Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы послесреднего образования

Бұйрық · № 586 · қабылданған 29.11.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36421/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы послесреднего образования Күшін жойған Бұйрық ·№ 586 ·29.11.2007
15.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы послесреднего образования

Күшін жойған Бұйрық ·№ 586 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы послесреднего образования
Атауы (қаз.)
Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
586
Қабылданған күні
29.11.2007
Көрсетілген редакция
15.01.2013 AI36421_4.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070005029_
ЭКБ идентификаторы
36421
Редакция идентификаторы
AI36421_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:44

0 Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі бекітілсін.

2 2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3 3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ф.Қуанғановқа жүктелсін.

5 Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
N 586 бұйрығымен бекітілген
Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.

2

2. Білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының азаматтары: шетелдік азаматтар және Қазақстан Республикасының заңнамасында, халықаралық шарттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен жасалған келісім-шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар; жалпы орта білімі, техникалық және кәсіптік білімі бар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар қабылданады.
Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар білім беру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады.

3 3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:

1 1) I, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтарды;

2 2) жеңілдектер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарды;

3 3) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарды;

4 4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды;

5 5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдау үшін квота қарастырылады.

4 4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар азаматтар мамандықтарына мәндес мамандықтар бойынша қысқартылған мерзіммен оқуға қабылданады.

Аталған санаттағы тұлғалар үшін түсу емтихандары пәндерінің тапсыру нысаны мен тізбесін оқу орындары белгілейді.

5

5. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік білімнің жекеленген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсат бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

2 2. Қабылдауды ұйымдастыру

6 6. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясы құрылады.

7 7. Білім беру ұйымдары қабылдау комиссияларының өңірлерге барып азаматтарды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыруы құрылтайшының келісімі бойынша шешіледі.

8 8. Қабылдау ережелері, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссияларының шешімі, түсу емтихандарын өткізу жөніндегі кесте туралы ақпарат, оқуға түскені туралы нәтижелер уақытылы оқуға түсушілердің назарына қабылдау комиссиясы жеткізеді.

9 9. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау 20 маусымнан бастап 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусымнан 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

Оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыздан бастап 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыздан 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.

10

10. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішке қосымша оқуға түсушілер білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері N 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін сараптама медициналық-әлеуметтік тұжырымды), 3x4 көлемдегі 4 суретті, ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы сертификатты (бұдан әрі - ҰБТ сертификаты) немесе кешенді тестілеудің сертификатын қоса береді. Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттары (төлқұжаты немесе тууы туралы куәлігі) жеке ұсынылады.
Оқытудың нысандары бойынша және шарттық негізде (ақылы) оқуға түсушілерден түскен өтініштер жеке тіркеледі және ескеріледі.

11 11. Түсу емтихандары:

- жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімі бар азаматтар үшін (шетелде өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын халықаралық оқушыларды алмасу желісі бойынша оқыған жалпы орта білім беру ұйымдарына, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарына мәндес емес мамандықтар бойынша түскен техникалық және кәсіптік ұйымдарды) ағымдағы жылғы бітірушілер, сондай-ақ өткен жылдардағы бітірушілер) жалпы орта білім беру бағдарламаларының көлемінде үш пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) жүргізіледі.
Мамандық бейіні бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.

12

12. 11-тармақта көрсетілген жалпы орта білімі бар азаматтар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар азаматтар үшін мәндес мамандықтар бойынша қысқартылған мерзіммен оқуға түсу кезінде: тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды білім беру ұйымы белгілейді. Білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсыруын таңдауға құқылы.

13 13. Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

1

1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының саны 30; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін тез арада ілінеді; тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;

2 2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: "3" - 10 балл, "4" - 20 балл, "5" - 30 балдарға ауыстырады.

14 14. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.

Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға береді.
Апелляция түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін бір тәулік ішінде қабылдау комиссиясына беріледі және өтініш берушінің қатысуымен аппеляциялық комиссияда қаралады.

15 15. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.

3 3. Білім алушылар құрамына қабылдау

16

16. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруі және орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеруге неғұрлым қабілетті және даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс.
Білім беру ұйымдарына қабылдау оқытудың күндізгі нысанына 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында, оқытудың кешкі және сырттай нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында конкурстық негізде өткізіледі.

