О дополнительных категориях граждан, имеющих право на безвозмездное получение в собственность занимаемых ими жилых помещений государственного жилищного фонда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительных категориях граждан, имеющих право на безвозмездное получение в собственность занимаемых ими жилых помещений государственного жилищного фонда
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік тұрғын үй қорының өздері тұратын тұрғын үй-жайларын меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың қосымша санаттары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30/2
- Қабылданған күні
- 22.10.2007
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2008 AI36018_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07PA000096
- ЭКБ идентификаторы
- 36018
- Редакция идентификаторы
- AI36018_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:56
0 Мемлекеттік тұрғын үй қорының өздері тұратын тұрғын үй-жайларын меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың қосымша санаттары туралы.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылы 24 қаңтардағы № 66 қаулысымен бекітілген, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережесінің" 6 тармағына сәйкес қалалық маслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын меншікке өтеусіз алу құқығы берілсін:
1 1) қала жатақханаларында тұрақты тұратын және әлеуметтік қорғалатын тұрғындар санатына жататын азаматтарға;
2 2) 2001 жылдың 1 қаңтарына дейін іске қосуға енгізілген, мемлекеттік тұрғын үй қорының пәтерлерінде тұрақты тұратын мына санаттарға жататын азаматтарға:
құқыққа қарсы әрекеттер нәтижесінде мүгедек болған адамдардан басқа, үшінші топтағы мүгедектерге;
некеге тұрмаған, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, көп балалы отбасыларына;
некеге тұрмаған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасыларына; зейнеткерлерге;
заңнамада белгіленген тіршілік минимумынан төмен (өтініш беру кезінде) соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне жиынтық айлық кірісі бар аз қамтамасыз етілген азаматтарға жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша;
белгіленген тәртіпте есепте тұрған жұмыссыз азаматтарға;
мүгедек балаларды қамқорлығына алған адамдарға;
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде немесе жазатайым оқиға нәтижесінде өндірісте қаза болған отбасыларына;
Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, бұрын "Ардақты ана" атағы берілген аналарға, Даңқ орденімен, Еңбек даңқы орденімен, үш дәрежелі "КСРО қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін" орденімен марапатталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларына ие болған азаматтарға;
КСРО,ТМД және Қазақстан Республикасы елдерін қорғау жөніндегі жауынгерлік операцияларға қатысқан интернационал-жауынгерлерге, әскери қызметкерлерге;