О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения
- Атауы (қаз.)
- Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 50
- Қабылданған күні
- 21.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2007 36293_290438.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07KA000067
- ЭКБ идентификаторы
- 36293
- Редакция идентификаторы
- 36293_290438
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:31
0 Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңынын 6 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылңы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қарағанды қаласы оқушыларының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдіктермен жүру 2008 жылға белгіленсін:
1 1) Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда -тегін жүру (2008 жылдың 01 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда);
2
2) жалпы білім беретін оқу орындарынаң, лицейлер мен кәсіптік мектептердің тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларына, колледж оқушыларына (тоғызыншы сыныптың негізінде біріншіден екінші курсқа дейін) – құны 300 теңге тұратын оқушының жол жүру билетін сатып алғанда немесе қазіргі тарифтің 50 пайызын төлеген жағдайда (2008 жылдың 01 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда);
3
3) барлық меншік түріндегі кәсіптік мектептер мен лицейлерде, колледжер (он бірінші сыныптың негізінде) мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын тұлғаларға кұны 1000 теңге тұратын жол жүру билетін сатып алғанда немесе тарифтің 50 пайызын төлеген жағдайда (2008 жылдың 01 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда).
2
2. Барлық меншік түріндегі Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарында, кәсіптік мектептер мен лицейлерде, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде оқитындардың келесі санаттарына қала ішщіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге жеңілдіктер 2008 жылдың жаз мезгілінде (01 маусымнан 31 тамызға дейін) сақталсын:
1 1) жетім балаларға,
2 2) ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға,
3 3) дамуында мүмкіндігі шектелеген балаларға,
4 4) жасынан мүгедек және мүгедек балаларға,
5 5) көп балалы отбасы балаларына,
6 6) ата-анасының бірінен айрылған балаларға,
7 7) жалғыз басты аналар балаларына.
3
3. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының «Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша қоғамдық көлікті (таксиден басқа) жеңілдікпен жұру» 100 кіші бағадарламасы бойынша, «Білім ұйымдарының күндізгі оқу нысанының оқушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау» 6.02.464.008 бағдарламасы бойынша 423 200 мыфң теңге сомасында Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджетінен қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
4
4. III шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 31 қантардағы XLV сессиясының «Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы» № 7 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі № 8-1-50, «Взгляд на события» газетінде 2007 жылғы 16 ақпанда № 19 ( 207) жарияланған).