксіздігі

165 165. Гиперальдостеронизм

166 166. Бүйрек үсті безі функцияларының басқа да бұзылулары

167 167. Айырша бездің абсцесі

168 168. Айырша бездің тұрақты гиперплазиясы

169 169. Карциноидтық синдром

170 170. Амилоидоз

171 171. Шизофрения

172 172. Асқынған менингит

173 173. Өрескел неврологиялық бұзылуымен энцефалит, миелит және энцефаломиелит

174 174. Өрескел неврологиялық бұзылуымен бас сүйек ішіндегі және омыртқа ішіндегі абцесс пен гранулема

175 175. Айқын неврологиялық синдромы бар орталық нерв жүйесінің қабыну аурулары салдарынан болған зардаптары

176 176. Паркинсон ауруы, екінші паркинсонизм

177 177. Айқын функционалдық бұзылулары бар басқа да экстрапирамидтік және қимылдық бұзылулар

178 178. Жаңғалақтық склероз

179 179. Ес-түсінен айырылатын қояншық

180 180. Функцияларының өрескел бұзылулары бар иық тұтасуларының зақымдануы

181 181. Басқа айдарларда жіктелген аурулар кезіндегі нерв түбіршектері мен тұтасуларының қысылуы

182 182. Қолдың мононевропатиясы

183 183. Аяқтың мононевропатиясы

184 184. Тұқым қуалайтын және идиопатиялық невропатия

185 185. Қабынған полиневропатия

186 186. Басқа да полиневропатиялар

187 187. Басқа айдарларда жіктелген аурулар кезіндегі полиневропатия

188 188. Myasthenia gravis және нервтік-бұлшық еттік синапстың басқа да бұзылулары

189 189. Декомпенсация сатысында жиі кризі бар басқа да миастениялар

190 190. Балалардың церебралдық параличі

191 191. Гемиплегия

192 192. Параплегия мен тетраплегия

193 193. Басқа да параличтік синдромдар

194 194. Гидроцефалия

195 195. Уыттық энцефалопатия

196 196. Мидың басқа да зақымданулары

197 197. Жұлынның басқа да аурулары

198 198. Басқа жіті конъюнктивиттер

199 199. Көз пемфигоиды

200 200. Склерит

201 201. Көз мөлдір қабығының жарасы, іріңді түрі

202 202. Интерстициалдық және терең кератит

203 203. Жабысқақ лейкома

204 204. Буллездік кератопатия

205 205. Қарапайым ұшықтың вирусы негізіндегі кератит және кератоконъюнктивит

206 206. Басқа айдарларда жіктелген, басқа да жұқпалы және паразитарлық аурулар кезіндегі кератит пен кератоконъюнктивит

207 207. Басқа да иридоциклиттер

208 208. Нұрлы қабықтың және цилиарлық дененің басқа да анықталған аурулары

209 209. Афакия

210 210. Хориоретинальдық қабыну

211 211. Қан құйылу және көздің қан тамыры қабығының жарылуы

212 212. Торқабықтың ажырауы және оның жарылуы

213 213. Торқабық қан тамырларының бітелуі

214 214. Ретинальдық қан құйылу

215 215. Көздің қабынып ауруы салдарынан болған қайталама глаукома

216 216. Шыны тәріздес денеге қан құйылу

217 217. Эндофтальмит

218 218. Көру нервісінің невриті

219 219. Ретробульбарлық неврит және басқа айдарларда жіктелген ауру

220 220. Мастоидит және емізік тәрізді өсіндінің басқа да аурулары

221 221. Орта құлақтың холестеатомасы

222 222. Вестибулярлық функцияның бұзылулары және бас айналу синдромы

223 223. Жүрекке әсер ететін ревматикалық қызба

224 224. Ревматикалық хорея

225 225. Ревматикалық миокардит

226 226. Созылмалы ревматикалық перикардит

227 227. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар бүйректі басым зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауру

228 228. Жүрек пен бүйректерді басым зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауру

