Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам

Қаулы · № 1262 · қабылданған 21.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36171/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам Күшін жойған Қаулы ·№ 1262 ·21.12.2007
30.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам

Күшін жойған Қаулы ·№ 1262 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам
Атауы (қаз.)
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1262
Қабылданған күні
21.12.2007
Көрсетілген редакция
30.01.2016 AI36171_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001262_
ЭКБ идентификаторы
36171
Редакция идентификаторы
AI36171_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:31

0 Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу ережесін бекіту туралы

"Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу ережесі 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1262 қаулысымен
бекітілген
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу ережесі 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі - қор немесе қорлар);

2 2) қатысушы - қормен қатысу шартын жасасқан және қолданылатын шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы.

2 2. Қорлардың қызметі мен таратылу тәртібі

3 3. Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылатын коммерциялық емес ұйым қор (қорлар) болып табылады.

4 4. Қор (қорлар) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің , осы Ереженің және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.

5 5. Қордың (қорлардың) негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесін дамыту.

6 6. Қорды (қорларды) басқару органдарын қалыптастыру тәртібі және олардың құзыреті қордың (қорлардың) құрылтай құжаттарында белгіленеді.

7 7. Қордың (қорлардың) кірістері алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін оның дамуына ғана бағытталады.

8 8. Әрбір қордың (қорлардың) кепілдік төлемдеріне арналған өтеу резервінің мөлшері қатысушылардың мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы және кемінде бір миллиард теңге соманы құрауы тиіс.

9 9. Әрбір қордың (қорлардың) өтеу резервтері оны құру кезінде қажетті жарғылық капиталды қалыптастыруға қарамастан қалыптастырылады.

10 10. Қатысушылардың жарналары міндетті түрде өтеу резервін толықтыруға жіберіледі.

11 11. Мақта қолхатын ұстаушылардың талаптарын бірінші кезекте қамтамасыз ету мақсатында қордың (қорлардың) меншік капиталы мөлшерінің кемінде 80%-ы тұрақты негізде өтімділігі жоғары қаржы активтеріне (ақша, екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер, бағалы қағаздар) орналастырылады.

12 12. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір айдан кешіктірмейтін мерзімде қор (қорлар) уәкілетті органға өздерінің мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттарды, құрылтай құжаттарын, сондай-ақ өтеу резервінің мөлшері туралы мәліметтерді тапсырады.

13 13. Қор (қорлар) бұқаралық ақпарат құралдарында өздерінің құрылғандығы туралы хабарлама және мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына тиісті қорға (қорларға) қатысуға ұсыныстар жариялайды.

14 14. Қатысушылар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда қор (қорлар) мақта қолхатын ұстаушылардың алдында Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес субсидиярлық жауаптылықта болады.

15 15. Қор (қорлар) осы Ереженің 16-тармағының талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен таратылуы мүмкін.

16 16. Қорды (қорларды) басқару органдарының қорды (қорларды) ерікті түрде тарату туралы шешімі қордың (қорлардың) кепілдіктері аяқталғаннан кейін немесе қатысушы осы қор (қорлар) беріп, кепілдендірген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.

Қолданыстағы