О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Қолданыста
Жарлық
·№ 436
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 436
- Қабылданған күні
- 13.11.2007
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2023 36009_645505.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U070000436_
- ЭКБ идентификаторы
- 36009
- Редакция идентификаторы
- 36009_645505
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:50
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
(үзінді)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 44, 424-құжат; 2005 ж., N 15, 174-құжат; 2006 ж., N 33, 350-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген тәртіпке сәйкес Ортсайлауком құрамында төраға мен алты мүше болып құрылады.";
5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
2 2) күші жойылды - ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
3 3) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат; 2006 ж., N 35, 373-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
27-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Парламенттің" деген сөз "Парламент Сенатының" деген сөздермен ауыстырылсын.