229 229. Миокардтың жіті инфарктісі

230 230. Миокардтың қайталама инфарктісі

231 231. Миокардтың жіті инфарктісінің кейбір ағымдағы асқынулары

232 232. Жүректің (бұрын миокардтың инфарктісі болған) созылмалы ишемиялық ауруы

233 233. Жүректің аневризмасы

234 234. Өкпе эмболиясы

235 235. Өкпе артериясының аневризмасы

236 236. Жіті перикардит

237 237. Жіті және жітілеу эндокардит

238 238. Жіті миокардит

239 239. Кардиомиопатия

240 240. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

241 241. Субарахноидалдық қан құйылу

242 242. Миға қан құйылу

243 243. Шағын түрлерін қоспағанда, ми инфарктісі

244 244. Қолқаның аневризмасы және шарбылануы

245 245. Аневризманың басқа түрлері

246 246. Шеткі қан тамырларының басқа аурулары (Лериш синдромы)

247 247. Артерияның эмболиясы және тромбозы

248 248. Бронхоэктатикалық ауру

249 249. Өкпенің және көкірек ортаның абсцесі

250 250. Өңештің басқа аурулары (күйгеннен кейінгі тарылулар)

251 251. Жыланкөзбен асқынған гангренасы бар, түйнектелген бір жақты немесе анықталмаған шап жарығы

252 252. Жыланкөзбен асқынған гангренасы бар кіндіктің жарығы

253 253. Жыланкөзбен асқынған іштің алдыңғы қабырғасының гангренасыз түйнектелген жарық

254 254. Жыланкөзбен асқынған іштің алдыңғы қабырғасының жарығы

255 255. Жыланкөзбен асқынған, гангренасыз түйнектелген диафрагмалық (параэзофагеальдық) жарық

256 256. Жыланкөзбен асқынған, гангренасы бар, түйнектелген

диафрагмалық жарық

257 257. Крон ауруы

258 258. Жаралы колит

259 259. Ішектің жіті қантамырлық аурулары

260 260. Жыланкөзбен асқынған перитонит

261 261. Басқа айдарларда жіктелген жүқпалы аурулар кезіндегі ішперденің зақымдануы

262 262. Бауырдың уытты зақымдануы

263 263. Басқа айдарларда жіктелмеген бауыр функциясының жеткіліксіздігі

264 264. Басқа айдарларда жіктелмеген созылмалы гепатит

265 265. Бауырдың циррозы

266 266. Табиғи, жасанды өт жыланкөзбен асқынған өттегі тас ауруы (холелитиаз)

267 267. Ішперде флегмонасымен және панкреонекрозбен асқынған жіті панкреатит

268 268. Денеге жайылған пустулездік псориаз

269 269. Артропатикалық псориаз

270 270. Уыттық эпидермалдық некролиз (Лайелла)

271 271. Серопозитивтік ревматоидтық артрит

272 272. Коксартроз (ұршық буынының артрозы)

273 273. Түйінді полиартериит және сол тектес жағдайлар

274 274. Жүйелі қызыл жегі

275 275. Дерматополимиозит

276 276. Дәнекер тіндердің басқа да жүйелі зақымдануы

277 277. Шорбуындаушы спондилит

278 278. Остеомиелит

279 279. Сүйек туберкулезі

280 280. Айқын неврологиялық бұзылумен миелопатиялы мойын бөлігі омыртқааралық дискісінің зақымдануы

281 281. Бел және айқын түбіршекті синдромы бар миелопатиялы басқа да бөліктер мен омыртқааралық дискілердің зақымдануы

282 282. Жіті нефриттік синдром

283 283. Жедел өршитін нефриттік синдром

284 284. Нефроздық синдром

285 285. Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі

286 286. Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі

287 287. Эндометриоз

288 288. Ұрықтың белгіленген немесе болжалды патологиялық басқа жағдайлары кезінде анаға көрсетілетін медициналық көмек

289 289. Плаценталық бұзылулар

290 290. Жалған толғақтар (түсік тастау қауіптері)

