Құжат мәтініне өту

Об утверждении Стандарта оказания государственной услуги по апостилированию официальных документов, исходящих из органов образования, науки и учебных заведений Республики Казахстан

Бұйрық · № 591 · қабылданған 30.11.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36257/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Стандарта оказания государственной услуги по апостилированию официальных документов, исходящих из органов образования, науки и учебных заведений Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 591 ·30.11.2007
21.09.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Стандарта оказания государственной услуги по апостилированию официальных документов, исходящих из органов образования, науки и учебных заведений Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 591 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Стандарта оказания государственной услуги по апостилированию официальных документов, исходящих из органов образования, науки и учебных заведений Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
591
Қабылданған күні
30.11.2007
Көрсетілген редакция
21.09.2012 AI36257_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070005042_
ЭКБ идентификаторы
36257
Редакция идентификаторы
AI36257_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:44

0 Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

"Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 Қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

2 2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті(Н. Қалабаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3 3. Осы бұйрық алғашқы арнайы жариялымнан кейін күнтізбелік он күн ішінде күшіне енеді.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.

5 Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулер СТАНДАРТЫ 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 30 қарашадағы
N 591 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулер СТАНДАРТЫ 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Стандарт ресми құжаттарға апостиль қою бойынша құжатқа қол қойған тұлғаның қолының түпнұсқасын куәландыратын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растап, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін белгілейді. Апостильді қою құжаттарды дипломатиялық және консулдық заңдастыру қажеттілігінен босату мақсатында Гаага конвенциясына мүше-елдердің аумағында қолдануға арналған апостиленетін құжаттардың түпнұсқалылығы мен тиесілі ресімделінуіне кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету).

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету "Шетелдік ресми құжаттарды

заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға қосылу туралы"
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 11-II Заңының , "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Укіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 545 қаулысының, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы Бірыңғай қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы N 67 бұйрығының (мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 1536 тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті сыртқы емтихандар басқармасы көрсетеді (бұдан әрі - Комитет).

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қортындылану нысаны (нәтижесі) апостилденген құжатты беру болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - талап етуші) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту бір сағаттан аспауы керек;

2 2) апостилденген құжатты алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт мерзімі бір сағаттан аспау керек;

3 3) Құжаттар түскен кезден бастап 3 күн ішінде қаралады, тиісті құжаттарға қосымша тексеріс қажеттігі кезінде құжаттарды қарау 15 жұмыс күніне дейін ұзартылады.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 20 пайызын құрайтын мемлекеттік баж төленеді.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Комитеттің ресми сайтында (www.educontrol.kz) орналастырылады.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету сенбі және жексенбіден басқа барлық күндері жүргізіледі. Құжаттар 9.00.-ден 11.00.-ге дейін қабылданады, 16.00.-ден 18.00.-ге дейін құжатты ұсынушы азаматтарға қайтарылып беріледі. Алдын ала жазылу немесе жедел жүзеге асыру қолданылмайды.

11 11. Қызмет "Министрліктер үйі" ғимаратында көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

12 12. Ресми құжатты апостилдеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1 1) жеке басын куәландыратын құжат;

2 2) білім туралы құжат (түпнұсқа);

3 3) мемлекеттік баж салығын төленгендігі туралы түбіртек;

4 4) өтініш беруші жеке өзі қатыса алмаған жағдайда нотариялды куәландырылған сенім хат.

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланк толтыру, өтініш беру талап етілмейді.

14 14. Қызмет мынадай мекен-жай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, N 35 көше "Министрліктер үйі" 11-кіреберіс, 833 кабинет. Телефондар: (8-7172) 74-23-72; 74-23-99; (www.educontrol.kz).

15 15. Талап етушінің мемлекеттік қызмет үшін ұсынылған құжаттары "Қойылған апостильдерді тіркеу кітабында" тіркеледі.

16 16. Құжаттарды беру осы Стандарттың 10 тармағында көрсетілген кесте бойынша жүзеге асырылады.

Апостилденген құжатты алу үшін талап етушінің жеке өзі немесе сенім хаты бойынша өкілетті тұлға қатыстырылады.

17 17. Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттар анық және айқын жазылуы, лауазымды тұлғаның қолы және мөрінің таңбасы анық көрінуі керек.

