Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы государственного учреждения "Баянаульский государственный национальный природный парк"

Қаулы · № 1305 · қабылданған 27.12.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36461/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Некоторые вопросы государственного учреждения "Баянаульский государственный национальный природный парк" Қолданыста Қаулы ·№ 1305 ·27.12.2007
04.09.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы государственного учреждения "Баянаульский государственный национальный природный парк"

Қолданыста Қаулы ·№ 1305 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы государственного учреждения "Баянаульский государственный национальный природный парк"
Атауы (қаз.)
"Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1305
Қабылданған күні
27.12.2007
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI36461_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001305_
ЭКБ идентификаторы
36461
Редакция идентификаторы
AI36461_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:20

0 "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және ерекше қорғауды талап ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Павлодар облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Павлодар облысы Баянауыл ауданының босалқы жер санатынан жалпы алаңы 17764,8 гектар жер учаскелері алынсын және осы қаулыға қосымшаға сәйкес олар тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің»"Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.

2 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері босалқы жер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар»"мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекарасын белгілесін.

4 4. Павлодар облысының әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салып және (немесе) шектеу қоя отырып, мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.

5 5. Мекеменің жер пайдалануындағы жалпы алаңы 50688 гектар жер учаскелері орман қоры жерлерінің санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар "мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын.

6 6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға Павлодар облысы Баянауыл ауданының аумағында берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1305 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға Павлодар облысы Баянауыл ауданының аумағында берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
Жер­лер са­на­ты
Ала­ңы, га
Ба­я­на­уыл ауда­ны:
босал­қы жер
оның ішін­де: жай­ы­лым­дар
бас­қа жер­лер
17764,8
11411,6
6353,2
Бар­лы­ғы:
17764,8

Қолданыстағы