291 291. Басқа айдарларда жіктелген, бірақ ананың жүктілігін, босануын және босанғаннан кейінгі кезеңін асқындыратын басқа да аурулар

292 292. Тернер синдромы

293 293. Басқа айдарларда жіктелмеген, жыныс хромосомаларының, әйелдер фенотипінің басқа да аномалиялары

294 294. Басқа айдарларда жіктелмеген, жыныс хромосомаларының, ер адамдар фенотипінің басқа да аномалиялары

295 295. Басқа айдарларда жіктелмеген, хромосомалардың басқа да аномалиялары

296 296. Бас сүйектің және бет сүйектерінің сынуы

297 297. Бас сүйек күмбезінің және негізінің сынуы

298 298. Көз ұясы түбінің сынуы

299 299. Бет сүйегінің, жоғары және төменгі жақ сүйектерінің сынуы

300 300. Бас сүйегі мен бет сүйектерінің көп жерден сынуы

301 301. Көру нервісінің және көру жолдарының жарақаты

302 302. Көзді қимылдататын нервтің жарақаты

303 303. Бөгет нервінің жарақаты

304 304. Үш тармақты нервтің жарақаты

305 305. Алшақтатқыш нервтің жарақаты

306 306. Бет нервісінің жарақаты

307 307. Есту нервісінің жарақаты

308 308. Қосымша нервтің жарақаты

309 309. Бас сүйектің басқа да нервтерінің жарақаты

310 310. Көз бен көз ұясының жарақаты

311 311. Көз ішіндегі еттің ояндауымен немесе жоғалуымен көздің жырық жарақаты

312 312. Бөгде затпен немесе онсыз, көз ұясының терең жарасы

313 313. Көз алмасының түсуі

314 314. Бас сүйектің ішіндегі жарақат

315 315. Мидың жарақатты ісігі

316 316. Мидың ошақтық және диффузиялық жарақаты

317 317. Эпидуральдық қан құйылу (травматикалық)

318 318. Субдуральдық жарақатты қан құйылу

319 319. Ұзаққа созылған ес-түссіз жағдаймен бас сүйектің ішіндегі жарақат

320 320. Бастың мылжалануы

321 321. Бастың бөлігін травматикалық отау

322 322. Дабыл жарғағының травматикалық жарылуы

323 323. Бастың көп жерден жарақаттануы

324 324. Көмейге, кеңірдекке, қалқанша безге, жұтқыншаққа және өңештің мойындық бөлігіне тиетін ашық жарақат

325 325. Омыртқаның мойындық бөлігінің сынуы

326 326. Мойын деңгейіндегі омыртқааралық дискінің травматикалық жарылуы

327 327. Мойын омыртқаның шығуы

328 328. Мойын деңгейіндегі көп жерден шығулар

329 329. Нервтердің және мойын деңгейіндегі жұлынның жарақаты

330 330. Омыртқа артериясының жарақаты

331 331. Мойын деңгейіндегі бірнеше қан тамырының жарақаты

332 332. Кеуде омыртқаның сынуы

333 333. Омыртқаның кеуде тұсындағы көп жерден сынуы

334 334. Кеуде бөлігіндегі омыртқааралық дискінің травматикалық жарылуы

335 335. Көкірек қуысының басқа және анықталмаған бөлігінің орнынан тайып шығуы

336 336. Кеуде бөлігіндегі нервтер мен жұлынның жарақаты

337 337. Қолқаның кеуделік бөлігі мен жүректің жарақаты

338 338. Көкірек қуысының басқа және анықталмаған органдарының жарақаты

339 339. Көкірек қуысының мылжалануы және көкірек қуысының бір бөлігін травматикалық отау

340 340. Көкірек қуысының көп жерден жарақаттануы

341 341. Іштің, арқаның төменгі бөлігінің және санның ашық жарақаты

342 342. Омыртқаның бел-құйымшақ бөлігінің және жамбас сүйектерінің сынуы

343 343. Бел-құйымшақ бөлігіндегі омыртқааралық дискінің травматикалық жарылуы

344 344. Бел омыртқаның шығуы

345 345. Құйымшақ-мықын буынының және құйымшақ қосылысының шығуы

346 346. Қасаға жігінің травматикалық жарылуы (қасағаның мүшеленуі)

