Құжат мәтініне өту

О предоставлении земельных участков в постоянное землепользование государственному учреждению "Маркакольский государственный природный заповедник" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қаулы · № 1214 · қабылданған 11.12.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36084/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О предоставлении земельных участков в постоянное землепользование государственному учреждению "Маркакольский государственный природный заповедник" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1214 ·11.12.2007
04.09.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении земельных участков в постоянное землепользование государственному учреждению "Маркакольский государственный природный заповедник" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1214 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении земельных участков в постоянное землепользование государственному учреждению "Маркакольский государственный природный заповедник" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1214
Қабылданған күні
11.12.2007
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI36084_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001214_
ЭКБ идентификаторы
36084
Редакция идентификаторы
AI36084_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:40

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және Ерекше қорғауды талап ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Шығыс Қазақстан облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының мына санаттағы жерінен жалпы алаңы 27931 гектар жер учаскелері:

1 1) босалқы жерінен - 11673,6 гектар;

2

2) орман қоры жерінен - Марқакөл мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінен - 16257,4 гектар алынсын және олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.
1-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жер учаскелері босалқы жер және мемлекеттік орман қорының жері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар "мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекарасын белгілесін.

3 3. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салып және (немесе) шектеу қоя отырып, мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
N 1214 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
Жер­лер са­на­ты
Ала­ңы, га
Күр­шім ауда­ны:
1) босал­қы жер
2) ор­ман қо­ры­ның же­рі (Мар­қа­көл
мем­ле­кет­тік ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы
ме­ке­ме­сі)
со­ның ішін­де: Мар­қа­көл ор­ман­шы­лы­ғы
Бо­ран ор­ман­шы­лы­ғы
11673,6 16257,4
12717,7
3539,7
Бар­лы­ғы:
27931,0

Қолданыстағы