Құжат мәтініне өту

Об определении мер государственной поддержки категорий отечественных потенциальных поставщиков

Қаулы · № 1353 · қабылданған 29.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36474/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении мер государственной поддержки категорий отечественных потенциальных поставщиков Күшін жойған Қаулы ·№ 1353 ·29.12.2007
11.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мер государственной поддержки категорий отечественных потенциальных поставщиков

Күшін жойған Қаулы ·№ 1353 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мер государственной поддержки категорий отечественных потенциальных поставщиков
Атауы (қаз.)
Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1353
Қабылданған күні
29.12.2007
Көрсетілген редакция
11.05.2014 AI36474_14.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001353_
ЭКБ идентификаторы
36474
Редакция идентификаторы
AI36474_14
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:18

0 Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 44-бабына сәйкес, отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы (бұдан әрі - номенклатура) бекітілсін.

2

2. Номенклатурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, қызметтерді отандық өнім берушілер мен отандық кәсіпкерлер арасында осы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің 100 пайызы көлемінде жүргізіледі.
Осы талап номенклатурада көрсетілген және тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорына енгізілген біртекті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қатысты қолданылады.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар номенклатурада қамтылған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорына енгізілген тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сәйкес келетін талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларына сипаттау және нұсқау жүргізеді.

2-1

2-1. Егер осы қаулының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, онда номенклатурада көзделген және қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге әлеуетті өнім берушілер арасында жүргізіледі.

3 3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1353 қаулысымен
бекітілген
Отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы

1 1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.03.17 № 214 Қаулысымен.

2 2. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар:

1 1) үлбірден (табиғи, жасанды) тігілген киімдер және оның керек-жарақтары, үлбірден тігілген бас киімдер;

2 2) трикотаж өнеркәсібінің өнімдері;

3 3) тігін бұйымдары, арнайы және нысанды киім-кешектер;

4 4) аяқ киім;

5 5) аяқ киім майы;

6 6) тұрмыстық, мектеп және офистік жиһаз;

7 7) құрылыс материалдары:

тұсқағаз қағазы (тұсқағаздар) және басқа да қабырға жабындары;
едендерге төселетін, пештерді қаптайтын тақталар;
кесілген ағаш материалдары;
ағаш бұйымдары;
шыны пакеттер;
санфаянс;
пенопластикалық тақталар;
пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есіктер, табалдырықтар, терезелер, кәсектер, терезе қақпақтары);
табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдары, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсейтін материалдар (қиыршық тастар, ұсақ тастар);
полиэтилен құбырлары;
жылу сақтайтын материалдар;
еден жабуға арналған линолеум және басқа да полимер материалдар;
шегелер;
қыш тақтайша және тақталар;
қыш, силикат әрлегіш кірпіш;
қыш, силикат, күл-қыш кірпіш;
табиғи, кварц құм;
шыны блоктар;
полиэтилен, шыны пластикалық, пластмасса, бетон, болат құбырлар;
лак-бояу материалдары;
керамогранит;
жоғары сапалы сүректен жасалған терезелер мен есіктер;
құрғақ құрылыс қоспалары;
металдан жасалған санитарлық-техникалық бұйымдар мен материалдар;
жылу радиаторлары;
жабын және су оқшаулағыш материалдар;
құрылыс битумы;
керіштен жасалған картон;
ұтқыр ғимараттар;
жоңқалы сүрек, талшықты сүрек, цементті-жоңқалы тақталар;
сэндвич-панельдер;
темір-бетон және бетон бұйымдары мен құрастырмалары;
армирленбеген бетоннан жасалған бұйымдар;
ұяшықты бетоннан және пенобетоннан жасалған қабырға блоктары, термоблоктар;

8 8) алюминийден, резеңкеден жасалған бұйымдар;

9 9) байланыс құралдары, кабель және шығыс материалдары;

10 10) жууға арналған заттар;

11 11) ағаштан, қыштан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар;

12 12) музыкалық аспаптар;

13 13) медициналық мақсаттағы бұйымдар, жабдықтар және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы құралдар;

14 14) су тұшыту жабдығы;

15 15) дәрілік заттар мен дәрілік препараттарды өндіруге арналған минералдық шикізат;

16 16) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.22 N 756 Қаулысымен.

17 17) жер бетіндегі органикалық заттар;

18 18) ұйымдастыру техникасы, қосалқы бөлшектер және оларға бағдарламалық қамтамасыз ету;

19 19) қой терісінен жасалған бұйымдар;

20 20) қаракөл, қаракөл терісінен жасалған бұйымдар;

21 21) киізден жасалған бұйымдар;

22 22) шыныдан жасалған тұрмыстық бұйымдар;

23 23) пластмассадан жасалған тұрмыстық бұйымдар;

24 24) қол өнершілер бұйымдары;

25 25) бау-бақша, бақша құралдары;

26 26) былғарыдан жасалған бұйымдар;

27 27) спорт тауарлары;

28 28) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.22 N 756 Қаулысымен.

29 29) дайын тоқыма бұйымдары;

30 30) өрт сендіргіштер;

31 31) орталық жылу қазандықтары;

32 32) кір жуатын орынға арналған кір жуғыш машиналар;

33 33) минералды тыңайтқыштар;

34 34) электротехникалық бұйымдар;

35 35) автокөлік құралдары:

жеңіл автомобильдер;
жүк автомобильдері;
жолаушылар автобустары;

36 36) өлшеу құралдары;

37 37) кәбілдік-өткізгіш өнімдер;

38 38) мүгедектерге арналған кресло-арбалар;

39 39) жылжымалы өрт сөндіру техникасы және арнайы өрт сөндіру автомобильдері;

40 40) жылу сорғы қондырғылары;

41 41) су себетін және жуатын машиналар;

42 42) вакуумды машиналар;

43 43) қоқыс тасығыштар;

44 44) доңғалақты тракторлар;

45 45) трансформаторлар.

3 3. Жұмыстар мен қызметтер:

1 1) ағымдық жөндеу бойынша құрылыс жұмыстары;

2 2) автомобиль техникасын жөндеу;

3 3) көліктік-экспедициялық;

4 4) күрделі тұрмыстық-техниканы жөндеу;

5 5) ғұрыптық;

6 6) қоғамдық тамақтандыру қызметі;

7 7) тұрмыстық (монша-кір жуу, химиялық тазалау);

8 8) ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету жөніндегі қызметтер;

9 9) киімдер (арнаулы киімдер) және аяқ киім тігу және жөндеу;

10 10) суретке түсіру қызметтері;

11 11) мемлекеттік маңызды емес белгілер, марапаттау кубоктары, вымпелдер, жалаулар дайындау;

12 12) былғары, пластмасса және металл галантерияларын жөндеу;

13 13) балалар мен мектеп мекемелері үшін тамақ өнімдерін жеткізіп беру;

14 14) аударма ісі қызметтері;

15 15) мөртабан-мөр және жібек жазба;

16 16) жарнамалық-ақпараттық және баспа қызметтері;

17 17) әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы ғарыш аппараттарының Ku- жиілік диапазонындағы транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер;

18 18) «KazSat» әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы ғарыштық байланыс жүйесін пайдалану арқылы Ku-жиілік диапазонында тіркелген спутниктік байланысты қолдануды көздейтін байланыс және (немесе) телерадиохабар тарату қызметтері.

Қолданыстағы