Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи занятым и лицам, занятым уходом за детьми в возрасте до семи лет, из числа малообеспеченных, а также безработным, направленным на профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации

Қаулы · № 1587 · қабылданған 22.11.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36365/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи занятым и лицам, занятым уходом за детьми в возрасте до семи лет, из числа малообеспеченных, а также безработным, направленным на профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации Күшін жойған Қаулы ·№ 1587 ·22.11.2007
27.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи занятым и лицам, занятым уходом за детьми в возрасте до семи лет, из числа малообеспеченных, а также безработным, направленным на профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации

Күшін жойған Қаулы ·№ 1587 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи занятым и лицам, занятым уходом за детьми в возрасте до семи лет, из числа малообеспеченных, а также безработным, направленным на профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации
Атауы (қаз.)
Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1587
Қабылданған күні
22.11.2007
Көрсетілген редакция
27.03.2009 AI36365_4.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07NB000092
ЭКБ идентификаторы
36365
Редакция идентификаторы
AI36365_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:47

0 Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7, 19 - баптарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының негiзiнде және жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау бойынша қосымша шаралар белгiлеу мақсатында Рудный қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қосымшаға сәйкес аз қамтылғандар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.

2

2. Рудный қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 409 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-14, 2005 жылғы 22 шілдеде "Рудненский рабочий" газетінде № 57 болып жарияланған) қаулысы күшін жойды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкiмнiң орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Рудный қаласы әкiмдiгiнiң

2007 жылғы 22 қарашадағы
№ 1587 қаулысымен бекітілген
Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға
жiберiлген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi нұсқаулық
барлық мәтін бойынша: "бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлау" сөздері "қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру" сөздерімен ауыстырылды;
"жұмыссыздарға", "жұмыссыздар", "жұмыссызды" сөздері тиісінше "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғанды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамды, сондай-ақ жұмыссызды" сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009.03.27 № 368 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен .

1

1. Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу жеріне жол жүруге арналған шығындарды өтеу бойынша әлеуметтiк көмектi (әрi қарай әлеуметтiк көмек) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі (әрi қарай уәкiлеттi орган) көрсетедi.

2 2. Әлеуметтiк көмек, егер жұмыссыз оқу бiтiрген күннен кейiн бiр ай iшiнде өтiнiш жасаса, төленедi.

3 3. Уәкiлеттi орган осы нұсқаулықтың 1 қосымшаға сәйкес азаматтардың әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi өтінішін қарайды және әлеуметтiк көмектi тағайындау, немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

4 4. Әлеуметтiк көмек алуға уәкiлеттi органда ресми тiркелген және Қазақстан Республикасының (бұдан әрі өтініш беруші) заңнамасына сәйкес шарт жасалған бiлiм беру ұйымдарына кәсiби даярлауға, бiлiктiлiктi арттыруға және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздар құқылы.

5 5. Арыз берушi уәкiлеттi органға жазбаша арыз бередi және әлеуметтiк көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.

6 6. Арыз берушi арызда және құжаттарда көрсетiлген мәлiметтiң толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.

7 7. Әлеуметтiк көмек алуға құқығын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1 1) осы Нұсқаулыққа қоса беріліп отырған 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арыз;

2 2) өтiнiш берушiнiң жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

3 3) емдеу мекемесiнiң медициналық куәландырудан өткенi туралы анықтамасының көшiрмесi және өту үшiн төлеген ақы жөнiндегi төлем құжаты;

4 4) қазіргі жол жүрудің бағасы бойынша оқу жеріне және қайтадан тұру орнына келу бойынша жол жүру құжаттары (оқу жеріне баруға әлеуметтік көмек үшін).

8 8. Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi уәкiлеттi органға салыстыру үшiн тапсырылады. Салыстырғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары арыз берушiге қайтарылады.