Апостиль Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттардың көшірмелеріне қойылмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға:

1 1) осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық болмағаны;

2 2) апостиль қою үшін ұсынылған құжат дұрыс толтырылмағаны;

3 3) білім беру ұйымдарынан шыққан білім туралы құжаттарды растау ұсынылмағаны негіз болады.

Апостиль қоюдан бас тартылған жағдайда өтініш беруші тұлғаға құжат қабылдаған күннен 10 күн ішінде дәлелді себептері көрсетіліп, жазбаша түрде қайтарылады.
Бас тартуға сотпен шағымдануы мүмкін.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Комитет қызметінде құралатын қағидаттар:

1 1) конституциялық құқық пен адам еркіндігін сақтау;

2 2) қызметті атқару барысындағы заңнамалылық;

3 3) әдептілік;

4 4) жеткілікті және толық ақпарат беру;

5 5) құпия ақпараттар және оны қорғау.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде талап етуші Комитет басшысына бара алады (тел: (8-7172) 74-23-49, imankul@educontrol.kz).

Талап етуші қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне жазбаша шағым хат жолдауына болады.

22 22. Шағым жазбаша түрде поштамен немесе Білім және ғылым министрлігінің кеңсесі арқылы қолма-қол мына мекен-жай бойынша жұмыс күндері қабылданады: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, N 35 көше "Министрліктер үйі" 11 кіреберіс, 801 кабинет.

23 23. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне келіп түскен шағымды қарау белгіленген тәртіппен және мерзімінде Қазақстан Республикасының заңнамаларымен сәйкес қаралады.

Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынылған өтініштер міндетті түрде қабылдауға, тіркелуге, есепке алынуға және қарауға жатады.

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. Талап етушіні қабылдау Комитеттің жұмысының белгіленген кестесіне сәйкес жүзеге асады.

Облыстық және Астана, Алматы қалаларының білім департаменттерімен байланысу мәліметтері осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

50 Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Қазақстан Республикасы білім,
ғылым органдары мен оқу орындарынан
шығатын ресми құжаттарға апостиль
қою бойынша мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандартының 1-қосымшасы
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және қол
же­тім­ді­лік
көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш-
тің нор­ма-
тив­тік
мәні
Көр­сет­кіш-
тің ке­ле­сі
жыл­да­ғы
ны­са­на­лы
мәні
Көр­сет­кіш-
тің есеп­ті
жыл­да­ғы
ағым­да­ғы
мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1. құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет­ті ұсы­ну оқи­ға­ла­ры­ның %(үле­сі)
1.2. қыз­мет алу­ды ке­зек­те қы­рық ми­нут­тан ас­пай­тын уа­қыт күт­кен тұ­ты­ну­шы­лар­дың %(үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. қыз­мет­ті ұсы­ну үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
2.2. құ­жат­тар­ды ла­у­а­зым­ды тұл­ға дұ­рыс ре­сім­де­ген жағ­дай­дың (жүр­гі­зі­л­ген тө­лем­дер, есеп ай­ы­ры­су­лар және т.б.)
% (үле­сі)
3. Қол же­тім­ді­лі­гі
3.1. қыз­мет­ті ұсы­ну тәр­ті­бі ту­ра­лы са­па­ға және ақ­па­рат­қа
қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың %
(үле­сі)
3.2. тұ­ты­ну­шы құ­жат­тар­ды тол­тыр­ған және бі­рін­ше рет тап­сыр­ған оқи­ға­лар­дың % (үле­сі)
3.3. Ин­тер­нет ар­қы­лы қол­же­тім­ді қыз­мет­те­рі-
нің ақ­па­рат % (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. қыз­мет­тің осы тү­рі бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­л­ген тұ­ты­ну­шы­лар­дың жал­пы са­ны­на негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың % (үле­сі)
4.2. бел­гі­лен­ген мер­зім­де қа­рал­ған және қа­на­ғат­тан­ды­рыл-
ған негіз­дел­ген
ша­ғым­дар­дың % (үле­сі)
4.3. ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­біне
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну-
шы­лар­дың % (үле­сі)
4.4. ша­ғым­да­ну мер­зі-
міне қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың %
(үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. қыз­мет­кер­лер­дің сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат-
тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың
% (үле­сі)
Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі(сайт www. kyzmet.kz)

