Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі"

Қаулы · № 1253 · қабылданған 21.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36166/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі" Күшін жойған Қаулы ·№ 1253 ·21.12.2007
23.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1253 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі"
Атауы (қаз.)
"Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1253
Қабылданған күні
21.12.2007
Көрсетілген редакция
23.04.2015 AI36166_4.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001253_
ЭКБ идентификаторы
36166
Редакция идентификаторы
AI36166_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:31

0 "Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекіту туралы

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған "Алтын белгі" белгісі туралы" ереже бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) "Алтын белгі" белгісі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 41, 374-құжат);

2 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 428 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 17, 219-құжат);

3 3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 107 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 6, 57-құжат).

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 "Алтын белгі" белгісі туралы ереже

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1253 қаулысымен
бекітілген
"Алтын белгі" белгісі туралы ереже

1 1. Осы Ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабы 17) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2 2. "Алтын белгі" белгісімен мына талаптарға сәйкес келген жағдайда:

1

1) үлгiлi мiнез-құлық көрсеткен және негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларына немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндерi бойынша оқу кезеңiнде бiлiм берудiң негiзгi орта және жалпы орта деңгейлерiнде «5» деген жылдық және қорытынды бағалары бар;

2 2) жалпы орта білім берудің қорытынды аттестаттауынан "өте жақсы" деген бағамен өткен оқушылар марапатталады.

3

3. «Алтын белгi» белгiсiмен оқушылар негізгі орта, жалпы орта білім беру жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын республикалық білім беру ұйымдарының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, облыстар, Астана және Алматы қалалары бiлiм басқармаларының марапаттауға ұсынылатын оқушының осы Ереженiң талаптарына сәйкестiгi туралы ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органының бұйрық шығаруы жолымен марапатталады.

4 4. "Алтын белгі" белгісімен марапаттау салтанатты жағдайда өткізіледі.

5

5. Заңның 26-бабының 5-тармағына сәйкес "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың конкурс өткізу кезінде білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі және жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауда басым құқығы бар.

6 6. "Алтын белгі" белгісімен марапатталушы заңнамада белгіленген тәртіппен денсаулық жағдайы бойынша арнайы талаптар көзделген жоғары оқу орнын таңдаған жағдайда, денсаулығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген арнайы талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қабылдана алады.

7 7. Осы Ереже меншік үлгісіне, түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгіленген тәртіппен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқушыларына қолданылады.

8 "Алтын белгі" белгісінің сипаттамасы

8. "Алтын белгі" белгісін дайындау осы Ережеге қосымшаға сәйкес "Алтын белгі" белгісінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Алтын белгі" белгісі туралы ережеге
қосымша
"Алтын белгі" белгісінің сипаттамасы
"Алтын белгі" белгісінің диаметрі 30 мм шеңбер болады, Л-80 мыс және мырыш металдарының арнайы қорытпасынан дайындалады.
Белгінің бет жағында астынан лавр бұтағымен көмкерілген ашық кітап бейнеленген. Осы бейненің үстіңгі жағында "Алтын белгі" деген алтынмен жазылған жазу шығыңқырап тұрады. "Алтын белгі" жазба контуры, ашық кітап және лавр бұтағының бейнелері бедер түрінде 1 мм алға шығыңқырап тұрады.
Белгінің артқы жағында "Қазақстан Республикасы" деген жазумен көмкерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.

Қолданыстағы