Құжат мәтініне өту

О реорганизации государственного учреждения "Центр внедрения современных медицинских технологий" Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан

Қаулы · № 1174 · қабылданған 04.12.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36007/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О реорганизации государственного учреждения "Центр внедрения современных медицинских технологий" Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1174 ·04.12.2007
28.08.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации государственного учреждения "Центр внедрения современных медицинских технологий" Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1174 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации государственного учреждения "Центр внедрения современных медицинских технологий" Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1174
Қабылданған күні
04.12.2007
Көрсетілген редакция
28.08.2015 36007_55995.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001174_
ЭКБ идентификаторы
36007
Редакция идентификаторы
36007_55995
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:43

0 Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы" мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

2 2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 114-1-жолмен толықтырылсын:
"114-1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".

6 6. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы