Об утверждении перечня фондовых бирж, необходимого для применения норм Закона Республики Казахстан "О государственных закупках", а также требований к форме и содержанию документов, предоставляемых ими
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня фондовых бирж, необходимого для применения норм Закона Республики Казахстан "О государственных закупках", а также требований к форме и содержанию документов, предоставляемых ими
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесін, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1292
- Қабылданған күні
- 26.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2015 AI36337_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070001292_
- ЭКБ идентификаторы
- 36337
- Редакция идентификаторы
- AI36337_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:22
0 "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесін, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесі, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 "
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1292 қаулысымен
бекітілген
"
Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесі, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар
1 1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1320 Қаулысымен.
2 2. Қор биржаларының тізбесі:
"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы;
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнаулы сауда алаңы ретінде анықталған қор биржасы;
London Stock Exchange;
Тоkуо Stock Exchange;
New York Stock Exchange;
Australian Stock Exchange;
Frankfurt Stock Exchange.
Әлеуетті өнім берушінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы құжат жазбаша нысанда ұсынылады және осы қор биржасының деректемелерін қамтуға тиіс. Құжат әлеуетті өнім берушілерге қор биржасы хатының түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі түрінде ұсынылады.