347 347. Іштің, арқа мен жамбастың төменгі бөлігінің деңгейіндегі нервтердің және жұлынның белдік бөлігінің жарақаты

348 348. Қолқаның іш бөлігінің жарақаты

349 349. Мықын қан тамырларының жарақаты

350 350. Іштің, арқа мен жамбастың төменгі бөлігінің деңгейіндегі бірнеше қан тамырларынын жарақаты

351 351. Ішперде қуысы органдары мен жамбас органдарының жарақаты

352 352. Іш бөлігінің, арқа мен жамбастың төменгі бөлігінің мылжалануы және оларды травматикалық отау

353 353. Іштің және арқа мен жамбастың төменгі бөлігінің анықталмаған және басқа да жарақаттары

354 354. Иық белдеуі мен иықтың деңгейіндегі сыну

355 355. Иық буынының шығуы, асқынған

356 356. Иық белдеуі мен иықтың деңгейіндегі нервтердің, бұлшық еттердің және сіңірлердің жарақаты

357 357. Иық белдеуі мен иықтың мылжалануы

358 358. Иық белдеуі мен иықты травматикалық отау

359 359. Білек сүйектерінің сынуы

360 360. Кәрі жілік басының шығуы

361 361. Шынтақ буынындағы анықталмаған шығу, асқынған

362 362. Білек деңгейіндегі нервтердің, бұлшық еттердің және сіңірлердің жарақаты

363 363. Білектің мылжалануы

364 364. Білекті травматикалық отау

365 365. Қол басының қайық тәріздес сүйегінің және білек сүйектерінің сынуы

366 366. Алақан сүйектері мен қолдың басы саусақтарының көп жерден сынуы

367 367. Білек пен қолдың басы деңгейіндегі нервтердің, бұлшық еттер мен сіңірлердің жарақаты

368 368. Білек пен қол басының мылжалануы

369 369. Білек пен қолдың басын травматикалық отау

370 370. Білек пен қол басының басқа да және анықталмаған жарақаттары, асқынған

371 371. Ортан жіліктің сынуы

372 372. Жамбастың шығуы, асқынған

373 373. Қаптамалы-байламалық аппаратының, ұршық буынының шығуы, созылуы және оған артық күш тусуі, асқынған

374 374. Ұршық буын мен жамбастың аумағындағы нервтердің, бұлшық еттер мен сіңірлердің жарақаты, асқынған

375 375. Ұршық буын мен жамбастың аумағының мылжалануы

376 376. Ұршық буын мен жамбастың аумағын травматикалық отау

377 377. Тобық буынын қоса алғандағы, сирақ сүйектерінің сынуы

378 378. Тізе тобығының шығуы, операция жасалған

379 379. Тізе буынының шығуы, асқынған

380 380. Крест тәріздес байланыстың (алдыңғы) (артқы) созылуы, жарылуы және оларға артық күш түсу

381 381. Сирақ деңгейіндегі нервтердің жарақаты

382 382. Тізе асты артериясының жарақаты

383 383. Өкше (ахиллдік) сіңірінің жарақаты

384 384. Сирақтың мылжалануы

385 385. Сирақты травматикалық отау

386 386. Өкше және топай сүйектерінің сынуы

387 387. Табанның басқа сүйектерінің сынуы

388 388. Табан сүйектерінің сынуы

389 389. Табанның көп жерден сынуы

390 390. Тобық буынының шығуы, асқынған

391 391. Операциялық емдеуден кейінгі тобық буыны мен табан деңгейіндегі байламдардың ажырауы

392 392. Тобық буыны мен табан деңгейіндегі нервтердің, бұлшық еттер мен сіңірлердің жарақаты