9 9. Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi төмендегiнi құрайды:

1 1) тұруға – оқу орнына дейін жүру үшін қалалық және қала маңындағы автокөлікпен тасымалдау қызметтерін пайдалану мүмкіндігі жоқ өтініш берушілер үшін арыз беру сәтіне Қостанай облысында белгіленген күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын;

2 2) тамақтануға – арыз беру сәтіне заңнамамен белгіленген үш айлық есептік көрсеткiші көлемінде ай сайын;

3 3) медициналық куәландыруға – осы Нұсқаулықтың 7–тармағының 3–тармақшасында көрсетiлген құжаттармен расталған тексерудiң бағасы;

4 4) оқу жерiне жол жүруге - осы Нұсқаулықтың 7–тармағының 4–тармақшасында көрсетiлген құжаттармен расталған жол жүрудiң бағасы.

10 10. Уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдi арыз берушi арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейiн 15 күн iшiнде шығарады.

11 11. Әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың болмауы әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тартуға әкелiп соғады.

12 12. Әлеуметтiк көмектi төлеу жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

13 13. Уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн жасап, есептеп, қалалық қаржыландыру органына қаржыландыруға жиынтық өтінімді береді.

Әлеуметтiк көмектi төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң операциялардың тиiстi түрлерiне берiлген лицензиясы бар  ұйымдар арқылы ақша түрiнде жүзеге асырылады.
Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру
және қайта даярлауға жiберiлген
жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек
көрсету жөнiндегi Нұсқаулығына
1-қосымша
Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмекті тағайындау туралы
№ шешім _________________________________________________________________________
(жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның атауы)
_________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
________________________ бастап жұмыссыз деп танылды.
Жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті органның жолдамасымен бастап __________ дейін ________ (оқу орнының атауы) _____________________ мамандық бойынша оқіды.
Жұмыссыз берген және жұмыспен қамту мәселелер жөнінде уәкілетті орган ресімдеген құжаттардың негізінде 200 __ жылғы "____ " бастап 200 __ жылғы "______ " _______ дейін оқу кезеңі бойынша әлеуметтік көмек тағайындалсын:
тамақтануға _________________________________ теңге
тұруға _______________________________________ теңге
медициналық куәландыруға ____________________ теңге
оқу жеріне дейін баруға ________________________теңге
БАРЛЫҒЫ: ____________________________________ теңге
Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту_________________________________________________
(бас тартудың себебін көрсету)
Шешім қабылдаудың күні 200___ жылғы "_______ "___________
"Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
ММ бастығы _______________________________________________
аты – жөні қолы
М.О.
Есепті дайындаған_____________________________________________
лауазымы аты-жөні қолы
Есепті тексерген________________________________________________
лауазымы  аты-жөні қолы
Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру
және қайта даярлауға жiберiлген
жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек
көрсету жөнiндегi Нұсқаулығына
2-қосымша
Жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті органға
_________________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
(арыз берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органның жолдамасымен
______________________________________________________________________________________
(оқу орнының және маманның атауы)
оқитын, ___________________________ (елді мекен, аудан)________________________________
(көше, үй және пәтердің №, телефоны)
мекенжай бойынша тұратын жеке куәлігінің № _________________________________________
______________ берілген жеке шоттың №______________________________________________
Өтініш
Тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға, оқу жеріне жол жүруге шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмекті көрсетуді сұраймын (қажеттінің астын сызу)
Өтінішке белгіленген үлгідегі құжаттарды қоса беріп отырмын.
Кірістің басқа түрлері бар___________________________________________
Жалған ақпаратты және күмәнді (жасанды) құжаттарды бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
200____ жылғы "______ "_____________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттар қабылданды
200_____ жылғы "_____ "_____________
(құжаттарды қабылдаған адамның аты-жөні, қолы)
------------------------------------------------- (кесу сызығы)
Жалған ақпаратты және күмәнді (жасанды) құжаттарды бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
__________________________
(өтініш берушінің қолы)
Азамат ____________ құжаттары ___________ данада қоса беріліп отырған құжаттарымен бірге қабылданды
Құжаттарды қабылдаған адамның аты-жөні, лауазымы __________________ .

Қолданыстағы