Қолданыстағы ред. 22.11.2007 (Редакция 36032_236843.kaz)

Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылына ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы от 22.11.2007 г. № 227/11 (Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылына ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы)

0

Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылына ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасына 2002 жылғы 10 маусымдағы «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9 тармақшасына және 27 бабына сәйкес Лебяжі ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының ұсынысы негізінде, ірі қара малдың сарып ауруын жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Лебяжі ауданының Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылына ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салынсын.

2

2. Шарбақты селолық округінің әкімі:
ауыл шаруашылығы малдарын басқа аймаққа айдау, жеткізу, әкелу, әкетуге;
сүт өнімдерін әзірлеу, сату және ауылдан шығаруға;
басқа шаруашылықтарға шығару үшін шөп және басқа дақылдарды дайындауға;
ауыл шаруашылығы көрмелері мен жәрмеңкелерін өткізуге шектеу салу бойынша шаралар қабылдансын.

3

3. Мемлекеттік ветеринарлық инспекторы (келісім бойынша) селолық округ әкімімен бірлесе ауру малдарды жекелеу шараларын қабылдансын және карантин қадағалау орындарындағы құрал – жабдықтарға үнемі бақылау жүргізсін.

4

4. Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік санитарлы – эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басқармасы (келісім бойынша) селолық округ тұрғындары арасында сарыпты ескерту және оның алдын алу шараларын қамтамасыз етсін.

5

5. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Дубовицкийге жүктелсін.