Об утверждении Правил «О порядке оказания помощи малообеспеченным гражданам (семьям) на оплату содержания жилья, потребления коммунальных услуг и телефонной абонентской связи» Қолданыста
Басқа 0
«Қамтылуы нашар азаматтарға (от басыларына) тұрғын үйін ұстауға, коммуналдық қызмет және телефон абоненттік байланысын тұтынуын төлеуге көмек көрсету реті туралы» Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы №148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының бөліміне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 9 қыркүйегіндегі №949 «Қалалық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефондары үшін төлейтін абоненттік ақы тарифтарын көтеру өтемақысының Ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. «Қамтылуы нашар азаматтарға (от басыларына) тұрғын үйін ұстауға, коммуналдық қызмет және телефон абоненттік байланысын тұтынуын төлеуге көмек көрсету реті туралы» ұсынылған Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақмола облыстық әділет департаментінде 28 желтоқсан 2004жылы №2953 болып тіркелген Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылдың 22 желтоқсанындағы №13/5 «Қамтылуы нашар отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйін ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызмет тұтыну ақысына көмек көрсету реті туралы» шешімі күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы, Есіл аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми түрде жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі
бастығының м.а. В.Чернецкая
«28» қараша 2007ж.
Басқа 4. Қамтылуы нашар азаматтарға (от басыларына) тұрғын үйін ұстауға,коммуналдық қызмет және телефон абоненттік байланысын тұтынуын төлеуге көмек көрсету реті Ережесі.
Есіл аудандық мәслихатының
2007 жылғы 27 қарашадағы
сессиясының №4/3
шешімімен бекітілген
Қамтылуы нашар азаматтарға (от басыларына) тұрғын үйін ұстауға,коммуналдық қызмет және телефон абоненттік байланысын тұтынуын төлеуге көмек көрсету реті Ережесі.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдем ақша-жәрдемақысы аудан аумағында тұрақты тұратын және аудан аумағында орналасқан меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдаушы қамтылуы нашар тобына тұрғын үйді (үйдегі пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға және телефон абоненттік төлеміне кететін ақының есесін бөлшектеп қайтару үшін көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй меншік иесі-тұрғын үй жәрдем ақшасына құқығы бар аудан аумағында тұрақты тұратын тұрғын үй меншігінің немесе оның бөлігінің иесі, егер оның компенсациялық шаралармен және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерімен қамтылатын тұрғын үй нормаларының шегіндегі тұрғын үйді ұстауға және коммуналыдық қызметтерді тұтынуға жұмсалатын шығындары осы мақсаттарға жіберілетін шығындардың шекті үлесінен асатын болған жағдайда бола алатын жеке тұлға.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй меншік иесінің (жалдаушының) отбасы мүшесі меншік иесімен (жалдаушымен) аудан аумағында бірге тұратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі №1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес тіркелген, тұрғын үй көмегінің көлемін белгілеу кезінде ескерілген және отбасы мүшесі боп саналатын жеке тұлға.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй-(орталықтандырылған жылытуымен жеке тұрғын үй, пәтер, жатақхана бір бөлмесі), тұрақты тұратын және пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да талаптарға жауап беретін жеке тұратын бірлік.
Тармақ 5
5. Коммуналдық қызметтер-тұрғын үйдегі (тұрғын үй ғимаратында) берілетін сумен қамту, канализация,газбен қамту, электрмен қамту, жылумен қамту, күл-қоқыс шығару қызметтері.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйді ұстау шығындары - пайдалануға қажетті, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының, сондай-ақ жер учаскесін ұстау төлемдерінің қосындысы.
Тармақ 7
7. Стандарттың әлеуметтік нормасы-компенсациялық шаралармен және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерімен қамтылатын тұрғын үй алаңының нормалары шегіндегі тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлем шығыны (әрі қарай-СӘН).