17 17. Конкурс:

ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) сертификаттарының балдары негізінде:
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде;
пәндер немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелерінен алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ-да немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің балдар сомасы ескеріледі.
Білім алушылар құрамына қабылдану конкурсын қатысуға:
жалпы орта білімі барлар үшін үш пәннен 30 балдан кем, медицина мамандықтары бойынша 40 балдан кем, оның ішінде бейінді пән бойынша 20 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

18 18. Орта білімнен кейінгі кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдануға конкурс өткізу кезінде:

1 1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың;

2

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтар олимпиадаларының, конкурсының немесе спорттық жарыстардың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткізу кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, I және II топтағы мүгедектердің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғалардың, медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыларына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қайшы келмейтін бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары бар (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) азаматтардың (растайтын құжаттар болған жағдайда) айрықша құқығы бар.

19 19. Білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілдері бойынша бөлек қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.

20 20. Осы Ережемен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымына оқуға қабылдау тәртібі білім беру ұйымының құрылтайшысымен немесе құрылтайшыларымен (мемлекеттік басқару органымен) белгіленеді.

37 Ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің Орта
білімнен кейінгі білімнің
кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі ережесіне 1-қосымша
Ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандықтардың тізбесі
РК Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру ма­ман­дық­та­ры-
ның ко­ды
Бі­лім­нің бей­і­ні Ма­ман­дық­тар-
дың ата­уы
Бі­лік­ті­лі­гі
Ор­та бі­лім-
нен кей­ін­гі
бі­лім бе­ру
ұй­ым­да­ры­ның
бі­лім бе­ру
оқу бағ­дар-
ла­ма­ла­рын
мең­ге­ру­дің
нор­ма­тив­тік
мер­зі­мі
(жыл,ай)
Жал­пы ор­та
бі­лім бе­ру
ба­за­сын­да
1
2
3
4
0200000 Құқық ма­ман­дық­та­ры
0201002
Құқық­та­ну
0201012
Ха­лық­ты әле­умет­тік
қор­ғау жө­нін­де­гі
ма­ман
1 жыл 10 ай
0201022 (0205012)
Заң­гер
1 жыл 10 ай
0202002
Құқық қор­ғау қыз­ме­ті
0202012
Заң­гер
1 жыл 10 ай
0300000 Бі­лім бе­ру ма­ман­дық­та­ры
0315002
Бей­не­леу өне­рі және
сы­зу
0315012
Негіз­гі ор­та бі­лім
бе­ру­дің бей­не­леу
өне­рі және сы­зу
мұ­ға­лі­мі
1 жыл 10 ай
0318002
Тех­но­ло­гия
0318012
Негіз­гі ор­та бі­лім
бе­ру­дің тех­но­ло­гия
мұ­ға­лі­мі (ең­бек­ті
өл­шеу жө­нін­де­гі
нұс­қа­у­шы)
1 жыл 10 ай
0322002
Саз­дық бі­лім бе­ру
0322012
Негіз­гі ор­та бі­лім
бе­ру­дің саз
мұ­ға­лі­мі
1 жыл 10 ай
0310002
Дене тәр­би­е­сі
және спорт
0310012
Негіз­гі ор­та бі­лім
дене тәр­би­е­сі
мұ­ға­лі­мі
1 жыл 10 ай
0310022
Спорт жө­нін­де­гі тре­нер-оқы­ту­шы
1 жыл 10 ай
0313002
Кә­сіп­тік оқы­ту (са­ла
бой­ын­ша)
0313022
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы
өн­ді­рі­сі­нің
өн­ді­рі­стік оқы­ту
ше­бе­рі
1 жыл 10 ай
0313032
Ав­то­мо­биль кө­лік-
те­рін жөн­деу және
қыз­мет көр­се­ту жө-
нін­де­гі өн­ді­рі­стік
оқы­ту ше­бе­рі
1 жыл 10 ай
0313052
Тігін өн­ді­рі­сі­нің өн­ді­ру өн­ді­рі­стік оқы­ту ше­бе­рі
1 жыл 10 ай
0313062
