О Республиканском государственном предприятии "Госэнергоэкспертиза"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Республиканском государственном предприятии "Госэнергоэкспертиза"
- Атауы (қаз.)
- "Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1065
- Қабылданған күні
- 25.07.1999
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI3637_3.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990001065_
- ЭКБ идентификаторы
- 3637
- Редакция идентификаторы
- AI3637_3
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:00
0 "Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау республикалық басқармасы мекемесi қайта құру жолымен шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi- Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөнiндегi комитетi мемлекеттiк басқарудың органы, сондай-ақ кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсiн.
3 3. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi нысанасы мыналар болып белгiленсiн:
электр энергетикасы және энергия үнемдеу мәселелерi бойынша, оның iшiнде қайта жаңартылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектiлердiң жобалары бойынша белгiленген тәртiппен энергетикалық сараптама жүргiзу және қорытындылар беру;
энергетикалық жабдықтар мен электр және жылу тораптарындағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды, сондай-ақ оларда өндiрiстік жарақат алу жағдайларын тексеру кезiнде оған белгiленген тәртіппен қатысу.
📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.04. N 167 қаулысымен .