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі мен құқығын белгілеу
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі мен құқығын белгілеу
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемақшасына құқық, егер компенсациялық шаралармен және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерімен қамтылатын тұрғын үй нормаларының шегіндегі тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалатын шығындары осы мақсаттарға жіберілетін шығындардың шекті үлесінен асатын болған жағдайда туындайды.
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық кызметтерді тұтынуға жұмсалатын шығындарының шекті үлесі отбасының жиынтық кірісінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемі СӘН асатын болса жалпы негіздегі өтінумен жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін алуға құқық белгілеу кезінде тұрғын үй меншік иесінің (жалдаушының) отбасы мүшесі осы Ереже талаптарына сәйкес жәрдем ақша тағайындалатын кезеңдерге белгіленеді.
Тармақ 10
10. Нормативті алаң мынадай мөлшерде қабылданады:
жалғыз басты азаматтар үшін 30 кв.м (тұрғын үйдің жалпы алаңынан) ең төмені бір бөлмелі пәтер;
екі немесе одан да да көп адамдары бар отбасы үшін 18 кв.м (тұрғын үйдің жалпы алаңынан).
Электр энергиясын пайдалану нормасы отбасына бір айға 75 квт.
Тармақ 11
11. Жеке меншігінде бірден артық үй жайы (жеке пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үй жайын жалға немесе жалдауға берушілер тұрғын үй жәрдемақшасын алу құқығынан айрылады.
Тармақ 12
12. Егер отбасыларында мүгедектерден және бір айдан артық уақытта ауруханада емделген адамдардан, оқушы және студенттерден, оқудың күндізгі түріндегі тыңдаушылар мен курсанттардан басқа, магистратура мен аспирантура сияқты, сонымен бірге, 1 және II топтағы мүгедектерді, сексеннен асқан кәрілерді, 7 жасқа дейінгі балалар немесе бір жарым жасқа дейінгі баланы күтушілерден басқа жұмыс істей алатын қабілеті бар адам бола тұра жұмыс істемесе, оқу оқымаса, әскер қатарында қызмет етпесе және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту бөлімінде тіркелмеген болса, тұрғын үй көмегін алу құқығына ие бола алмайды.
Тұрғын үй көмегі осы көмек беріліп тұрған уақыттарда тұрғын үй- коммуналдық қызметтері төлемі бойынша қарыздары болған отбасыларына тағайындалмайды.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі шешімді «Есіл ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай мекеме) меншік иесінің (жалдаушының) өтінішін және қоса берілген тұрғын үй көмегін алу құқығын растайтын құжаттарын негізге алып қабылдайды. Келіспеушілік болған жағдайда шешімді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия қабылдайды.
Өтініш түрін Мекеме белгілейді.
Тармақ 14
14. Құжаттар тізіміне мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) тұрғын үйге (пайдалануға) меншіктік кұқығын көрсететін кұжат
Тармақша 2
2) жиынтық кірісі туралы кұжат
Тармақша 3
3) отбасы құрамын көрсететін құжат
Тармақша 4
4) жеке куәлігінің көшірмесі
Тармақша 5
5) үлгі шарт телекоммуникациядар қызметтерін көрсетуге
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегі бұрынғы тоқсандағы тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер төлеміне кірістер мен шығыстар бойынша ағымдағы тоқсандағы құжаттарды беру уақытынаң бастан бір тоқсанға тағайындалады. Жиынтық кірісі болмаған жағдайда бір адамға екі ең төменгі есептеу көрсеткіші қабылданады.
Тармақ 16
16. Өтініш берушінің құжаттарын жан-жақты қарау нәтижесі бойынша белгіленген үлгіде есептелген тұрғын үй көмегінің мөлшері көрсетіліп келісім шарт жасалады. Келісім шарт екі данада құрылады, оның біреуі өтініш иесінде болса, екіншісі мекемеде сақталады. Келісім шарт үлгісін мекеме жасайды.