Та­мақ өнім­де­рі жө­нін­де­гі өн­ді­ріс-
тік оқы­ту ше­бе­рі
1 жыл 10 ай
0313072
Кең бей­ін­ді өн­ді­рі­стік оқы­ту ше­бе­рі
1 жыл 10 ай
0313082
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өн­ді­рі­сін ме­ха­ни-
за­ци­я­лау жө­нін­де­гі
өн­ді­рі­стік оқы­ту
ше­бе­рі
1 жыл 10 ай
0313102
Есеп­теу тех­ни­ка­ла-
ры­ның бағ­дар­ла­ма-
лық жа­сақ­та­ма
жө­нін­де­гі өн­ді­ріс-
тік оқы­ту ше­бе­рі
1 жыл 10 ай
0313112
Дәне­кер­леу өн­ді­рі-
сі жө­нін­де­гі өн­ді-
рі­стік оқы­ту ше­бе­рі
1 жыл 10 ай
0313122
Қай­та өң­де­у­ші зат-
тар­дың тех­но­ло­гия-
сы жө­нін­де­гі өн­ді-
рі­стік оқы­ту
ше­бе­рі
1 жыл 10 ай
0314002
Ба­ста­уыш бі­лім бе­ру
0314012
Ба­ста­уыш бі­лім бе­ру­дің мұ­ға­лі­мі
1 жыл 10 ай
0314022
Ба­ста­уыш бі­лім бе­ру­дің ин­фор­ма­ти-
ка мұ­ға­лі­мі
1 жыл 10 ай
0314032
Ба­ста­уыш бі­лім бе­ру­дің ше­тел ті­лі­нің мұ­ға­лі­мі
1 жыл 10 ай
0324002
Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның ла­бо­ран­ты
0324012
Ла­бо­рант (пән­дер бой­ын­ша)
1 жыл 10 ай
3700000-Ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар
3707002
Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер
(қол­да­ну
ай­мақ­та­ры
бой­ын­ша)
3707012
Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер
ма­ма­ны (са­ла­лар
бой­ын­ша)
1 жыл 10 ай
0400000-Ме­ди­ци­на­лық ма­ман­дар
0401002
Ем­деу ісі
0401012
Фельд­шер
2 жыл 10 ай
0401022
Аку­шер
2 жыл 10 ай
0402002
Мед­би­ке ісі
0402012
Жал­пы прак­ти­ка­ның мед­би­ке­сі
2 жыл 10 ай
0402022
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мед­би­ке
2 жыл 10 ай
0403002
Ги­ги­е­на және эпи­де­мио­ло­гия
0403012
Ги­ги­е­на­шы-эпи­де­ми-
олог
2 жыл 10 ай
0404002
Сто­ма­то­ло­гия
0404012
Тіс дә­рі­ге­рі­нің кө­мек­ші­сі
2 жыл 10 ай
0405002
Ла­бо­ра­то­рия-
лық ди­а­гнос-
ти­ка
0405012
Ме­ди­ци­на­лық ла­бо­рант
2 жыл 10 ай
0406002
Фар­ма­ция
0406012
Фар­ма­цевт
2 жыл 10 ай
0500000-Мал дә­рі­ге­рі
0501002
Мал дә­рі­ге­рі
0501012
Фельд­шер-мал дә­рі­ге­рі
1 жыл 10 ай
0501022
Мал­дә­рі­гер­лік са­ни­тар
1 жыл 10 ай
0502002
Ла­бо­ра­то­рия-
лық іс
0502012
Мал­дә­рі­гер­лік фельд­шер-ла­бо­рант
1 жыл 10 ай
0503002
Мал дә­рі­гер-
лік іс
0503012
Мал­дә­рі­гер­лік фельд­шер-ин­спек­тор
1 жыл 10 ай
0700000-Эко­но­ми­ка­лық ма­ман­дық­тар
0701002
Ста­ти­сти­ка
0701012
Ста­тист
1 жыл 10 ай
0703002
Қар­жы­лар (са­ла­лар бой­ын­ша)
0703012
Қар­жы­гер
1 жыл 10 ай
0703022
(0716002)
Банк ісі ма­ма­ны
1 жыл 10 ай
0703032
(0720002)
Қар­жы құқы­ғы ма­ма­ны
1 жыл 10 ай
703042
(0708002)
Бир­жа ісі ма­ма­ны
1 жыл 10 ай
0703052
(0718002)
Сақ­тан­ды­ру ісі ма­ма­ны
1 жыл 10 ай
0705002
Есеп және аудит (са­ла­лар бой­ын­ша)
0705012
Бух­гал­тер-ауди­тор
1 жыл 10 ай
0705022
Эко­но­мист-бух­гал-
тер
1 жыл 10 ай
0711002
Эко­но­ми­ка
(са­ла­лар бой­ын­ша)
0711012
Эко­но­мист
1 жыл 10 ай
0712002
Ме­недж­мент
(са­ла­лар бой­ын­ша)
0712012
Ме­не­джер
1 жыл 10 ай
0800000-Қыз­мет көр­се­ту ма­ман­дық­та­ры
830102
Қыз­мет көр­се­ту ұй­ы­мы
0830112
Қыз­мет көр­се­ту са­ла­сы­ның ме­не­дже­рі
1 жыл 10 ай
0830122
(0833002)
Қо­ғам­дық та­мақ­тан-
ды­ру ме­ке­ме­ле­рі­нің
ме­не­дже­рі
1 жыл 10 ай
0830132
(0829012)
Қо­нақ үй биз­не­сі-
нің ме­не­дже­рі
1 жыл 10 ай
0830142
(0829022)
Ту­ризм жө­нін­де­гі
ме­не­джер
1 жыл 10 ай
0831002
Мар­ке­тинг
(са­ла­лар бой­ын­ша)
0831012
Мар­ке­то­лог
1 жыл 10 ай
0831022 (0706012)
Та­у­ар­та­ну­шы-
са­рап­шы
1 жыл 10 ай
0832002
Аудар­ма ісі
0832012
Ре­фе­рент
1 жыл 10 ай
0204002
Әле­умет­тік
жұ­мыс
0204012
Әле­умет­тік
жұ­мыстар
жө­нін­де­гі ма­ман
1 жыл 10 ай
0713002
Ба­ға­лау
(қол­да­ну
ай­мақ­та­ры
мен са­ла­лар
бой­ын­ша)
0713012
Ба­ға­ла­у­шы-
са­рап­шы
1 жыл 10 ай

