Қолданыстағы ред. 21.11.2007

Жаңажол ауылдық округінің Постройка елді мекеніне шектеу қою туралы от 21.11.2007 г. № 225 (Жаңажол ауылдық округінің Постройка елді мекеніне шектеу қою туралы)

0

Жаңажол ауылдық округінің Постройка елді мекеніне шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясының 19.11.2007 жылғы № 510 санды ұсынбасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жаңажол ауылдық округінің Постройка елді мекеніне, мүйізді ірі қарадан құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу қойылсын.

2

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жаңақала аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Ж.А.Семеновке жүктелсін.