Тармақ 17
17. Өтініш беруші берген өтінішіндегі және өткізген құжаттарының толықтығына және растығына келісім шарттағы жағдайда жауапкершілік көтереді. Өтініш беруші тұрғын көмегін алып отыруға әсері бар барлық өзгерістері жөнінде Мекемеге өзгерістер туғаннан кейінгі 10 күн ішінде ескертуге міндетті. (Қамтылуы нашар азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрмыстық-коммуналдық кызметтерге төлеуге тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы ереже).
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі
Тармақ 18
18. Үйлердің барлық меншік түрлерінде тұратын тұрғындарды тұрғын үй көмегімен төлемін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады
Телефон үшін абоненттік төлем тарифінің көтерілу компенцациясын қаржыландыру республикалық бюджет бағдарламалары қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдалануға есептелген нормативті шығындарды анықтау аумақтық бағалау және монополияға қарсы саясат комитеттерінің және басқа да уәкілетті атқару органдарының бақылауымен жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Тұрғын үй көмегі ақшалай қаражат түрінде алушының есеп шотына қабылдау жолымен іске асырылады.
Тармақ 21
21. аудандық қаржы бөлімі сұраныстардың негізінде ай сайын төлем есебі бойынша аудандық бюджетте қарастырылған ассигнования есебінен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмсаған қаражаттарының есебін толтырып отырады.
Тармақ 22
22. Қамтылуы аз азаматтарға тұрғын үй көмегін берумен байланысты шығындардың орнын толтыру тәртібі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен белгіленеді.
Тармақ 23
23. Аудандық қаржы органдары жылына кемінде бір рет тұрғын үй көмегін төлеуге бөлінген бюджет қаражаттарының дұрыс жұмсалуының бастапқы құжаттарын тексеріп отыруға міндетті.
Тармақ 24
24. Тұрғын үй көмегі заңсыз тағайындалған құжаттардың дұрыс ресімделмегені үшін осыған кінәлі лауазымды тұлғалар белгіленген заңнамалық тәртіпте жауапкершілік көтереді.
Тарау 4. 4. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу.
4. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу.
Тармақ 25
25. Қалалық телекоммуникация желісінің абоненті (бұдан әрі абонент)-қалық телекоммуникация желілерінің байланыс қызметтерін, осы мақсаттар үшін абоненттік нөмір немесе сәйкестендіру коды бөлінген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт негізінде пайдаланушы жеке тұлға.
Тармақ 26
26. Қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрі-телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу)-тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін ақшалай өтемақы және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеу үшін арналған.
Тармақ 27
27. Абоненттерге телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақысы телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Абоненттік ақы осу айырмасын қаржыландыру бағдарлама әкімшіліктерінің облыстық уәкілетті органның есептік шотына үш күндік мерзімде ақшалай қаражат аудару жолымен жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Аудандық уәкілетті органдар облыстық уәкілетті органның төлемдер ақшалай қаражатпен ақшалай аударылғаннан кейін банктік үш күн ішінде телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысын ұйымға төлеуді олардың аумағында қолданылатын тұрғын үй көмегін тағайындаудың және төлеудің тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Аудандық уәкілетті органдар есепті айдан кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге ақшалай қаражат қажеттілігін жасайды және облыстық уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 31
31. Екінші деңгейдегі банктердің телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысын төлеу жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу заңнамада белгіленген тәртіппен банк пен қалалық уәкілетті органдар арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтың жиынтық кірісін есептеу
5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтың жиынтық кірісін есептеу
Тармақ 32
32. Азаматтың жиынтық кірісі тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілденген органмен тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу үшін анықталады.