38 Орта білімнен кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарында білім алуға түсу емтихандары үшін орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандары даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі.

Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің Орта
білімнен кейінгі білімнің
кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі ережесіне 2-қосымша
Орта білімнен кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарында білім алуға түсу емтихандары үшін орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандары даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі.
Ко­ды
Ма­ман­дық-
тар­дың
ата­уы
Бі­лік­ті­лі­гі
Жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ба­за­сын­да­ғы бей­ін пәні­нің ата­уы
1
2
3
4
0200000 Құқық ма­ман­дық­та­ры
0201002
Құқық­та­ну
Дү­ни­е­жү­зі­лік та­рих
0202002
Құқық қор­ғау
қыз­ме­ті
Дү­ни­е­жү­зі­лік та­рих
0300000 Бі­лім бе­ру ма­ман­дық­та­ры
0315002
Бей­не­леу
өне­рі және
сы­зу
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
0318002
Тех­но­ло­гия
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
0322002
Саз­дық бі­лім
бе­ру
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
0310002
Дене
тәр­би­е­сі және спорт
Пре­зи­дент­тік тест
Ар­найы ем­ти­хан
0313002
Кә­сіп­тік
оқы­ту (са­ла
бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
0314002
Ба­ста­уыш бі­лім бе­ру
Ма­те­ма­ти­ка
0324002
Бі­лім бе­ру
ұй­ы­мы­ның
ла­бо­ран­ты
Ма­те­ма­ти­ка
3700000 - Ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар
3707002
Ақ­па­рат­тық
жүй­е­лер
(қол­да­ну
ай­мақ­та­ры
бой­ын­ша)
Фи­зи­ка
0400000 - Ме­ди­ци­на­лық ма­ман­дық­тар
0401002
Ем­деу ісі
Био­ло­гия
0402002
Мед­би­ке ісі
Био­ло­гия
0403002
Ги­ги­е­на және
эпи­де­мио­ло-
гия
Био­ло­гия
0405002
Ла­бо­ра­то­ри-
ялық
ди­а­гно­сти­ка
Био­ло­гия
0406002
Фар­ма­ция
Хи­мия
0500000 - Мал дә­рі­ге­рі
0501002
Мал дә­рі­ге­рі
Био­ло­гия
0502002
Ла­бо­ра­то­рия-
лық іс
Био­ло­гия
0503002
Мал дә­рі­гер-
лік іс
Био­ло­гия
0700000 - Эко­но­ми­ка­лық ма­ман­дық­тар
0701002
Ста­ти­сти­ка
Ма­те­ма­ти­ка
0703002
Қар­жы­лар
(са­ла­лар
бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
0705002
Есеп және
аудит (са­ла­лар
бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
0711002
Эко­но­ми­ка
(са­ла­лар
бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
0712002
Ме­недж­мент
(са­ла­лар
бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
0800000 Қыз­мет көр­се­ту ма­ман­дық­та­ры
0830102
Қыз­мет
көр­се­ту
ұй­ы­мы
Ма­те­ма­ти­ка
0831002
Мар­ке­тинг
(са­ла­лар
бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
0832002
Аудар­ма ісі
Ше­тел ті­лі
0204002
Әле­умет­тік жұ­мыс
Қа­зақ­стан та­рихы
0713002
Ба­ға­лау (қол­да­ну ай­мақ­та­ры мен са­ла­лар бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка

Қолданыстағы