Об утверждении перечня бюджетных инвестиционных проектов (программ), не требующих разработки технико-экономического обоснования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня бюджетных инвестиционных проектов (программ), не требующих разработки технико-экономического обоснования
- Атауы (қаз.)
- Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1254
- Қабылданған күні
- 21.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2009 AI36167_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070001254_
- ЭКБ идентификаторы
- 36167
- Редакция идентификаторы
- AI36167_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:31
0 Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 150-бабы 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1254 қаулысымен
бекітілген
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі
1 1. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салуды көздейтін жобалар, оның ішінде:
1 1) 250 оқушыға дейінгі жалпы білім беретін орта мектептер салу;
2 2) 300, 600, 900, 1000, 1200 оқушыға арналған орта мектептер салу;
3 3) 280 орынға дейінгі мектепке дейінгі балалар мекемелерін салу;
4 4) 500 оқушыға дейінгі мектеп-интернаттарын салу;
5 5) дәрігерлік амбулаториялар салу;
6 6) медициналық пунктер салу;
7 7) перзентхана бөлімшесі бар 180 төсекке арналған көп бейінді ауруханалар салу;
8 8) қоса алғанда 300 төсекке дейінгі көп бейінді ауруханалар салу;
9 9) қоса алғанда 200 төсекке дейінгі көп бейінді балалар ауруханаларын салу;
10 10) қоса алғанда 100 төсекке дейінгі ауылдық ауруханалар салу;
11 11) 60 төсекке арналған перзентханалар салу;
12 12) ауысымында 250 адам қабылдайтын аудандық емханалар салу;
13 13) ауысымында 500 адам қабылдайтын қалалық емханалар салу;
14 14) қоса алғанда 100 төсекке және ауысымында 150 адамға дейін қабылдайтын туберкулезге қарсы диспансерлер салу;
15 15) жылына 20000 литрге дейін дайындау көлемі бар қан орталықтарын салу;
16 16) ауысымында 100 адам қабылдайтын емханалары бар 60 төсек-орындық госпитальдар салу;
17 17) әскери қалашықтар аумағында пәтер үлгісіндегі 100 бөлмеге арналған үлгі жатақханалар салу;
18 18) әскери қалашықтар аумағында үлгі 120 пәтерлік тұрғын үйлер салу;
19 19) қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін биіктігі - қоса алғанда 5 қабатқа дейінгі көп функционалды қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкімшілік, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттарын (бір мезгілде 300-ден аспайтын адам болатын) салу;
20
20) сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - биіктігі қоса алғанда 3 қабатқа дейінгі көп функционалды қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкімшілік, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттарын салу;
21 21) қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін - сыйымдылығы 300-ден аспайтын көрерменге арналған спорттық-ойын-сауық ғимараттары және залы бар жабық құрылыстар салу;
22
22) сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - сыйымдылығы 100-ден аспайтын көрерменге арналған спорттық-ойын-сауық ғимараттары және залы бар жабық құрылыстар салу;