393 393. Тобық буыны мен табанның мылжалануы

394 394. Тобық буыны мен табан деңгейінде травматикалық отау

395 395. Дененің бірнеше бөлігін қамтитын сынықтар

396 396. Дененің бірнеше бөлігін қамтитын қабықтық-байланыстық

аппаратының шығуы, созылуы және оларға артық күш түсуі

397 397. Дененің бірнеше бөлігін қамтитын мылжаланулар

398 398. Дененің бірнеше бөлігін қамтитын травматикалық отау

399 399. Жұлынның мойын деңгейіндегі және басқа да нервтердің жарақаттарымен үйлескен мидың және бас сүйек нервтерінің жарақаттары

400 400. Дененің бірнеше бөлігіне әсер еткен нервтер мен жұлынның жарақаттары

401 401. Дененің бірнеше бөлігіне әсер еткен бұлшық еттер мен сіңірлердің жарақаттары

402 402. Іш қуысы мен жамбас органдарының жарақаттарымен ұштасқан кеуде органдарының жарақаттары

403 403. Омыртқаның сынуы

404 404. Омыртқаның және дененің анықталмаған деңгейдегі басқа да жарақаттары

405 405. Қолдың анықталмаған деңгейдегі сынуы

406 406. Қолдың анықталмаған деңгейдегі басқа да жарақаттары

407 407. Аяқтың анықталмаған деңгейдегі сынуы

408 408. Аяқты анықталмаған деңгейде травматикалық отау

409 409. Дененің анықталмаған бөлігінің мылжалануы және оны травматикалық отау

410 410. Бас пен мойынның термиялық және химиялық күюі

411 411. Дененің термиялық және химиялық күюі

412 412. Білек пен қол басының үшінші дәрежедегі күйігін қоспағанда, иық белдеуі мен қол аумағының термиялық және химиялық күюі

413 413. Білек пен қол басының үшінші дәрежедегі термиялық күйігі

414 414. Білек пен қол басының үшінші дәрежедегі химиялық күйігі

415 415. Тобық буыны мен табанды қоспағандағы, ұршық буын мен аяқ аумағындағы үшінші дәрежедегі термиялық күйігі

416 416. Тобық буыны мен табанды коспағандағы, ұршық буын мен аяқ аумағындағы үшінші дәрежедегі химиялық күйігі

417 417. Тобық буын мен табан аумағының үшінші дәрежедегі термиялық күйігі

418 418. Тобық буын мен табан аумағының үшінші дәрежедегі химиялық күйігі

419 419. Көз алмасының жарылуына және бұзылуына алып келетін термиялық күйік

420 420. Көздің басқа бөліктері мен оның қосалқы аппаратының термиялық күйігі

421 421. Көздің мөлдір қабығы мен конъюнктивтік қабының екінші және үшінші дәрежедегі химиялық күйігі

422 422. Көз алмасының жарылуына және бұзылуына алып келетін химиялық күйік

423 423. Көздің басқа бөліктері мен оның қосалқы аппаратының химиялық күйігі, асқынған

424 424. Тыныс жолдарының термиялық және химиялық күйіктері

425 425. Басқа ішкі органдардың термиялық және химиялық күйіктері

426 426. Дененің бірнеше бөлігінің ең болмаса бір үшінші дәреже көрсетілген термиялық күйігі

427 427. Дененің бірнеше бөлігінің ең болмаса бір үшінші дәреже көрсетілген химиялық күйігі

428 428. Анықталмаған орналасудың (дене аумағының 20%-дан астамы) үшінші дәрежедегі термиялық күйігі

429 429. Анықталмаған орналасудың (дене аумағының 20%-дан астамы) үшінші дәрежедегі химиялық күйігі

430 430. Тіндердің өлі еттенуімен дененің бірқатар аумағын қамтитын үсу

431 431. Бас пен мойынның үшінші дәрежедегі анықталмаған үсігі

432 432. Органикалық еріткіштердің уытты әсері

433 433. Галоген өндіруші алифатикалық және хош иісті көмірсутектердің уытты әсері

Қолданыстағы