Жаңажол ауылдық округінің Постройка елді мекеніне шектеу қою туралы Күшін жойған
Басқа 0
Жаңажол ауылдық округінің Постройка елді мекеніне шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясының 19.11.2007 жылғы № 510 санды ұсынбасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңажол ауылдық округінің Постройка елді мекеніне, мүйізді ірі қарадан құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жаңақала аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Ж.А.Семеновке жүктелсін.