Тармақ 33
33. Жиынтық кірісті анықтағанда Қазақстан республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде кез-келген кіріс көзінен белгіленген мерзім ішінде ақшалай не заттай алынған кірістің мынадай түрлері есептеледі:
Тармақша 1
1) еңбек ақы түрінде алынған кіріс: жалақының барлық түрлері, сонымен қатар премиялар, қосымша ақы, үстем ақы
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс: өнімді сатудан түскен түсім;сатудан тыс операциялардан түскен түсім, оның ішінде: үлес -пайда, өтеусіз алынған ақшалай қаражат, мүлікті және қозғалмайтын мүлікті жалға беруден түскен түсім;
Мүліктік кіріс. Жеке тұлғалардың мүліктік кірісіне, инфляциаға сәйкес бағасына түзетулер енгізуді есепке ала отырып, сату және жергілікті бюджетпен, сондай-ақ жұмыс берушілердің есебінен төленетін бір реттік төлемдер мен материалдың көмек, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша төленетін жәрдемақы (оның ішінде бала күту үшін берілетін жәрдемақы), бала көтеру және тууға байланысты жәрдемақылар.
Тармақша 3
3) үйде отырылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Бір реттік соммалар денсаулыққа зиян келтіру арқылы жасалған;
Тармақша 5
5) Ақшалай және заттай ұтыстар; алынатын алименттер отбасының жиынтық кірісіне тиесілі және тағайындалған мерзімі бойынша есептеледі, Алимент төлеуші азаматтың еңбек ақысының қайта есептелуіне байланысты алынған қосымша ақша қарыз болып есептелелмейді және отбасының жиынтық кірісінде тағайындалған уақыттан бастап есептеледі; егер шешесіне ( әкесіне) соттың шешімі бойынша алиментті төлеттіріп қарсылық білдірілсе, сондай-ақ егер ерлізайыптылардың некесі бұзылса, бірақ, шешесі ( әкесі) оны әлі алмаса, жиынтық кіріс сот шешімінің көшірмесі тапсырылғанша алиментті есепке алмайды; Егер ерлі-зайыптылардың некесі бұзылмаған болса, бірақ олар жәрдемақыны тағайындау женінде арызданған сәтте әкесінен ( шешесінен) алимент төлеттіріп алу туралы соттың шешімі қабылданса, отбасының жиынтық кірісін есептегенде бұған дейінгі әкесінің ( шешесінің) кірісі есепке алынады.
Тармақша 6
6) Отбасының жиынтық кірісіне және қосалқы шаруашылығынан түскен пайда енгізіледі (сонымен қатар, малынан, үй жанындағы учаскеден, огородтан). Отбасының бірінші тоқсанындағы жиынтық кірісінде есептелетін кірістің мөлшері қалада (қала типіндегі поселкеде) тұратын отбасы үшін есептеу көрсеткішінің 5 есе мөлшерінде және ауылдық жерде тұратын отбасы үшін есептеу көрсеткішін 6 есе мөлшерінде алынады.
Тармақша 34
34) Отбасының жиынтық кірісі жәрдемақы алу үшін арызданған тоқсанның алдындағы тоқсандағы (айдың 1 күнінен бастап 1 күніне дейін) отбасының құрамында есепке алынған барлық азаматтардың кірісін қоса есептеу жолымен анықталады; отбасының құрамына ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген және ҚР-ның халықты құжаттыандыру , тіркеу ережелерімен тіркелген азаматтарды есептеу қажетті 12 шілде 2000 жыл № 1063.
Тармақша 35
35) Отбасының бір тоқсандағы орташа айлық жиынтық кірісі отбасының осы мерзім ішіндегі жиынтық кірісін тоқсан ішіндегі айларға бөлу жолымен есептеледі;
Тармақша 36
36) Отбасының жиынтық кірісін есептеу мерзімінде оның құрамында өзгеріс болса, отбасының келген (кеткен) мүшесінің кірісі оның келген (кеткен) айынан бастап есептеледі;
Тармақша 37
37) Егер отбасы мүшелерінің бірі кіріс есептелетін тоқсан ішінде толық мерзім жұмыс істемесе, оның еңбекақысы жұмыс істеген осы тоқсанның барлық айларына түгел есептеледі, ал орташа айлық кірісі жалпы табыстың және басқа да кірістердің тоқсанның жұмыс істеген айларының күндеріне бөлу жолымен анықталады.
Тармақша 38
38) Арыз берушілер берілген мәліметтердің анықтығы жөнінде ретті түрде жауапкерші болады.