51 Облыстық және Астана, Алматы қалаларының білім департаменттері туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы білім,
ғылым органдары мен оқу орындарынан
шығатын ресми құжаттарға апостиль
қою бойынша мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандартының 2-қосымшасы
Облыстық және Астана, Алматы қалаларының білім департаменттері туралы мәлімет
N
Ата­уы
Ор­на­лас­қан ме­кен-жайы
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
1
Аста­на қа­ла­сы­ның бі­лім де­пар­та­мен­ті
Аста­на қ. Бей­біт­ші­лік кө­ше­сі N 11 үй 708 ка­би­нет
(87172) 75-26-55
2
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның бі­лім де­пар­та­мен­ті
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Рес­пуб­ли­ка ала­ңы, N 4 үй 431 ка­би­нет
(87272)272-11-00
3
Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның
бі­лім де­пар­та­мен­ті
Көк­ше­тау қа­ла­сы, Сәт­па­ев кө­ше­сі, N 1 үй 305
ка­би­нет
(87162) 25-32-95
4
Ал­ма­ты об­лы­сы­ның
бі­лім де­пар­та­мен­ті
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы, Қа­бан­бай ба­тыр кө­ше­сі, N 26 үй
(87282) 27-25-91
5
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның
бі­лім де­пар­та­мен­ті
Ақ­тө­бе қ., Әбіл­қай­ыр­хан даң­ғы­лы, N 40 үй
(87132)56-04-61
(87132)56-44-21
6
Аты­рау об­лы­сы­ның бі­лім де­пар­та­мен­ті
Аты­рау қа­ла­сы, Әй­те­ке би кө­ше­сі,
N 77 үй
(87122)35-43-27
7
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның бі­лім де­пар­та­мен­ті
Өс­ке­мен қ., Карл Либ­к­нехт кө­ше­сі,
N 19 үй
(87132)570-144
(87132)570-150
(87132)570-156
(87132)570-154
(87132)570-158
8
Жам­был об­лы­сы­ның бі­лім де­пар­та­мен­ті
Та­раз қа­ла­сы, Бек­тұр­ға­нов көш.
N 6 үй,
инд: 080012
(87262)45-23-34
9
Ба­тыс Қа­зақ­стан
об­лы­сы­ның бі­лім
де­пар­та­мен­ті
Орал қа­ла­сы, С.Ес­қа­ли­ев кө­ше­сі, 72 үй
(87112)260-474
10
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның
бі­лім де­пар­та­мен­ті
Қа­ра­ған­ды қ., А.Әли­ха­нов көш., N 19 үй
(87212)412-243
11
Қо­ста­най об­лы­сы­ның
бі­лім де­пар­та­мен­ті
Қо­ста­най қ., Әл-Фа­ра­би даң­ғы­лы, N 56 үй
(87142)57-53-17
12
Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның
бі­лім де­пар­та­мен­ті
Қы­зы­лор­да қ., Қор­қыт ата, N 24 А үй
13
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның
бі­лім де­пар­та­мен­ті
Ақ­тау қа­ла­сы, 13 ша­ғын аудан, N 47 үй
(87292)42-14-60
(87292)43-51-15
14
Пав­ло­дар об­лы­сы­ның
бі­лім де­пар­та­мен­ті
Пав­ло­дар қа­ла­сы, Қайр­ба­ев кө­ше­сі, N 32 үй
(87182)32-01-61
(87182)32-35-00
15
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
об­лы­сы­ның бі­лім
де­пар­та­мен­ті
Пет­ро­павл қа­ла­сы,
Қа­зақ­стан Кон­сти­ту­ци­я­сы кө­ше­сі, N 58 үй
(87152)36-06-81
(87152)46-94-66
16
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан
об­лы­сы­ның бі­лім
де­пар­та­мен­ті
Шым­кент қа­ла­сы, Рес­пуб­ли­ка даң­ғы­лы, N 12 "а" үй, 9 қа­бат
(87252)50-05-65

Қолданыстағы