«Қамтылуы нашар азаматтарға тұрғын
үйді ұстауға, коммуналдық қызметті
пайдалануға және телефон
абоненттік төлеміне көмек
көрсету ережесіне»
қосымша №1
Тұрғын үй жәрдемақысын беруге келісім шарт
200___жыл____тоқсан
Осы келісім шарт тұрғын үй көмегін беруге___________________________
Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бір тараптан және екінші тараптан тұрғын үй меншік иесі (жалға алушы) Есіл қ.
мекен жайында тұратын
арасында бекітілді.
1 тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушы) өткізген құжаттарының
негізінде, бөлім 200 ___________жыл_____ тоқсаны
көлемде тұрғын үй көмегін ағымдағы тоқсанның үш айы мерзіміне береді.
2 Осы Келісім шарт аудандық мәслихаттың 2007 жылғы___________
Сессиясында бекітілген «Қамтылуы нашар азаматтарға
тұрғын үйді (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстауға, коммуналдық қызметті пайдалануға көмек көрсету ережесіне» сәйкес тұрғын үй көмегін беруге негіз болады.
3 Туындаған барлық келіспеушіліктер қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес шешіледі.
4 Келісім шарт екі данада құрылған, оның біреуі тұрғын үй меншік иесінде сақталады.
Тұрғын үй жәрдемақысы:
ЖЫЛЫТУ______200_______жыл_____тоқсаны
_____________көлемінде
Есіл ЖҚ және ӘБ бөлімінің Меншік иесі (жалға алушы)
«Қамтылуы нашар азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызметті
пайдалануға және телефон абоненттік
төлеміне көмек көрсету
ережесіне» қосымша №2
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
________№_____________шешім
Тұрғын үй көмегі 200__ж__________тоқсанына
Азамат (ша)_____________________________
Мекен__________________________________жайы
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» 16.04.1997ж. №94 Заңының 27
бабының 2 тармағына және_____________аудандық (қалалық)
мәслихатының__________ж. №__________________сәйкес
200____ж______тоқсанына «»________бастап
Тоқсанына_______________теңге
көлемінде тағайындалсын
Тоқсанына___________теңге көлемінде телефон үшін
абоненттік төлем көтерілу компенсациясына
Бөлім бастығы (меңгеруші) «»________200_____жыл.
Маман
«Қамтылуы нашар азаматтарға тұрғын
үйді ұстауға, коммуналдық қызметті
пайдалануға және телефон
абоненттік төлеміне көмек
көрсету ережесіне»
қосымша №3
ЖҚ және ӘБ бөлімінің бастығы
мекен жайының тұрғыны
құжаты, жеке куәлігі №
« » берілген
СТТН
Есеп шот №
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________мекен жайында
тұратын маған (менің отбасыма) тұрғын үйді ұстауға (жалға алуға) және тұрғын үй коммуналдық қызметтерін тұтынуға төлем шығындарының орнын толтыру үшін тұрмыстық көмек тағайындауыңызды сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қосымшалаймын:
1._________________________________________
2.___________________________________________
3__________________________________________
4__________________________________________
5_____________________________________________
Өзгерістер бола қалған жағдайда ол туралы 15 күн ішінде хабарласуды міндетіме аламын.
Құжаттарда жалған (қолдан жасалған) ақпараттар берілгендігі үшін жауапкершілік көтеру жөнінде ескертілдім.
«»__________________
Құжаттар қабылданған күн:
«»__________________
Өзгерістер бола қалған жағдайда ол туралы 15 күн ішінде хабарласуды міндетіме аламын. Құжаттарда жалған (қолдан жасалған) ақпараттар берілгендігі үшін жауапкершілік көтеру жөнінде ескертілдім.
Азамат (ша)______өтініші қосымшаланған
құжаттары данамен отбасының тіркелу нөмірімен
«»________2007_____жыл қабылданды
Құжаттарды қабылдаушының аты-жөні, қызметі, қолы